64
"
Х
ИЛФУЛ-ФУДУЛ" ҚОҒАМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Мұхаммед (с.а.у.) жиырма жаста...
Араб қоғамы әбден азған. Сәл
нәрседен ұрыс-төбелес шығып, адам
қанын ағызу шыбын өлтірген құрлы болмай қалған. Тайпа, ру арасындағы
дұшпандық
өрши
түскен.
Болмашы
себептен
басталған
керісті
ушықтырғандар небір хайуандық әрекеттерге барған. Әсіресе, өткен-кеткен
жолаушыларға шабуылдау, мал-мүлкін
тартып алып, өзін өлтіру немесе
өлімші етіп сабау жергілікті халықтың әдетіне айналған. Әлсізге әлімжеттік
жасау мақтан болған. Әрине, мұнан ары қарай осылайша жалғаса беруі
мүмкін емес еді.
Қалайда алдын алу, тоқтату керек-ті. Ақ-қараны ажырата
білетін жандардың жанын жегідей жеген жайт осы болатын.
Күн артынан күн өтті. Бірде Йеменнің Забид тайпасынан келген
біреудің түйеге тиелген дүние-мүлкін Меккенің мықтысы Ас ибн Уайл
тартып алады. Жәбірленуші айналасындағы
жұрттан көмек сұрап
жалбарынса да, оған ешкім мойын бұрмайды.
Ақыры болмаған соң ол Әбу Құбайыс тауының басына шығып жапа
шеккендігін айтып, айқайлап құрайыштықтарды жәрдемге шақырды.
Құрайыш ақсақалдары ары қарай үнсіз қалудың ұят боларын ұғып, амалын
қарастыруды ұйғарды. Осы мақсатпен Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.)
көкесі
Зүбәйір Меккенің алдыңғы қатарлы үлкендерін жинап, Абдуллаһ ибн Жуда
қарияның үйінде бас қосып, бетімен кеткен бейбастақтыққа тосқауыл қою
жолдарын кеңеседі.
Хашим, Мүтәліп, Зухра, Әсет, Харис, Тәйім
руының бас көтерерлері
мәселелерді талқылай келе "Хилфул-Фудул" атты қоғам құрады. Алғашқы
мәжілісте төмендегідей шешім қабылданады.
1. Меккеде, мейлі жергілікті халықтан немесе сырттан келгендерден
болсын, ешкім залымдықтың құрбаны болмайды.
2. Мұнан былай қастандық атаулы жойылады,
жәбірлеушілер тиісті
жазасын алады.
3. Жапа шеккендерге құн төленеді.
Қоғам мүшелері осы қаулыны орындайтындықтарына бірауыздан ант етті:
"Теңіздің суы кеуіп, шөлге айналғанша, Хира мен Сәбир таулары жермен-
жексен
болғанша, Қағбадағы истилам
(Қағбаны тауап ету кезінде қасиетті қара тасты сүю немесе
қол тигізу Дәстүрі)
ғибадаты жойылғанға дейін осы сертімізден таймаймыз."
Қоғамның атауына келер болсақ, хилф - ант,
уәде дегенді білдіреді, ал
фудул - фазылдар, яғни дәріптелгендер. Сонда "дәріптелгендердің анты" боп
шығады. Дәріптелгендердің алдымен қолға алған ісі - забидтік жапа
шегушінің дүние-мүлкін Ас ибн Уайлден қайтарып алып беру.
Сүйікті пайғамбарымыз жастығына қарамастан осы мәжіліске
қатысады. Бұл - пайғамбардың сол шақта-ақ келелі пікір иесі, әлсіздердің,
жәбір-жапа көргендердің жақтаушысы екендігінің белгісі.
65
Мейірім мен рақымдылықтың үлгісі болған
оның тұла бойы тұнған
адамгершілік пен көркем мінез-құлықтың, әсем қасиеттердің өнегесі еді. Ол
дүниеге, өз сөзімен айтқанда, парасатты паш ету үшін жіберілген-тін.
Кейінірек "дәріптелгендердің антын" еске алғанда "Абдуллаһ ибн
Жуданың үйіндегі ант беру рәсімінде мен де бар едім. Сол мәжіліс мен үшін
дүние-мүлікке ие болғаннан әлдеқайда артық" - деген.
Достарыңызбен бөлісу: