Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Ер адамның әйеліне күш қолданып қатал болуының себебі не? 

Әйелге күш көрсету еркектің өзіне деген сенімінің аздығын байқатады. Мұндай тип адамдарда 

тізгіннен  немесе  беделден  айырылып  қаламын  ба  деген  қорқыныш  бар,  сол  себепті  күш 

қолдануға көбірек жүгінеді. Ерінің әйеліне күш көрсетуі кейде басқалардың айтақтауы себепті 

де жүзеге асады. Мысалы, бір адамның екінші бір адамға: «Әйеліңнен қорқасың ба не? Тізгінді 

беріп  қойғансың  ба?»  –  деген  сынды  келемеж  сөздері  нәтижеде  ер  адамның  әйеліне  күш 

көрсетуіне апаруы мүмкін.  

Негізінде, отбасында, жалпы өмірде беделге ие болу күшпен өлшенбейді. Күш қолдану арқылы 

адамды  белгілі  бір  уақыт  бағындыруға  болады,  бірақ  күш  сарқылған  кезде  әлгі  адам  сізден 

теріс айналып кете барады. Күш қолдану арқылы кісі шынайы құрметке бөленбейді. Сізді біреу 

қорыққанынан сыйлауы мүмкін, бірақ ол адамның жүрегін жаулап ала алмайсыз.  

Нағыз беделді, абыройға ие адам – өзі көрінбесе де көлеңкесімен-ақ басқаға әсер ете алатын 

адам.  

Отбасылық өмірде әйел адамдардың көбі осы проблемамен бетпе-бет келіп жатады. Отбасы – 

беделге, атақ-абыройға жету үшін құрылған майдан алаңы емес қой! Отбасы – өзара түсіністік 

пен  ерлі-зайыптылардың  бір-біріне  махаббат  танытуы,  өзара  қамқорлық  ету  арқылы  өз 

болашағын баянды етумен қатар, қоғам келешегін құру.  

Осындай проблеманың қалай алдын алуға болады? 

Алдымыздағы адамның ашулануының түп негізін аңғара білсек, отбасылық жанжалдың алдын 

алуға болады. Ол үшін: 

Бірінші: адамды түсінуге тырысу қажет.  

Екінші:  жасаған  қателігі  себепті  адамның  басқаны  емес  өзін  кінәлі  сезінуіне  жағдай  жасау 

керек. Яғни сіз күйеуіңіздің қателігін саналы түрде қабыл етіп, түзетуіне мұрсат бересіз. Бұл 

жердегі  маңыздысы  –  бірден  бетіне  басып  кінәлап  жібермеңіз.  Себебі  ер  адамның  қатты 

қаламайтын нәрсесі – әйелінің алдында кемшілігінің бетіне басылғаны.  

Үшінші: еріңіздің ісі шариғатқа қайшы болмаса, әрдайым қолдап отыруға тырысыңыз. Себебі 

«Сенікі дұрыс, ісіңіз бен сөзіңіз орынды» деп айту кей кездері «Сені сүйемін!» деген сөзден 

артығырақ. 

Есте сақтаңыз: 

Күш  қолданудың  түрлері  физикалық,  психологиялық,  моральдық  тұрғыдан  болады.  Ер  кісі 

өзіне  деген  сенім  мен  құрметті  жоғалтып  алмау  мақсатында  және  сынға  ұшырап  алғашқы 

соққының алдын алу үшін физикалық күшке жиі жүгінеді. Тізгінді қолдан шығарып аламын ба 

деген  қорқыныш  –  ер  адамды  қатты  мазалайтын  нәрсенің  бірі.  Егер  өскен  ортасы  күш 

қолдануды  ерсі  санамайтын  орта  болса,  тіптен  қиын.  Мұндайлар,  яғни  түзде  періште,  үйде 

хайуан секілді еркектер аз емес қоғамда.  

Зерттеулер  нәтижесі  ерлі-зайыптылардың  бір-біріне  көңіл  бөліп,  бірге  уақыт  өткізуі,  ортақ 

шешім  қабылдап  бір-біріне  мақтау  сөз  айтуы,  діни  мәселелерді  бөлісіп  отыруы  бұл 

проблеманың алдын алатынын көрсетуде.  



Орынсыз ақыл айту 

Кейде әйел кісі еріне деген ыстық ықыласы себепті жәрдем беру мақсатында оған бойындағы 

кемшіліктерді  тізбектеп  береді.  Бұл  –  әйелдің  табиғатына  тән  нәрсе.  Әйел  өзінің  бұл  ісін 

күйеуімді қорғап жатырмын деп түсінеді. Бұл – жақсы ниеттен туған қателік. Себебі ер кісіге 

бұл ауыр тиеді. «Әйелім маған не істеу керектігін де үйрете бастады ма?» деген ойға баруы 



35 

 

мүмкін.  Егер  арада  «бойымыздан  қандай  да  бір  кемшілік  көрген  жағдайда  бір-бірімізге 



ескертіп  тұрайық»  деген  келісім  жасалған  болса,  ешқандай  ағаттығы  жоқ  және  проблема 

тудыра қоймайды.  

Ері қаламай немесе айтпай, әйелі осындай қадамға баратын болса, арада іштей реніш туындауы 

мүмкін. Мұндай жағдай ер кісіде әйелінің алдында өзіне деген сенімсіздігін оятады. Күйеуінде 

«не істейтінін білмейтін, жолы болмағыр, ынжық т.б.» сынды сезімдерді оятқан әйел ер адамды 

түсінбейді  деген  сөз.  Әйел  кісі  ерінің  бойына  өзіне  деген  сенімді,  өзінің  қорғаны,  сүйеніші 

екенін  ұялатып,  «тізгін  өз  қолымда»  деген  сезімін  оята  білсе,  оған  оп-оңай  көп  нәрсені 

орындата алады. 

Бұл жерде  ескеретін бір мәселе:  әйел адамның еріне мүлдем ақыл-кеңес айтуына болмайды 

деген  ұғым  қалыптаспау  керек.  Себебі  әр  адамның  өзіндік  ой-пікірі  және  еркіндігі  бар. 

Мұндағы айтылып отырған мәселе – әйелдің жөн-жосықсыз ерін сынап, ақыл айта бермеуі. Ең 

дұрысы  –  күйеуіңіз  сізден  ақыл-кеңес  сұраған  кезде  аянып  қалмау.  Әрине,  арадағы  әдепті 

сақтай  отырып.  Ер  кісінің  де  әйеліне  деген  құрметін  білдіру  мақсатында  жиі  ақылдасып 

отырғаны жөн. Сонда барып арада әдемі байланыс орнайды.  

Тақырыпқа қосымша 

Алла елшісі Хұдайбияда мүшріктермен бейбіт келісімге қол қойып, маңызды істі бітіргеннен 

кейін сахабаларына:  «Енді  не тұрыс, құрбандық шалып, шаштарыңды алдырыңдар»,  –  деді. 

Асхабтан ешкім қозғалмады. Пайғамбарымыз екінші рет қайталады. Сахабаларда үн жоқ. Алла 

елшісі үшінші рет бұйырды. Тағы тым-тырыс. Бірнеше рет берілген бұйрық нәтижесіз қалды. 

Мән-жайдың байыбына бара алмаған Пайғамбарымыз ақ некелісі Үммі Сәламаға барды. «Уа, 

Үммі Сәлама! Не болған мына халқыма? «Құрбандықтарыңды шалып, шаштарыңды алыңдар» 

деп қайта-қайта айттым. Ешбірі отырған орнынан қозғалар емес», – деді. Ақыл-парасатының 

үстемдігімен ерекшеленетін Үммі Сәлама бұл жолы да қарап қалмады. «Уа, Алланың елшісі! 

Егер осы айтқандарыңыздың жүзеге асуын қаласаңыз, далаға шығыңыз да, ләм-мим деместен 

өз  құрбаныңызды  бауыздаңыз,  шашыңызды  алдырыңыз.  Істеп  болғанша  жұртыңызбен  тіс 

жарып әңгімелеспеңіз. Сізді көріп олар да қимылдай бастайды», – деп ақыл-кеңес айтты.  

Пайғамбарымыз сыртқа шығып, ешкімге ештеңе айтпастан құрбандық  

түйесін  ұстап,  бауыздады.  Одан  соң  шаштараз  хузаалық  Хыраш  ибн  Үмайяны  шақырып, 

шашын  алдырып,  сақал-мұртын  бастырды.  Мұны  көрген  сахабалар  да  түйелерін  сойып, 

шаштарын  алдыра  бастады.  «Құрбан  шалуға  асыққандары  сондай  –  бірін-бірі  басып  кете 

жаздады»,  –  деп  кейіннен  еске  алады  Үммі  Сәлама.  Осы  оқиға  барысынан  Үммі  Сәлама 

анамыздың  даналығына  куә  боламыз.  Деректерде  «Үммі  Сәламаның  Худайбиядағыдай 

ақылды тоқтамын Ислам тарихында бірде-бір әйел көрсете алмаған» – делінеді.  

Қабырғасымен кеңесу де, ақылдасу да қайырлы іс саналып алғаш рет Пайғамбар шаңырағында 

басталды. Біз болсақ, әлі күнге шарқ ұрып мұны жете түсіне алмай келеміз. Тіпті оның қай 

жақта екендігін де таба алмай жүрміз.  

«Әйел затының құқығын қорғаушылармыз» деп ойлаған жандардың ой-санасы әйел затын әлі 

күнге дейін төмен санаудан арыла алған жоқ. Алайда біз әйел затын бір бүтіннің жартысы деп 

бағалаймыз. Екі  жарты бір бүтін болуы үшін екі  жарты бір-біріне тірек, сүйеніш  бола білуі 

керек. Екі жарты қосылғанда ғана адамзаттың бір бүтінге айналатындығына сенеміз. Ол жоқ 

жерде адамзат та жоқ. Пайғамбарлар да, әулиелер де жоқ. Исламият та, ұлт та жоқ.  

Пайғамбарымыз өз әйелдеріне жақсы қарап, үмбетіне былай деген:  

«Мұсылмандардың имандылық тұрғысынан ең жақсысы – мінез-құлқының ең көркем болғаны. 

Сендердің ең көркем мінезділерің – әйеліне ең жақсы қарағандарың»

113



113



 Әбу Дәуіт, Суннәт, 15; Тирмизи, Рада, 11; Дарими, Риқақ, 74 


36 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет