Даралап оқыту құралдарына сипаттама



бет2/4
Дата26.12.2022
өлшемі3,1 Mb.
#59619
1   2   3   4

«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.

  • «А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
  • «В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырма ларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
  • «С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.
  • Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.
  • Міндеттері:
  • 1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
  • 2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
  • 3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
  • Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
  • Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
  • Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
  • Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
  • Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет