Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Дисперстік жүйелердің молекулалық-кинетикалық қасиеттерін түсіндіріңіз



бет21/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
20.Дисперстік жүйелердің молекулалық-кинетикалық қасиеттерін түсіндіріңіз.
Молекулалық – кинетикалық теория молекулалардың өзбетінше қозғалыстарының заңдарын зерттейді. Алғашқы кезде бұл теория газдар үшін жасалынып, кейіннен келе молекулалық иондық ерітіндіге қолданылады. Ерітінділердің өзбетінше құрамымен емес, кинетикалық бірлік санымен басқаша айтқанда, бірлік көлемдегі молекулалардың санымен байланысты болатын қасиеттерін коллигативтік қасиеттері деп атайды. Осындай қасиеттерге осмостық қысым, диффузия, бу қысымының жіне қату температурасының өзгеруі сиақтылар жатады.
Коллоидық жуйенің молекулалық – кинетикалық қасиеттерін зерттеу екі түрлі себеппен қамтылды. Біріншісі – молекулалық-кинетикалық теорияны эксперименттік тексеру. Бұл тұрғыдан қарағанда коллоидық жуйе – ең жақсы обьект. Олай дегенміз ультрамикроскоп арқылы коллоидық бөлшектердің қозғалысын байқауға болады. Екіншісі – алынған мәліметтерді практикалық мақсатқа қолдану: бөлшектер мен макромолекулалардың массасы мен шамасын(мөлшерін) анықтау, жуйені фракцияға бөлу т.б.
Диффузия деп – жуйедегі молекулалардың концентрациясының өз бетінше теңелу процесін айтады.


21.Гельдердің түзілуі және қасиеттерін түсіндіріңіз.
Гельдер деп ішкі құрылымдар түзілуі нәтижесінде коллоидтық қасиетінің жоғалуын айтады. Гельдерді полимерлер ерітінділері мен зольдердің желатиндеуі кезінде немесе ксерогельдердің ісінуі (хегос – грекше – құрғақ) кезінде де алуға болады, мысалы, ұста желімнің пластинкалары, құрғақ желатин, крахмал т.б. ас тағамдары (айран, сыр т.б.) ферменттік үдерістер әсерінен алынатын гельдер. Гельдерде ішкі құрылымдардың түзілу механизмі әлі толық зерттелмеген, бірақ көптеген полимерлер ерітінділері үшін С.М. Липатов ұсынған теорияны қолдануға болады.Бұл теорияға сәйкес коллоидтар гидрофильді (-ОН, -СООН, -NH2, -CO-NH-, –SH т.б.) және гидрофобты (-СН2-, т.б.) бөліктері кездескен мицеллалардың ұзын тізбегінен тұрады. Морт сынғыш гельдер мицеллалардың агрегациясы нәтижесінде түзілетін қатаң және берік қаңқа береді. Мұндай гельдер, негізінен бейорганикалық заттардан – гидрофобты коллоидты бөлшектерден түзілгендер, кепкен кезде эластикалық қасиетін жоғалтады, қатты және морт сынғыш болып, ұнтаққа оңай майдаланады.
Көптеген гельдердің механикалық әсер салдарынан сұйылып, зольге өтуін, сонан соң тыныштықта қайтадан ұюын тиксотропия деп атайды.
Гельдердің физикалық-химиялық қасиеттері
Құрамында электролиттері бар гельдер жақсы электр өткізгіштікке ие. Гельдердің бұл қасиеті, мысалы, электрофорезде, гальваникалық тізбектерді құрау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет