Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет3/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215
Бинарлық атау. Өсімдіктердің т‰рлері екі сөзбен аталады
(белгіленеді): оның біріншісі осы т‰р жататын туысты білдіртеді, ал екіншісі т‰рдің атауы (эпитеті). Екінші сөзден кейін, осы т‰рді ашқан және оған ат берген ғалымның фамилиясы қойылады (қысқартылған т‰рде, немесе толығымен). Мысалы, қатты бидайдың ғылыми атауы - Trіtіcum durum L. Мұндай биологиялық номенклатураны ғылымға алғашқы ендірген атақты швед ғалымы К. Линней (1707-1778) болған.
Адам өмірінде өсімдіктердің маңызының ересен зор екендігі белгілі. Олар адамға тамақ ретінде қажетті органикалық заттардың негізгі бөлігін т‰зеді? Сонымен бірге көптеген к‰нделікті тұрмыс қажеттіктерін шешуге м‰мкіндік береді. Бірақта барлық өсімдік бұл тұрғыдан қарағанда бірдей емес. Мұндай фактілермен алғашқы адамдардың есептесуіне тура келген, өйткені табиғатта пайдалы өсімдіктермен қатар, зиянды өсімдіктерде аз болмайды. Осыған байланысты шамасы адамға өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білудің және оларға ат берудің қажеттілігі туған. Қандайда бір қажеттілігіне байланысты белгілі бола бастаған өсімдіктер санының артуы олардың алғашқы классификациясын жасауға итермелейді. Алғашқы классификацияны жасау принциптерінің қандай болғандығы белгісіз. Шамасы ол ерте кездерден әр халықта бір-біріне тәуелсіз дербес қалыптасса керек.
Біздің уақытымызға өсімдіктер классификациясының біршама кейіндеу ертедегі грек мәдениетінің өркендеп тұрған уақыты мен рим ‰стемдігі тұсында жасалған ‰лгілері келіп жеткен.
Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі 384-322 ж.) еңбектері арқылы көне грек ғылымы ‰лкен биікке көтеріліп,тамаша жетістіктерге жеткен.
Ол жануарлардың классификациясын құрған, сөйтіп зоологиялық систематиканың негізін қалаған. Ғылымның бұл саласында Аристотельдің мызғымас беделі ұзақ уақыттар бойы сақталған. Аристотельдің ботаникалық еңбектері өкінішке орай жоғалып кеткен. Бірақ кейбір еңбектерінен оның ботаникамен де айналысқандығын айқын аңғаруға болады.
Аристотельдің жақын досы, әрі шәкірті Теофраст (біздің эрамызға дейін 370-285 ж.) болған. Ол өзінің ұстазы секілді ғылымның әрт‰рлі саласынан хабардар дарынды оқымысты болған және өсімдіктерді зерттеумен де айналысқан. Оның ботаникалық еңбектерінің маңызының зор болғандығы сонша, тіптен XVІІ ғ. дейінгі ботаниктердің көзқарасына әсері ‰лкен болған, сондықтанда Теофрасты біздің уақытымызға дейін "ботаниканың атасы" деп орынды айтады. Ботаниканың жалпы мәселелері оның назарынан тыс қалмаған, ең алдымен өсімдіктер құрылысының өзіндік ерекшеліктері мен тіршілік атқаратын жағдайына және қызыметтеріне ылғида айрықша мән беріп отырған. Ол өсімдіктердің классификациясын құрудың қажеттілігін жақсы т‰сінген. Теофраст бойынша "барлық өсімдіктерді дерлік немесе олардың көпшілігін қамтитын ең негізгі т‰рлерге ағаштар, бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер" жатады. Аталған флораның құрамынан ол
мәңгі жасыл және т‰спелі жапырақты өсімдіктерді, ал су флорасынан - тұщы су және теңіз өсімдіктерін бөлген. Теофраст өзінің зерттеулерін өсімдіктердің практикада қолдануымен тығыз байланыстыра отырып ж‰ргізген.
Өсімдіктерді зерттеудің одан әрі бағыты, олардың практикада қолданылуы тұрғысынан өрбіген және ол ұзақ уақыттар бойы бірінші орында тұрған. Бұл жөнінде Рим оқымыстысы Плиний Старшийдің (23-79 кітаптарында) еңбектерінде толық айтылады.
Саяхатта көп ж‰рген және өсімдіктерді тікелей өзінің зерттеуі арқылы ажырата білетін, арғы тегі грек, Римдегі танымал дәрігер- практик Диоскоридтің (біздің э.д. 1 ғасырда өмір с‰рген) "емдік дәрілер" ("О лекарственных средствах") атты еңбегінде 500-ден астам өсімдік т‰рлерінің сипаттамасы, өсетін жерлері және таралуы жөніндегі мәліметтер берілген. Диоскорид өзінің замандастарының арасында ғана емес, сонымен бірге ол орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі ботаниктердің арасында да
‰лкен беделге ие болған. Бірақта Диоскоридтің еңбектері өсімдіктер классификациясының принциптік негіздерін жасауға айтарлықтай ‰лес қоспаған.
Біздің эрамыздың алғашқы ғасырлары мен орта ғасырдың б‰ткіл кезеңінде дерлік, оның ішінде араб мәдениетінің шарықтап өсіп тұрған уақытында ботаника көптеген, әсіресе дәрілік өсімдіктер туралы жаңа мәліметтермен толықтырылған. Бірақ өсімдіктер туралы зерттеулерді жан- жақты талдап қорытындылаған кездердің өзінде де, оларды классификациялау мәселесі еш уақытта сөз болмаған. Бұл мәселе жоғарыда айтылғандай тек Теофрастың еңбектерінде ғана көрініс тапқан.
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі XV ғасырдың аяғында басталған. Осы кездерде Италияның гуманистері өздерін қоршаған ортадан ертедегі ботаниктер сипаттап жазған өсімдіктерді іздестіре бастаған. Бұл қозғалыс XVІ ғасырда Альпа тауларының солт‰стік жағында өзінің жалғасын тапқан. Европада кітапты басып шығаруды ойлап табу (XVғ.) мен ағаштан ойып т‰рлі бұйымдар жасау өнерінің дамуына байланысты (гравюра) ботаниктердің арасында өсімдіктер туралы мәліметтермен алмасудың м‰мкіндігі туды. Өсімдіктердің сыртқы кескінін сипаттаған "шөптесін емдеушілер" деген атпен көптеген толық жинақтар жазылып жарық көре бастаған. Мұның барлығы өсімдіктердің ғылымға белгілі формалары санының к‰рт артуына әкеліп соқтырған. Бұлардан басқа XV ғасырдың аяғымен XVІ ғасырдың басында ұйымдастырылған ‰лкен саяхаттар Европада бұрын белгісіз, аса таң қаларлықтай мәліметтер берген. Басқа жақтың өсімдіктерін, әсіресе олардың қандайда бір пайдалы қасиеттері барларын арнайы ботаникалық бақтарда өсіре бастаған. Ең алғашқы ботаникалық бақ Салернода (Италия) 1309 ж., ал екіншісі (салынған уақытына қарай) 1333ж. Венецияда салынған. Олардың дәрілік және қош иісті өсімдіктер өсіретін монастырдың айналасына салынған бақтардан көп айырмасы болмаған. Кейіндеу ботаникалық бақтардың алдында жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді мәдени жағдайда өсіру, оларды
сипаттап жазу және классификациялау арқылы флораны зерттеу мәселесі тұрды. Ботаникалық бақтардың мұндай типтері тек XVІ ғ. ғана пайда бола бастаған. Олардың ішінде Падуе мен (1525) Пизеде (1544) салынған Италияның ботаникалық бақтары белгілі. Ресейде дәрілік өсімдіктерді өсіруге арналған аптекарлық бақшалар XVІІ ғ. бірінші жартысында салына бастаған. XVІІІ ғасырдың басында олардың саны к‰рт өскен. Москвада 1706 ж. салынған аптекарлық бақша XІX ғасырдың басында (1805 ж.) Москва университетінің ботаникалық бағына айналдырылған. Сол сияқты Петербургте салынған 1714 ж. Аптекарлық бақша 1823 ж. Ботаникалық баққа айналдырылған. Қазіргі кезде бұл Ботаникалық бақ д‰ние ж‰зіндегі ең ірі ботаникалық мекемелердің біріне жататын Ресей ұлттық ғылыми Академиясының В.Л.Комаров атындағы Ботаникалық институтына қарайды.
XV ғасырдың ортасында өсімдіктердің коллекциясын - гербарийді құрастырудың негізі қаланды. Ал, бұл өсімдіктер систематикасының дамуына м‰мкіндік тудырды. Бұл бастаманы көтергендер Пизан ботаникалық бағының бірінші директоры Луку Гини және оның оқушылары Альдрованди мен Чезальпино болған.
Ботаникалық бақтардың, гербарийлердің және шөппен емдеушілердің, өсімдіктердің алуан т‰рлілігін танып білуге қосқан ‰лестері ‰лкен-ақ. Өсімдіктердің гербарийлік ‰лгілерінің немесе олардың ең болмағанда суреттерінің болуы, салыстыру арқылы өсімдіктің бұрыннан ғылымға белгілі немесе оның ешкім сипаттап жазбаған жаңа өсімдік екендігін анықтауға көп көмегі болған. Бірақ жинақталған материалдарды пайдалану ‰шін оларды ж‰йеге келтіріп белгілі бір реттілікпен орналастыру қажет болған. Осы мақсатта өсімдіктердің аттарын алфавит бойынша келтіруге тырысқан, бірақ ол қанағаттандырарлық нәтиже бермеген. Айта кеткен жөн бұл системаны шөппен емдеушілер (травниктер) жиі пайдаланған. Ертедегі табиғат зерттеушілері пайдаланған өсімдіктерді "практикалық қолданылуы" тұрғысынан жасалған система да ("утилитарные системы") оншалықты қолайлы бола қоймаған.
Шын мәнісінде XVІ ғасырдан бастап шамамен XVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейін көптеген материалдардың жинақталып қалуына байланысты өсімдіктер ж‰йесін құру ботаниканың алдындағы кезек к‰ттірмейтін, ең басты міндет екендігін көрсетті. Сол кездегі ең беделді оқымыстылардың бірі, Лейден медигі және табиғат зерттеушісі Боэргав (1688-1738), XVІІІ- ғасырдың басында ботаниканы табиғат тану ғылымының бір саласы ретінде қарастырып, "сол арқылы өсімдіктердің аттарын оңай айыруға және есте ұстауға болады" деп жазды.
Өсімдіктер системасын жасау жөніндегі алғашқы кездердегі талпыныстардың ең көрнектілеріне Италия ботанигі Андреа Чезальпиноның системасы жатады (1549-1603).
Чезальпино "XVІ ғасырдың Аристотелі" деген ардақты атаққа лайық деңгейге көтерілген. Өйткені Чезальпиноның көзқарасының кеңдігі мен тереңдігі және табиғатты т‰сініп ұғынудағы талпынысының биіктігі, оған Аристотельдің деңгейінен көрінуге м‰мкіндік берген. Өсімдіктер туралы
шығармасында (1583) ол өсімдіктерге тұтастай тірі организм тұрғысынан қараған (1 кітап) және олардың 1500-дей т‰рін сипаттап жазған. Чезальпино осы өсімдіктердің жартысына жуығын өзі жинап, көптеген жаңа т‰рлерді ашқан.
Чезальпино өсімдіктерді дәст‰рлі с‰ректенуші (ағаштар мен бұталар)
және шөптесін өсімдіктерге (жартылай бұталар мен шөптесін өсімдіктер) бөлген. Ол классификациялау ‰шін бір-біріне бағынышты бөлімдер системасының қажет екендігін жақсы т‰сінген және ғылымға өзі ендірген ұқсастық деген ұғым туралы былай дейді: "Табиғаттың заңы бойынша ұқсастан әрқашанда сол т‰рдің өзіне жататын ұқсас туады". Т‰р туралы ілімнің дамуына байланысты бұл пікірге табиғат зерттеушілері кейіндеу сан рет оралады. Өсімдіктер классификациясы жөніндегі Чезальпино еңбегінің негізгі маңызы сол, ол өсімдіктің өзінің, яғни зерттелетін объектілердің, белгілеріне с‰йенудің қажеттігін айтқан. Өйткені Чезальпиноның т‰сінігінде өсімдік ‰шін оның адамға қандайда бір қажеттілігін көрсететін белгілерден гөрі, осы өсімдіктің тікелей өзіне тән белгілердің маңызы ересен зор. Өсімдік организмдеріне тән қасиеттерден Чезальпино ең маңыздыларын бөліп көрсетуге талпынған және бұл мәселеге өсімдіктер туралы өзінің көзқарасы тұрғысынан қараған. Оның пікірінше өсімдік өзінің дербес дамуын және туыс ретінде өмір с‰руін өзі қамтамасыз етуге тиісті. Оның біріншісі негізінен тамырдан келетін қорек арқылы, ал екіншісі - сабақта т‰зілетін жемістер мен тұқымдар арқылы ж‰зеге асады. Тұқымның т‰зілуі бір жағынан өсімдіктің дербес дамуының соңы, ал екінші жағынан жаңа дамудың басы болып табылады. Сондықтанда Чезальпино классификация құруда тұқым т‰зілетін жемістің құрылысы мен тұқымның өзін негіз етіп алған. Ол жемістің құрылысына, тұқым ұясының және ондағы тұқымның санына қарай өсімдіктерді 14 класқа бөлген; біршама ұсақ топтарды бөлгенде олардағы г‰л құрылысының ерекшеліктерін ескерген. Чезальпиноның системасында 15 класс ерекше орын алады, оған м‰ктер, папоротниктер, қырықбуындар, балдырлар, саңырауқұлақтар және кораллдар жатқызылған. 15-ші класстың өсімдіктерін Чезальпино ең нашар жетілген, өсімдіктер д‰ниесі мен өлі табиғаттың арасын жалғастыратын аралық топ ретінде қарастырады.
Чезальпиноның системасында кейбір табиғи топтардыңда бар екенін көреміз. Мысалы, 11 класқа айлаулықтар (бурачниковые) және тау қалақайлар (яснотковые) тұқымдастары біріктірілген, бұларды қазіргі кезде де жақындастыратын систематиктер бар, 10 класқа астралар тұқымдасы жатқызылған. Дегенмен де белгілердің өзгергіштігіне негізделген (жемістің, кейде г‰лдің) бұл система жалпы алғанда жасанды система еді. Сондықтанда кластардың көпшілігіне бір-бірінен айқын айырмасы бар өсімдіктер топтастырылған.
Дей тұрғанмен де Чезальпиноның системасы, қазіргі кездегі көзқараспен қарағанда жеткілікті деңгейде болмағанымен, систематиканың даму сатысындағы ең маңызды кезең болған. Ол Теофрастың классификациясы
секілді өсімдіктің табиғатын жан-жақты зерттеудің негізінде құрастырылған және өсімдіктер системасын құрудың тәсілдерін іздестірудегі ұзақ кезеңге жол ашты. Онсыз жинақталған материалдардың аса көптігіне байланысты өсімдіктердің алуан т‰рлілігіне дұрыс көз жеткізу м‰мкін емес еді.
Швед ғалымы Линнейге (1707-1778) дейін формаларды ажырату мағынасында өсімдіктер д‰ниесінің ғылыми, әрі қолайлы системасын құрудағы әрекеттердің барлығы да өздерінің мақсатына жете алған жоқ. Бұл мақсатты Линней сол кездегі ғылым деңгейіне сай орындап шыққандықтан да ол "систематиканың атасы" деген атаққа лайық деп танылған.
Теофраст, Турнефор сияқты өсімдіктерді ағаштарға, бұталарға және шөптерге бөлуден бас тартып оларды классификациялауда Линней негізгі систематикалық белгі ретінде көбею органына ‰лкен мән берген.
Камерариустың өсімдіктер жынысы туралы ілімінің негізінде Линней 1735 жылы шыққан "Табиғат системасы" деген еңбегінде өзінің атақты "Өсімдіктердің жыныстық системасын" жариялайды. Системада г‰лдің аталықтары мен аналықтарының санына, мөлшеріне және орналасуына қарай, сонымен қатар жемістердің құрылысындағы ерекшеліктерді ескере отырып өсімдіктер д‰ниесі 24 класқа төмендегідей топтастырылған: І-X кластарға аталықтарының саны 1-ден 10-ға дейінгі өсімдіктер; XІ класқа аталықтарының саны 12-ден 19-ға дейінгі өсімдіктер; XІІ класқа аталықтары
20 және оданда көбірек, тостағаншаға бекіген өсімдіктер; XІІІ класқа аталықтары көп, г‰лтабанына бекіген өсімдіктер XІV, XV кластарға аталық жіпшелерінің ұзындығы әрт‰рлі өсімдіктер; XVІ-XX кластарға аталықтары өзара және аналықпен әрт‰рлі деңгейде ұласқан өсімдіктер; XXІ-XXІІІ кластарға бір, екі және көп ‰йлі өсімдіктер; XXІV класқа г‰лді ("айқын некелі") өсімдіктерге қарама-қарсы споралы ("құпия некелі") өсімдіктер. Соңғы класта балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, м‰к тәрізділер, папоротник тәрізділер көрсетілген.
Бұл жерде Линнейдің XІV кластан бастап өсімдіктерді аталықтарының санына қарай топтастыру принципінен бас тартқанын байқауға болады. Системадағы кластар аналықтардың санына, аталықтардың орналасуына, ұласуына және жемістердің құрылысына қарай 116 қатарларға бөлінген, ал қатарлар 1000-нан астам туыстарға, туыстар 10000-ға жуық т‰рлерге бөлінген. Осы кезде қолданыстағы негізгі систематикалық таксондардың бірі- тұқымдасқа өсімдіктер әлі де топтастырыла қойған жоқ еді.
Линнейдің системасы қолдануда аса ыңғайлы болып шықты, ‰йткені әрбір өсімдіктің атын және системадағы орнын оңай-ақ табуға м‰мкін болды. Сонымен өсімдіктерді классификациялау проблемасы олардың алуант‰рлілігін танып білуді жеңілдету тұрғысынан ғана қанағаттандырарлықтай шешімін тапты.
Линней системасының табысты болуына оның қарапайымдылығымен қатар автордың өсімдіктерді сипаттап жазуда және оларды атауда белгілі бір ж‰йелі тәсілге с‰йенуі м‰мкіндік берген. Линнейден бұрын өсімдіктің сипаттамасы көбінесе осыған дейін белгілі болған өсімдікпен салыстырмалы т‰рде берілетін еді. Мысалы, олеандр жапырақтары лаврдың жапырақтарына
ұқсас, г‰лдері раушанның г‰лдеріне ұқсас өсімдік т‰рінде сипатталған. Мұндай сипаттамалар бойынша көп жағдайда өсімдіктің сырт кескінін көзге елестету қиынға соққан. Ал Линней пайдаланған сипаттамада өсімдіктің әрбір органы белгілі бір мәні бар нақты терминдермен берілген. Мысалы, "көп жылдық өсімдік, кіндік тамырлы, тік сабақты, жапырақтары қондырмалы, сопақша, г‰лдері шоқпарбас г‰лшоғында, сары т‰сті, дұрыс". Линней бұрынғы ботаниктерге белгілі біраз терминдерді пайдалана отырып және өзі ойлап тауып ботаникаға 1000-ға жуық терминдер енгізген.
Линней ғылымға - бинарлық номенклатура ендірген, бұл сөз жоқ аса құнды жаңалық болып табылды және к‰ні б‰гінге дейін биологияда ойдағыдай қолданылып келеді. Бинарлық атаудың мәні мынада, әрбір өсімдікке латын тілінде екі сөзден тұратын ат беріледі, оның біріншісі туыстың атын, ал екіншісі осы туысқа жататын т‰рдің атын көрсетеді, мысалы қара алқа (Solanum nіger), т‰йнекті фломис (Phlomіs tuberosa), іріг‰лді жыланбас (Dracocephalum grandіflorum), альпі астрасы (Aster alpіnus). Линнейдің жасанды системасы кездейсоқ алынған аздаған белгілерге негізделгендіктен өсімдіктердің арасындағы жақындықты, туыстықты айқын көрсете алған жоқ. Мысалы, ІІ класқа осы кезде әрт‰рлі тұқымдастарға жататын тал (талдар тұқымдасы), сирень (зайтундар тұқымдасы), шалфей (ерінг‰лділер тұқымдасы), бөденешөп (сабынкөктер тұқымдасы), жұпарбас (қоңырбастар, немесе злактар тұқымдасы) сияқты екі аталықты өсімдіктер топтастырылған. Ал, бұған керісінше аталықтарының саны әрт‰рлі бір тұқымдастың өкілдері бірнеше кластарға бөлініп кеткен. Мысалы, злактар тұқымдасындағы бір аталықты цинна І класқа, екі аталықты жұпарбас ІІ
класқа, алты аталықты к‰ріш VІ класқа т‰скен.
Линней өз системасының жасандылығын және бұдан көрі табиғи тұрғыдағы системаның қажет екендігін жақсы т‰сінген. Бірақ кезінде оның қолында материалдар өте аз болғандықтан табиғи система құру м‰мкін емес еді. Бұл жасанды система сол кезде жалпыға бірдей қолданыс тапқан, ал Ресейде оны XІXғ. 30 жылдарына дейін қолданып келген.
Линней өсімдіктерді табиғи топтарға кездейсоқ алынған азғана белгілерден көрі өсімдіктердің жалпы габитусы негізінде топтастыру дұрыс деп есептеген. Ол XVІІІ ғ. білім деңгейінде табиғи система құрудың әлі м‰мкін еместігін айтқан, бірақ өз өмірінің соңына дейін табиғи система ‰шін материал жинастырумен өткен. Сондай-ақ өзінің фрагменттерінде Линнейдің өсімдіктерді 67 табиғи топтарға бөлуді ойластырып кеткені, бұл топтардың кейін өсімдік тұқымдастарын бөлуге негіз болғаны белгілі.
Линней өзі өмір с‰рген дәуірдегі идеяға сай құдай қанша т‰р жаратса, табиғатта сонша т‰р тіршілік етеді деп есептеген, яғни т‰р өзгермейді деген көзқараста болған. Бірақ өмірінің соңына қарай ол сыртқы ортаның әсерінен т‰рлердің едәуір өзгеруі, будандасу арқылы жаңа т‰рлердің пайда болуы м‰мкін деп өзінің бұрынғы т‰р өзгермейді деген көзқарасынан қайтқаны мәлім.
Линнейдің ботаникадағы реформаларының систематиканың одан әрі дамуына ‰лкен әсері болғанын атау керек. Сонымен қатар өсімдіктерді
келешекте зерттеуге баса назар аударуға және өсімдіктер д‰ниесінің бұрынғыдан көрі жетілдірілген системаларын құруға негіз болған мол материалдың жинастырылуына м‰мкіндік туғызды.
XVІ ғ. ортасында табиғатты зерттеушілер т‰р деген ұғымның систематикалық категория екендігін т‰сінуге бірден-бір жақындаған. XVІІ ғ. басында швейцария ботанигі Каспар Баугин (Боэн, 1560-1624) 40 жылғы еңбегінің негізінде 6000-дай өсімдік т‰рлеріне сын көзімен құрастырған сипаттама берген.
Каспар Баугин ертедегі және қазіргі кездегі тілдерді меңгеруде ерекше таланттылығы мен білімділігінің арқасында, м‰мкін болғанынша, өсімдіктердің аттарына байланысты ретсіздікті, соған байланысты көп жағдайда туындайтын, бір өсімдікке бірнеше ат беру секілді орынсыз мәселелерді жоюға тырысқан. Баугин еңбегінің ботаниканың алдындағы маңызы сол, ол өсімдіктерді туыстарға бөлген, ал біршама ұсақ систематикалық бөліктерді осы туыстарға бағындырған. Өсімдік туысының атауы К.Баугин бойынша бір немесе көптеген сөздерден, ал туысқа бағынышты категориялардың атаулары бірнеше (кейде 20-ға дейін) сөздерден тұрады; бірақ көп жағдайда, әсіресе шағын туыстарда т‰рдің де туыстың да аттары бір ғана сөзден, ал өсімдіктің толық аты екі сөзден тұрады (биноминальды). К. Баугиннің өзі де және кейінгі ботаниктерде өсімдіктің ерекше өзгешеліктерін айқын көрсететін полиноминальды, көп сөзден тұратын атауды қолданғанды дұрыс көрген, өйткені өсімдіктің бұл ғылыми атауы сонымен бірге оның қысқаша сипаттамасы есебінде болған. Табиғат туралы білімнің тарихшылары К.Баугиннің өсімдікті қысқаша сипаттап жазуда ‰лкен шеберлік деңгейіне жеткендігін атап көрсетеді.
Бірақта туыс және т‰р туралы ұғымдарға К.Баугин анықтама бермеген. Бұл ұғымдарға анықтама берудің м‰мкіндігі кейіндеу туған. Мысалы, Джон Рей "Өсімдіктер тарихы" (1686) деген еңбегінде т‰р деген ұғымды, оған жататын особьтардың шығу тегіне байланысты сипаттап берген. Д.Рейдің пікірі бойынша "Өсімдік ‰шін т‰рдің біркелкі болатындығын анықтауға, тұқымнан пайда болатын ерекше немесе жеке қасиеттері ұқсас өсімдіктерден басқа, қандайда бір дәлелдің қажеттігі шамалы. Т‰рге қатынасы әрт‰рлі болып келетін формалар, өздерінің т‰рлік табиғатын сақтап отырады, олардың ешқайсысы басқа тұқымнан пайда болмайды немесе керісінше басқа тұқым бермейді".
К.Линнейдің пікірі бойынша туыстардың айырмасын, олардың генеративтік органдарының белгілеріне с‰йене отырып анықтауға болады. Ал т‰рге келгенде К.Линней оның көлемін Д.Рейдің анықтамасына жақын деңгейде т‰сінген, бірақ ол т‰рді т‰р тармағынан бөлуді қажет деп табады. Оны К.Линнейге дейінгі ботаниктердің ешқайсысы сөз етпеген.
К.Линней алғашқы кезде өсімдіктің полиноминальды атауларын пайдаланған, бірақ оларды м‰мкіндігінше қысқартуға ұмтылған. Ол ‰шін т‰рдің көптеген белгілерінен ең негізгілерін теріп қалдырған. Бірақ "Өсімдік т‰рлері" деген, бірінші басылымы 1753 ж. жарық көрген шығармасында Линней барлық т‰рлерге бинарлық (екі сөзді) атауды да қосымша келтіріп
отырған. Бұрынғы көп сөзден тұратын өсімдік атаулары бұл жерде т‰рлердің қысқаша сипаттамалары (диагноздары) ретінде сақталған, ал екі сөзден тұратын Линнейдің "қарапайым атаулары" т‰р аттарының сипатына ие болған. Өсімдіктердің номенклатурасына Линнейдің ж‰ргізген реформасы практикалық тұрғыдан ыңғайлы болып шықты. Уақыт өте келе екі сөзден тұратын өсімдік аты жалпыға бірдей пайдаланыла бастады және ол қазіргі кездің өзінде қолданылып келеді.
Барлық жетістіктерімен қатар К.Линнейдің системасының елеулі кемшіліктері де болған, себебі андроцейдің құрылысы жағынан өзара ұқсастығы айқын жекелеген өсімдіктер әрт‰рлі кластарға тап келген.
Жасанды система құруда ботаниктер өсімдіктің бір ғана белгісін немесе аз ғана белгілердің комплексін негізге алып отырған (Линнейде г‰л құрылысының кейбір ерекшеліктері, Чезальпинода - жемістің құрылысы мен тұқымдар саны және т.с.с.) және олардың вариацияларына қарай өсімдіктер топтарға бөлінген. Табиғи системаны т‰згенде классификацияның базасы ретінде бір-екі априорлық белгілерді негізге алу жеткіліксіз. Өсімдіктер өздерінің көптеген жалпы ортақ ұқсастықтарына қарай топтастырылуға тиісті.
Табиғи системаны т‰зуде Бернар Жюссье (1697-1777) мен оның немере інісі Антуан Жюссьенің (1748-1838) еңбектері маңызды роль атқарды.
Б.Жюссье Трианондағы (Версаль) ботаникалық бақта өсімдіктерді ерекше тәртіппен орналастырған. Бірақ бұл ‰лкен еңбектің нәтижесі жарық көрген жалғыз бақ каталогімен ғана шектелген. 30 жыл өткен соң 1789 жылы А.Жюссьенің "Өсімдік туыстары" деген еңбегі жарық көрді. Бұл шығарманың маңызы сол, онда шағын өсімдік топтарының- қатарлардың диагнозы (қысқаша сипаттамасы) берілген. А.Жюссьенің қатарлары көлемі жағынан қазіргі кездегі систематикалық тұқымдастарға шамалас еді. Бұл К.Линнеймен салыстырғанда елеулі алға басушылық болып табылады, өйткені К. Линней өзі бөлген 67 қатарға сипаттама бермеген; одан басқа А.Жюссьенің классификациясында қатарлардың саны 100-ге дейін, яғни 1,5 есе өскен. Қатарлардың диагнозын олардың құрамындағы ұсақ бірліктердің барлығын терең талдау негізінде ғана беруге болады. А.Жюссье тағы бір мынадай қадам жасаған; ол қатарларды кластарға біріктірген (олардың саны
15 болған), ал соңғыларын тағы одан да ‰лкен бірліктерге топтастырған. Сонымен, өсімдіктер д‰ниесінің барлық алуан т‰рлілігі, балдырлардан және саңырауқұлақтардан бастап, г‰лді өсімдіктерге дейін Жюссьенің системасында әрт‰рлі көлемдегі бір-біріне иеархиялық тұрғыдан бағынышты категориялар т‰рінде берілген. А.Жюссьенің табиғи системаны құруы ғылыми систематиканың дамуында шешуші кезең болды. 2000-нан аса жылдар бойы Теофрасттан бастап өсімдіктер классификациясының алдында тұрған міндет, өсімдіктердің бір тобы мен екінші тобының арасындағы шекараны м‰мкіндігінше айқындап ашу болып табылған. А.Жюссьенің системасында бірінші рет классификация систематикалық бірліктерді бір- бірімен байланыстыра отырып құрастырылған. Бұл бірліктердің бір-бірінен
айқын айырмасының болуына қарамастан, олардың барлығын А.Жюссье жігі ажырамайтындай етіп бір тізбектің бойына орналастырған.
А.Жюссьенің идеясы жағынан прогрессивті бұл системасы, бірқатар баптары бойынша сол өзі жарық көрген заманның кезінде-ақ талас-тартыс туғызды. Кейіндеу басқа ботаниктерде табиғи классификация жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ұсына бастады. Олардың ішінде ең белгілілеріне О.Декандолльдің (1819), Ст.Эндлихердің (1836-1843), А.Броньярдың (1843), А. Браунның (1864) системалары жатады.
Өсімдіктер системасын құру XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың бірінші жартысында жалпы ботаниканың, оның ішінде систематиканың дамуына ‰лкен ‰лес қосқан бірқатар маңызды зерттеулердің ж‰ргізілуімен есте қалды. Ең алдымен О.Декандолльдің морфологиялық еңбектерін атап өткен жөн. Ол симметрия туралы ілімге және органдардың құрылысына с‰йене отырып салыстырмалы морфологияның негізін салды. О.Декандолльдің пікірі бойынша өсімдіктің құрылыс жоспары оның бөліктерінің т‰сіп қалуын (абортирование), дегенерацияға ұшырауын, бірігіп кетуін - жалпы екінші реттік өзгерістерді анықтаудың барысында айқындалады. Салыстырмалы морфологиялық тәсілді пайдалана отырып О.Декандолль шын мәнісінде эволюциялық концепцияға жақын келген, бірақ өкінішке орай ол т‰р туралы метафизикалық көзқараста болған, яғни т‰рді өзгермейді деп т‰сінген. Г‰лдің морфологиясын т‰сіндіруде бірқатар қиын жағдайлардың өзінде ағылшын ботанигі Р.Броунның (1773-1858) еңбектерінің маңызы ерекше зор болған (астық, т‰йешырмауықтар, раффлезиялар және т.б. тұқымдастар). Ол тұқым б‰рінің құрылысын, эндосперм мен периспермнің пайда болуын зерттеуде біршама еңбек сіңірген. Саговниктер мен қылқанжапырақтылардың "г‰лдерін" зерттеген және ашық тұқымдылардың систематикалық ерекшеліктерін анықтаған (оларды бұған дейін қосжарнақтыларға жатқызып келген). Ашық тұқымдылардың тұқымб‰рінен архегонийлерді ашқан да осы кісі болатын.
Морфологиялық зерттеулердің нәтижелерін өсімдіктердің систематикалық топтарының бір-біріне жақындығы немесе керісінше қашықтығы туралы мәселелерді анықтап шешуге О.Декандолльдің және Р.Браунның кезінен бастап пайдалану аса қажет бола бастаған. Бұл жөнінде В.Гофмейстердің (1824-1877) белгілі еңбектерінің ерекше ‰лкен маңызы болған. Ол өзінің "салыстырмалы зерттеулеріне" онтогенездік бағыт берген. Бұл принцип мұнан былайғы уақытта өсімдіктер д‰ниесінің системасын құру мен оны одан әрі жетілдіре т‰суде нәтижелі қолданылған және практикаға нық енген. В.Гофмейстер м‰к тәрізділерде, тең споралы және әрт‰рлі споралы папоротник тәрізділерде, ашық тұқымдыларда дербес даму жолы бірдей екендігін және оның гаметофит пен спорофиттің ырғақты т‰рде ауысып келіп отыруымен сипатталатындығын ашып берген.
Кезінде К.Линней өзінің шығармаларында құпия некелі өсімдіктер деген термин қолданған. Оған К.Линней системасының 24-ші класына біріктірілген балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, м‰ктер, папоротник тәрізділер - бір сөзбен айтқанда барлық споралы өсімдіктер. Табиғи системаны құрудағы
қиын проблемелардың бірі ол құпия некелі өсімдіктер мен "ашық некелі" өсімдіктер арасындағы байланысты табу болған. Егерде м‰к тәрізділердің, папоротник тәрізділердің құпия некелілерге, ал тұқымды өсімдіктердің, оның ішінде ашық тұқымдылардың ашық некелілерге жататынын ескерсек бұл проблема В.Гофмейстердің ж‰ргізген зерттеулерінің арқасында шешімін тапты. Сонымен бірге осы зерттеулер көп уақыттар бойы қос жарнақтылар класына жатқызылып келген ашық тұқымдылардың системадағы орнын анықтап берді. Ашық тұқымдылар папоротник тәрізділер мен жабық тұқымдылардың арасына орналастырылды. Демек өсімдіктер организмінің тұтастығын бұзып тұрған қиындық шешілді. К.А.Тимирязевтің айтуы бойынша А.Жюссье системасының негізгі идеясы осы қиындықты іздеп табу болған. Тұтастықтың бұл фактісі т‰сіндіруді қажет етеді және ол тірі табиғатқа эволюциялық тұрғыдан қарауға біртіндеп жақындаған жалпы биологиялық теориялардан шыққан.
Бұл тұрғыдан маңызды роль атқарған Ж.Б. Ламарк (1744-1820) болған. Ол алғашқы ғылыми тұрғыдан дәлелденген эволюциялық теорияның авторы. Ж.Б.Ламарк т‰рлерді өзгермейді деген т‰сініктен бас тартып, оларды табиғи эволюциялық дамудың жемісі деп т‰сінген. Ж.Б.Ламарк табиғи система туралы былай деп жазды, ол "адам ж‰ріп кеткен жолдың ұзын-ұрғасы, онымен табиғат өзінің туындыларымен ж‰ріп отырған".
Чарлз Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясының жарық көруі барлық биологиялық ғылымдардың дамуында, оның ішінде организмдердің классификациясы - систематикасы жөніндегі ғылымның дамуында жаңа дәуірдің басталғандығын көрсетеді.
Сонымен, XVІ ғасырдан басталып XVІІІ ғасырдың ортасында К.Линнейдің системасын құрумен аяқталатын ұзақ кезең жасанды систематиканың кезеңі болған. А.Жюссьенің системасы табиғи систематиканың негізін қалаған. Ч. Дарвин жасаған биологиядағы төңкеріс систематиканың тарихында жаңа, ‰шінші кезеңді- эволюциялық немесе филогенетикалық систематиканың кезеңін ашты. Эволюцияны мойындауға байланысты өсімдіктер классификациясын құрған кезде, табиғи системаның кезеңіндегідей өсімдіктерді көптеген белгілерінің ұқсастығына қарап емес, шығу тегі жағынан бірыңғай өсімдіктерді біріктірудің қажеттілігі туды.
Эволюциялық негіз системадағы классификациялық бірліктердің өзара орналасуының эволюциялық даму бағытына сәйкес келуін қажет етеді.
Өсімдіктер д‰ниесінің системасын эволюциялық негізде құру, өсімдіктердің өздерін, олардың құрылысын және сыртқы ортамен қарым- қатынасын терең зерттеуді қажет етеді. Өсімдіктерді сыртқы т‰рлерінің ерекшеліктеріне қарай салыстыру, тек толық жетілген (взрослых) формалардың белгілері мен қасиеттерін ғана білу, тек қазіргі кездегі геологиялық дәуірде өмір с‰ретін организмдерді ғана пайдалану ботаник- эволюционисті қанағаттандыра алмады.
XІX- ғасырдың екінші жартысында және XX- ғасырда өсімдіктер систематикасы пайдаланатын фактілердің ауқымы біртіндеп кеңейе т‰сті, оған ботаниканың жекелеген салаларының зерттеуге пайдаланатын
тәсілдерінің жетіле т‰суі ‰лкен ықпал етті. Өсімдіктер д‰ниесінің қазіргі кездегі системаларының авторлары, соңғы 35-40 жылдың ішінде палеонтологияның аса қарқынды дамуының нәтижесінде жинақталған көптеген фактыға негізделген материалдарды пайдаланған. Эволюцияның шын мәніндегі бағытын т‰сінуде көптеген аса құнды материалдарды салыстырмалы морфология, салыстырмалы анатомия, эмбриология және өсімдіктердің онтогенетикасы берді.
Г‰лді өсімдіктер т‰рлерінің, туыстарының, тұқымдастарының филогенетикалық тарихының көптеген мәселелері олардың географиялық таралуын зерттеудің негізінде шешіледі. Соңғы 75 жылдың ішінде систематикаға өсімдіктердің физиологиясы мен биохимиясының мәліметтері көптеп ене бастады, сонымен бірге ботаниканың бұл экспериментальды салалары қазіргі кезде ерекше эволюциалық бағытта жетіліп келеді.
Өсімдіктер туралы барлық мәліметтерді ескеріп отырудың қажеттігі бір жағынан системаны құрудың алда тұрған мақсат-міндеттерін жеңілдетеді, өйткені өсімдіктерге жан-жақты талдау жасау қате тұжырымдардан сақтандырады, ал екінші жағынан төтенше қиыншылықтар туғызылады, өйткені қазіргі кезде өсімдіктер формаларының шектеулі саны ғана жан- жақты зерттелген. Эволюциялық системаның авторлары материалдың жетіспеуін азды-көпті м‰мкін болған, кейде тіптен субъективті гипотезамен толықтыруға мәжб‰р болады. Ч.Дарвиннің "Табиғи сұрыптау жолымен т‰рлердің пайда болуы" атты негізгі еңбегінің жарық көргеніне ж‰з жылдан аса (1859) уақыт өтседе қазіргі кезге дейін жалпыға бірдей қабылданған өсімдіктердің филогенетикалық системасы жоқ. Бірақ системаның фрагменттері, көп жағдайда біршама толық жасалған. Мұның ұсақ топтарға (туыстарға, тұқымдастарға), сонымен бірге кейбір жағдайларда біршама
‰лкен бөлімдерге де (қатарлар мен кластарға) қатысы бар.
Қазіргі кезде филогенетикалық системаның ең кең таралған вариантына А.Энглердің (1844-1930) системасы жатады. Бұл системаның аяғына дейін жеткізілмегеніне қарамастан, оны көп елде кеңінен пайдаланып келеді, өйткені бұл жалғыз ғана қазіргі кездің сұранысына сай келетін система болып отыр. Бұл система б‰кіл өсімдіктер д‰ниесін тұқымдастарға, туыстарға, туыс тармақтарына, ал кейбір жағдайларда тіптен т‰рлерге дейін жіктейтін жалғыз система. Сондықтанда өсімдік топтарын белгілі бір ж‰йемен орналастыру мақсатында онымен жұмыс істеу аса ыңғайлы. Мысалы бұрынғы одақтас республикалар (БОР) ғылым Академиясының В.Л.Комаров атындағы Ботаника институты шығарған 30 томдық "Флора СССР", сол сияқты 9 томдық "Флора Казахстана" атты ‰лкен коллективтік еңбектерде өсімдік топтары осы система бойынша орналастырылған.
‡стіміздегі ғасырдың өткен кезеңдерінде көптеген нақтылы мәліметтер жинақталды, солардың негізінде бұрынғы системаларды қайта қарауға және жаңа система құруға ұмтылыстар жасалынды. Көп жағдайда мұндай әрекеттер г‰лді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, балдырлар және т.б. жекелеген ‰лкен топтарға қатысты болғандығы белгілі. Мысал ретінде бұрынғы одақтас республикалардың ботаниктері ұсынған бірқатар
системаны келтіруге болады. Н.И.Кузнецовтың, Н.А.Буштың, Б.М.Козо- Полянскийдің, А.А.Гроссгеймнің, А.Л.Тахтаджянның; шет елдік системалардан А.Энглердің және Р.Веттштейннің системаларынан принциптік айырмашылықтары бар Галлирдің, Бэссидің, Гетчинсонның системалары көпшілікке мәлім.
Филогенетикалық классификацияның негізгі бірлігі т‰р (Specіes) болып табылады. Т‰р туралы ұғым, к‰мәнсіз, бір жағынан өсімдіктердің көптеген особьтарының өзара ұқсастықтарына , әсіресе генетикалық жағынан бір- біріне тікелей туыстық жақындығы бар (ата-аналары - балалары - немерелері және т.б.) өсімдіктердің әсерінен, ал екінші жағынан айтылған ұқсастықтардың болмауына байланысты ең алдымен бір-біріне туыстық жақындығы жоқ, бөлектігі айқын байқалатын әрт‰рлі тектен (ата-анадан) пайда болған көптеген организмдердің сыртқы және ішкі құрылыстарында, мінез-құлқында айқын айырмашылықтардың болуының негізінде қалыптасқан.
В.Л.Комаровтың дәл басып айтқан анықтамасы бойынша т‰р деген ұғым "тірі организмдердің қайталанып бірінің орнын бірі басып отыруы".
Биологияда Ч.Дарвиннен кейінгі кезеңде т‰рге берілген көптеген анықтамалардан В.Л.Комаровтың табиғатта т‰рлерді тікелей өзінің зерттеуінің нәтижесінде қол жеткізген тәжірибесінің және т‰р туралы тарихтың дамуына талдау жасаудың негізінде құрастырған анықтамасын ерекше атап өткен жөн. В.Л.Комаровтың берген анықтамасы бойынша "Т‰р деп жалпыға ортақ бір тектен, ортаның әсерінен және тіршілік ‰шін к‰рестің барысында "басқа тірі д‰ниелерден, сұрыпталудың негізінде дараланып шыққан ұрпақтардың жиынтығын айтады; сонымен бірге т‰р эволюциялық процестің белгілі бір кезеңі болып табылады" (1945).
Өсімдіктерге қажет тіршілік жағдайларының жер бетінде жайғасуы
белгілі бір географиялық заңдылыққа бағынады. Бұдан т‰р жер бетінің тіршілікке қолайлы жағдайлар табылатын шектеулі бөлігінде ғана мекендей алады деген қорытынды шығады. Т‰рдің жайғасқан территориясын ареал деп атайды. Өсімдіктің қандай т‰рге жататындығын анықтауда ботаниктер мына белгілерге с‰йенеді: 1) барлық негізгі белгілерінің ұқсастығына; 2) экологиялық жағдайларының ұқсастығына; 3) ареалдарының ортақтығына.Өсімдікті белгілі бір т‰рге жатқызу кезінде есепке алынатын белгілер әрт‰рлі өсімдік топтарында бірдей емес. Мысалы, г‰лді өсімдіктер систематикасында, өсімдіктің морфологиялық құрылысының белгілеріне көп мән беріледі, өйткені олар азды-көпті т‰рдің анатомиялық және биологиялық ерекшеліктерімен коррелятивті байланыста болады. Бірақ басқа топтарда, мысалы бактерияларда сыртқы морфологиялық белгілер шешуші роль атқармайды, өйткені бұл жағдайда сыртқы формасының алуан т‰рлілігі шамадан тыс көп болады. Оның ‰стіне сыртқы формалары бірдей бола тұра бактериялар м‰лдем әрт‰рлі организмдерге жатуы м‰мкін. Бұл жерде шешуші рольді олардың сыртқы құрылысының белгілері емес, биологиялық жəне биохимиялық ерекшеліктері атқарады. Дəл осындай нəрсе белгілі дəрежеде саңырауқұлақтарға да тəн.
Көп жағдайда т‰рлер біршама ұсақ категорияларға бөлінеді. Олардың негізгілері мыналар:
Т‰р тармақтары (Subspecіes). Олар бір-бірінен т‰рлерге қарағанда нашар ажыратылады және т‰р тармақтарының арасында көп жағдайда аралық формалар болады. Бірақ әрбір т‰р тармағының сол т‰рдің деңгейінде басқа т‰р тармақтарынан оқшауланған немесе аздап онымен сәйкес келетін таралу облысы, өз ареалы болады.
Т‰ршелер (разновидности или вариации) (varіetas). Бір-бірінен т‰р тармақтарынан да нашар ажыратылады. Сонымен бірге оның өзінің дараланған ареалы болмайды.
Т‰р тармақтарының да, т‰ршелердің де ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын ерекшеліктері болады. Бірқатар жағдайларда т‰р особьтарының жиынтықтығы байқалады, бұл жиынтықтардың бір-бірінен айырмашылықтары болғанымен, олардың тұрақтанбаған белгілері тіршілік жағдайлары өзгерген кезде оңай өзгеріп отырады. Особьтардың мұндай топтарын формалар немесе морфалар деп атайды (forma,morfa).
Т‰рдің ұсақ систематикалық бөліктері ретінде тағы да арнайы маманданған формалар мен биотиптер бөлінеді.
Арнайы маманданған формалар туралы ұғымды негізінен саңырауқұлақтардың систематикасында қолданады. Бұл жерде негізінен паразиттік саңырауқұлақтардың ішінде, т‰рдің деңгейіндегі, бірнеше ұсақ ұрпақтан- ұрпаққа берілуі жағынан тұрақты бірліктер белгілі. Олар морфологиялық жағынан бір-біріне ұқсас, бірақ әрт‰рлі иесіне икемделуіне қарай айқын айырмасы болады. Т‰рдің мұндай бөлімдерін арнайы маманданған формалар деп атайды.
Өсімдік шаруашылығында сорт деген ұғым кеңінен қолданылады, оған мал шаруашылығында порода деген термин сәйкес келеді. Сорт деп мәдени өсімдіктің қандайда бір ботаникалық т‰рінің, т‰р тармағының немесе т‰ршесінің деңгейіндегі особьтардың тобын айтады. Ол бірқатар ұсақ, бірақ ұрпақтан ұрпаққа берілуі жағынан тұрақты белгілерімен осы т‰рдің, т‰р тармағының, немесе т‰ршенің басқа особьтарынан айырмасы болады. Сорттың морфологиялық айырмашылықтары-мен немесе белгілерімен қатар, негізгі рольді оның шаруашылықтағы маңызын айқындайтын қасиеттері атқарады.
Сорттың морфологиялық, әсіресе дәнді астықтар ‰шін қажетті белгілері- дәндерінің т‰сі, масағының қылтанақсыз немесе қылтанақты болуы, т‰кті немесе т‰ксіз болуы және т.б.
Жеміс ағаштары мен жидекті бұталардың сорттары жемістерінің көлемі, формасы және т‰сі бойынша сипатталады, т‰йнекті және тамыржемістілердің сорттарын ажыратуда өнім негізге алынады. Г‰лдерінің т‰сі мен мөлшері, т‰ктілігі, бойының биіктігі немесе аласалығы және т.б. сәндік өсімдіктердің сорттарының белгілері ретінде қарастырылады.
Сорттың физиологиялық, биохимиялық және солар арқылы анықталатын шаруашылықтағы құнды белгілеріне мыналар жатады: оның әрт‰рлі деңгейдегі т‰сімділігі, суыққа төзімділігі, құрғақшылыққа
төзімділігі, қантының көптігі, крахмалдың көптігі, ауруға төзімділігі, ерте пісуі немесе кеш пісуі, дәмділігі, ұзақ сақталуы, тасымалдауға жарамдылығы және т.б.
Ауыл шаруашылығында сорттардың маңызы аса зор. Әрт‰рлі аудандарда өсіру ‰шін, әрт‰рлі аудандастырылған сорттарды ұсынады.
Шығу тегі бір, туыстық жағынан жақын т‰рлерді біршама ‰лкен систематикалық категорияларға - туыстарға (genus) біріктіреді. Соңғысы дәл сол принцип бойынша, яғни шығу тегінің бір болуына қарай тұқымдастарға (famіlіa), тұқымдастар-қатарларға (ozdo), қатарлар- кластарға (classіs), ең соңында кластар - бөлімдерге (dіvіsіo) біріктіріледі. Осы систематикалық немесе таксономиялық бірліктердің әрқайсысын шолуды жеңілдету мақсатында, бұданда ұсақ, қосымшасы бар сол сөздермен белгіленген бөліктерге "тармақ"- "subu" бөлім тармағына (subdіvіsіo), кластармағына (subclassіs), қатар тармағына (subordo) және т.с.с. бөлуге болады. Бұлардан басқа тұқымдастарда және тұқымдас тармақтарында трибаларды (trіbus), ал туыстар мен туыстармақтарында - секцияларды (sectіo) бөледі.
Кез-келген деңгейдегі систематикалық категориялар таксон (taxon -
жекеше т‰рінде, taxa - көпше т‰рінде) деген терминмен белгіленеді.
Қазіргі кездегі системаларда өсімдіктер д‰ниесінің бөлімдері филогенетикалық систематиканың ғасырға жуық дамуының аса маңызды қорытындысының көрнісі болып табылады. Оның мәні мынада, өсімдіктер д‰ниесінің тарихи дамуы эволюциялық қатардың тек бір ғана к‰рделенген прогрессивтік формасы т‰рінде емес, біршама азды-көпті параллель дамыған эволюциялық қатарлар ретінде ж‰зеге асқан.
Өсімдіктер д‰ниесінің тұтастығын қазіргі кездегі филогенетикалық система тұрғысынан қарасақ, барлық өсімдіктердің шығу тегінің бір екендігін, олардың қандайда-бір ертедегі қарапайым организмдерден пайда болғандығын аңғарамыз. Соңғылары эволюциялық дамудың бір ғана бұтағына емес, бірнеше бұтағына бастама берген, олардың әрқайсысының құрылысы басқаларына тәуелсіз к‰рделене т‰скен (немесе керісінше, жекелеген бұтақтары морфологиялық тұрғыдан қарапайымдалған, мысалы паразиттердің эволюциясы).
Жекелеген эволюциялық бұтақтардың дербестігі, басқаша айтқанда олардың генетикалық тұрғыдан бір-біріне тәуелсіздігі, ең ‰лкен классификациялық бірліктерді-бөлімдерді бөлуге қажетті негіздің бірі болып табылады.
Бірақта эволюцияның кез-келген бұтағы жеке бөлім ретінде қарастырыла бермейді. Кейбір бұтақтардың филогенезінде к‰рт өзгерістердің кезеңдері болған болуы м‰мкін. Соған сәйкес жаңа ортада өмір с‰руге бейімделуіне байланысты өсімдіктердің құрылысында осы бұтақтың біршама ерте пайда болған өкілдеріне тән емес терең өзгерістердің пайда болуы м‰мкін. Мысалы, балдырлардың бөлімдерінің бірі эволюцияның барысында ертеректе, құрлықта өмір с‰руге бейімделген жапырақты сабақты өсімдіктерге бастама берген. Өзінің пайда болуымен эволюцияның осы шешуші кезеңінің алға жылжуына бастау болған өсімдіктердің нақтылы
формалары өздерінен шыққан ұрпақтарымен бірге біртіндеп құрлықта мекендеуге жақсы бейімделген, сондықтанда оларды ерекше бөлім ретінде бөліп қараған жөн.
Қазіргі кездегі систематикада бөлімге не басқалардан т‰гелдей бөлек тұратын эволюцияның бұтақтарын барлық тармақтарымен, немесе осы бұтақтардың тарихи дамудың ұзаққа созылған кезеңдеріне сәйкес келетін, осыған дейінгі және осыдан кейінгі кезеңдерден ерекше бөлек жаңа ортада өмір с‰руге бейімделуіне байланысты құрылысы т‰пкілікті өзгерген жекелеген бөліктерін (кесінділерін) жатқызады.
Өсімдіктер систематикасының ғылым ретінде дамуы XVІІІ ғасырдан бастап орыс ботаниктерінің тікелей және белсенді т‰рде қатысуымен ж‰рген. Қысқасы өсімдіктер д‰ниесінің системасын құруда орыс ботаниктерінің еңбектері ересен зор.
Филогенетикалық системаны құру оны барлық жағынан, негізгі бірлік т‰рден бастап ең ‰лкен бірліктерге дейін қайта талдауды қажет етеді. Бұрынғы одақтас республикалардың аса кең территориясында 160 тұқымдасқа жататын, 17,5 мыңнан астам тек т‰тікті өсімдіктердің т‰рлері кездеседі. Нақтырақ айтқанда бұлар м‰к тәрізділер, плаун тәрізділер, қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер, ашық тұқымдылар және жабық тұқымдылар. Олардың көпшілігі шекаралас және қашықтағы елдердің флорасымен ортақ, бірақ көпшілігі өзінің таралуы жағынан осы БОР-дың территориясымен шектеледі. БОР-дың флорасы т‰рлерінің алуан т‰рлілігін анықтау отандық ғалымдардың жұмысы болған. XVІІІ ғасырдан бастап патша ‰кіметінің Ресейге жұмысқа шақыруы бойынша келген ғалымдармен қатар Ресейдің өзінен де талантты зерттеушілер шыққан, олар флористикалық материалдарды көптеп жинаған. Осындай ботаниктердің алғашқыларының бірі С.П.Крашенинников (1713-1755). XVІІІ-ғасырдың басынан бастап ботаник-флористердің саны да және олардың ғылыми еңбектерінің сапасы да ‰немі өсіп отырған.
XІX ғасырдың орта кезінде сол уақытқа дейін жинақталған материалдардың негізінде Юрьев университетінің профессоры К.Ф.Ледебурдың орындауымен құрама флоралық жұмыс, "Flora Rossіca" шықты. Бұл 4 томдық еңбекке өсімдіктердің 6500-дей т‰рлерінің сипаттамасы енген. Бұл еңбек Ресейдің өсімдіктер д‰ниесін одан әрі зерттеуді бірден-бір жеңілдетті және ол б‰гінгі к‰нге дейін ботаник- систематиктер ‰шін ең бір қажетті керек мәліметтерді білдіретін кітап (справочник) болып отыр.
Совет дәуірінде флорадан ‰лкен жиынтық жұмыс "СССР флорасы"-ның бірінші томы 1934 жылы В.Л.Комаровтың басшылығымен жарық көрді. Бұл еңбектің соңғысы 1964 ж. баспадан шықты. Қазіргі кезде тәуелсіздікке қол жеткізген барлық БОР-дың өздерінің флоралары бар. Солардың ішінде академик Н.В. Павловтың басшылығымен жарық көрген 9-томдық "Қазақстан флорасы"-ның біздер ‰шін маңызы ересен зор. Бұл еңбектердің барлығының практикалық тұрғыдан маңызы ерекше. Өйткені барлық өсімдіктерге қатысты шикізатпен байланысты әрт‰рлі мекемелер мен өндіріс
орындары флоралық жинақты қажет етеді. Онсыз егін шаруашылығына және мал шаруашылығына қатысты көп мәселелер шешімін таппақ емес.
Жалпы өсімдіктер системасын т‰зу және оның негізгі принциптерін айқындап бір ж‰йеге келтіру орыс ботаниктерін әуелден қатты қызықтырған, сондықтанда олар бұл мәселеге белсенді т‰рде қатысқан. Кейбір орыс ғалымдары г‰лді өсімдіктерден және өсімдіктердің басқада ‰лкен топтарынан, сонымен бірге б‰ткіл өсімдіктер д‰ниесінен өздерінің системаларының авторлары ретінде бірқатар құнды ғылыми еңбектер жазған. Олардың ішінен Н.И.Кузнецовты (1864-1932), Н.А.Бушты (1869-1941),
А.А.Гроссгеймді (1888-1948), Х.Я.Гоби (1847-1919), Б.М.Козо-Полянскийді
(1890-1957) және А.Л.Тахтаджянды атауға болады.
Орыс ғалымдарының, әсіресе олардың эволюциялық морфология саласындағы ж‰ргізген зерттеулерінің маңызы ересен зор болған. Бұл тұрғыдан қол жеткізген көптеген зерттеулер өсімдіктердің филогенетикалық систематикасының дамуына ‰лкен әсері болған. Мұндай жұмыстардың қатарына И.Н.Горожанкиннің (1848-1904) бірқатар жасыл балдырлардың (вольвокстар) онтогенезі және ашық тұқымдылардың ұрықтануы туралы еңбектерін жатқызуға болады. И.Н.Горожанкин б‰ткіл өсімдіктер д‰ниесін мынадай ‰ш ‰лкен бөлімге: оогониалы, архегониалы және аналықты (г‰лді) өсімдіктерге бөлудің ойланып екшелген және ғылыми тұрғыдан терең дәлелденген жобасын ұсынған. Мұның соңғы екеуін кейбір систематиктер қазіргі кездің өзінде мойындап келеді.
В.И. Беляевтің (1855-1911) әрт‰рлі споралы папоротниктер мен ашық тұқымды өсімдіктердің аталық өскіншелерінің дамуын зерттеу туралы еңбектері "құпия некелі" және "ашық некелі" өсімдіктердің арасындағы филогенетикалық байланыстар жөніндегі теорияға көптеген жаңалықтар ендірді. Бұл жұмыстар төменгі сатыдағы ашық тұқымдылардың микроспораларын зерттеуге т‰рткі болды және саговниктер мен гинкголардан сперматозоидтарды табуға м‰мкіндік берді. Осы жұмыстардан кейін ашық тұқымдылар мен папоротник тәрізділердің арасындағы байланыстар т‰пкілікті шешімін тапты.
Өзінің эмбриологиялық зерттеулері мен өсімдіктердің аса маңызды топтары - г‰лді өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтауда ‰лкен табысқа қол жеткізген ірі ғалымның бірі С.Г.Навашин (1857-1930) болған. Ол жабық тұқымды өсімдіктерге ғана тән ерекше қасиет қосарланып ұрықтануды ашқан (1898). Осы жаңалығы және басқада құнды еңбектері С.Г.Навашинді ғалым ретінде әлемдік деңгейге көтерді.
Өсімдіктердің филогенетикалық системасын құру БОР-да Ч. Дарвиннің эволюциялық идеясын сын көзбен қабылдаудың негізінде ж‰зеге асырылды. А.Н.Бекетов, П.Ф.Горожанкин, К.А.Тимирязев, В.Л.Комаров, Б.М. Козо- Полянский және көптеген басқа ірі ботаниктермен қатар, бұл мәселе жөнінде орыс зоологтарының да ролі аса зор болды. В.А.Ковалевскийдің, А.О. Ковалевскийдің, М.А.Мензбирдің, Н.А.Северцовтың, А.Н. Северцовтың, И.И.Мечниковтың және көптеген басқа ғалымдардың еңбектері БОР-да эволюциялық идеяның таралуына м‰мкіндік жасап қана қойған жоқ,
сонымен бірге Ч.Дарвиннің теориясына көптеген маңызды жаңалықтар ендірген. Дәлірек айтқанда дарвинизмді жалпы биологиялық ғылым ретінде дамыта т‰скен.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің систематикасы туралы соңғы бірнеше онжылдықта шыққан әдебиеттерді оқи отырып өсімдіктердің бұл тобының бір ж‰йеге келтірген, көпшілік мойындаған бөлімдерге, кластарға бөлінгенін "Жизнь растений" деген атпен 1978-1982 жылдары жарық көрген 6 томдық монографиялық еңбектің 4-6 томдарынан көреміз. Сонымен бірге ауылшаруашылық оқу орындарының студенттеріне арналған П.М.Жуковскийдің "Ботаника"-сы мен В.Г.Хржановский, С.Ф.Пономаренконың "Ботаника"-сы да осы система бойынша жазылған. Бұл оқулықтардың екеуі де 1982 жылы баспадан шыққан.
Сонымен өсімдіктер д‰ниесінің жоғары сатыдағы өсімдіктерді т‰зетін жартылай тармағы (подцарство) "Жизнь растений"-де қабылданған системаға сәйкес мынадай 9 бөлімнен тұрады: риниофиттер, зостерофиллофиттер, м‰к тәрізділер, плаун тәрізділер, псилот тәрізділер, қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер, ашық тұқымдылар және г‰лді (жабықтұқымды) өсімдіктер (1-сурет).
Бұл жерде зостерофиллофиттер бөлімінің жағдайы біршама талас тудырарлық. Себебі бірқатар ботаниктер, мысалы Д.Бирхорст (1971) жойылып кеткен өсімдіктердің бұл тобын дербес бөлім ретінде қарастырған және ол "Жизнь растений" атты монографиялық еңбектің авторларынан қолдау тапқан. Алайда бұл көзқарасты бірқатар көрнекті систематиктер қолдамайды. Мысалы, М.В.Ломоносов атындағы Москва университетінің профессоры Тихомиров В.Н. құрастырған университет студенттеріне арналған типтік бағдарламада зостерофиллофиттер бөлімін риниофиттер бөлімінің бір класы ретінде қарастырады. Сонымен бірге м‰к тәрізділер бөлімін даму циклінде гаметофиті басым жоғары сатыдағы өсімдіктер ретінде системада риниофиттерден бұрын береді.
Біздер де бұл оқулықта м‰к тәрізділер жөнінде осы Тихомиров В.Н. ұсынған системаны қолдағанды жөн көрдік. Ал қалған бөлімдерді "Жизнь растений"-де берілген системаға сәйкестендіріп алдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет