Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет7/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   215
Бактерияның көбеюі. Бактериялар клетканың жай екіге бөліну арқылы 20-30 минут сайын қайталып тез көбейіп отырады. Бір бактерия клеткасынан қолайлы жағдайда 12-15 сағат ішінде 1 миллардқа жуық жаңа клетка пайда болып тұрады. Егер осылайша көбейіп отырса, бактериялар
65 сағат ішінде б‰кіл жер бетін жауып кетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша ‰ш тәуліктің ішінде оның салмағы жер ж‰зіндегі тірі организмдердің салмағынан бірнеше мың есе артып кетер еді. Бірақ табиғатта мұндай жағдай байқалмайды, өйткені клеткалар бір жағынан қаулап өсіп жатса, екінші жағынан сыртқы ортаның сан алуан қолайсыз жағдайына байланысты қырылып жатады. Кейбір жағдайларда бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар ажырасып кетпей, зооглея деп аталатын клегейлі шоғыр құрайды. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайларда протоплазманың тығыздалу нәтижесінде клетканың ішінде қабықпен қапталған эндогенді спора т‰зеді. Споралар өте төзімді келеді. Ауру жұқтыратын кейбір бактериялардың споралары топырақта 10-15 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қолайлы жағдайға тап болған кезде , олар тез көбейеді. Бактерияның әр бір клеткасынан бір ғана спора т‰зіледі. Сондықтан оны басқа өсімдіктердің спорасы сияқты көбею аппаратының бір буыны демей т‰рді сақтап қалудағы организмнің бейімдлігі деп қараған дұрыс.
Бактерия клеткаларында хлорафиль және пластидтер болмайды. Олардың көпшілігі т‰ссіз келеді. Кейбір бактериялардың протоплазмасында әр т‰рлі пигменттер кездеседі. Мысалы, хлоробактерияларда хлорофильге жақын ерекше пигмент жасыл бактериохлорофилл, ал пурпур бактериясында бактериохлорофильден басқа қызыл каратинойдтар болады. Бактериялардың көбісі т‰ссіз болғанмен қолайсыз жағдайларда қоршаған ортаға өзінен сары, қызыл, көк-жасыл және қызғылт бояулар бөліп шығарады
Бактериялар қоректену т‰рлеріне қарай негізінен екі топқа бөлуге болады:

  1. Автотрофты қоректенетін бактериялар өте аз, олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. А) Фототрофты бактерияның ішіндегі ең маңызды өкілі пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктер сияқты тіршілігіне жарықтың энергиясын пайдаланып ауадағы көмір қышқыл газын өзіне сіңіреді де, ауаға бос оттегін бөліп шығарады, сөйтіп өзіне қажетті көміртегін ауаның құрамындағы көмірқышқыл газынан алады. Алайда бактерияларда фотосинтез процесі жасыл өсімдіктерге қарағанда өзгеше ж‰реді.

  2. Хемотрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы) және беггиатоа (к‰кірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмір қышқыл газынан көмір тегін сіңіру ‰шін к‰рделі органикалық заттардың ыдырауының нәтижесінде және органикалық емес заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.

  3. Гетеротрофты бактериялар паразиттік немесе сапрафиттік тіршілік етеді. Паразиттері т‰рлі жұқпалы ауруларды таратып, адамда, жануарларда және өсімдіктерде тіршілік етеді. Ал, сапрофиттері өлі органикалық заттардың қалдықтарында мекендеп, олармен қоректенеді.

Бактериялардың оттегінің қатыса қарай 1) аэропты және 2) анаэропты деп екі топқа бөледі. Көпшілік бактериялар аэропты организмдер, олар оттегі бар жерде өсіп дамиды. Анаэропты бактериялар оттегі жоқ жерде тіршілік етеді. Ал факультативті бактериялар оттегі бар жерде де, оттегі жоқ жерде де тіршілік етеді. Сонымен бактериялар т‰рлі экологиялық жағдайларда кездесуі бір бактерия ‰шін қолайлы болса, екінші біреулеріне қолайсыз.
Бактерияларда зат алмасу процесі к‰рделі. Олардың тіршілік әрекеті көптеген ферменттерге байланысты: ыдырау ферменттерімен бірге қалпына келтіру ферменттері де болады. Биохимиялық жағынан алып қарағанда бактерия қарапайым құрылысты болуына қарамастан, аса к‰рделі көптеген заттарды синтездеуге қабілеті бар. Олар толып жатқан пигменттерді, витаминдерді және антибиотиктерді т‰зеді. Ал Clostridium botulinum бактериясы синтездейтін ботулин затының 1 грамы 5 млн. адамды уландырады.
Көпшілік бактериялар өзінің даму циклында белгілі бір кезеңнен өтеді, онда бактерияның тек пішіні ғана өзгеріп қоймай, сонымен қатар морфологиялық және физиологиялықта өзгерістер байқалады. Кейбір т‰йнек бактериялары алғашқы даму сатысында таяқша пішінді болса,
ересектенгенде тармақталып кетеді. Ал кейбіреуі ауадағы бос азотты бойына сіңіріп, жерді азот тұздарымен байытатын Azotobacter бұл да алғашқы даму сатысында таяқша пішінді болып келеді, кейін шар тәрізді т‰рге айналады.
Бактерия организмінің ұсақтығына қарамастан, оның даму цикылында тұқым қуалау қасиеті байқалады. Демек бактерияларда да басқа организмдер сияқты ұзақ даму эволюциясынан өткен. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты, тіршілік ортасын өзгерту арқылы, микроорганизмдердің де тұқым қуалау қасиетін өзгертуге болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет