Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР – THALLOBІONTA



бет4/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215

ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР – THALLOBІONTA


Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом, немесе слоевище деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған, көпклеткалы болады, бірақ ол ұлпаларға және органдарға (м‰шелерге) бөлінбейді (сабаққа, жапыраққа, тамырға). Жыныстық жолмен көбею органдары (м‰шелері) - оогонилері және антеридилері бірклеткалы болады. Т‰рлерінің саны жағынан және әрт‰рлі экологиялық - географиялық жағдайларда таралуына қарай төменгі сатыдағы өсімдіктер бірінші орында тұрады.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттарменде, минералдық заттарменде қоректене алады. Органикалық заттармен тек гетеротрофты организмдер (бактериялардың көпшілігі, са- ңырауқұлақтар, кілегейлер), ал
минералдық заттармен автотрофты организмдер (негізінен балдырлар және қыналар) қоректенеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің алғашқы екі бөлімінің өкілдері (вирустар, дробянкалар) жоғарғы оқу орындарында микробиоло- гия курсында толық өтіледі, сондықтанда біз олардың біріншісіне м‰лдем тоқтамаймыз, ал екіншісі негізгі бөлімдердің бірі болғандықтан оған аздап тоқталуды жөн көрдік.

Дәріс 2. Тақырып: Дробянкалар бөлімі. (Schizophyta) 1 сағат.


Дәрістің мақсаты. Студенттерді Дробянкалар көкжасыл балдырлар бөлімдерінің өкілдерімен таныстыру. Көбею жолдарына мән беру.

Қарастырылатын мәселелер.


  1. Прокариоттар.

  2. Дробянкалар бөлімі.

  3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі.

Дробянкалар өз атын көбею жолдарына байланысты алған. Олардың көбеюі ядролық апараттарынаң бөлінуіне әкеп соқтыратын клеткаларынаң жай екіге бөліну арқылы ж‰реді.


Бұл бөлімнің өкілдері прокариоттардың ең негізгі топтарын құрайды, оған 3000-дай т‰рі жатады. Дробянкалардың басым көпшілігі гетеротрофты организмдер, тек тек аздаған бөлімі ғана афтотрофты (фото-және хемоавтотрофты). Дробянкалар қоректік заттарды клетка қабықтары арқылы сорып қоректенеді. Олардың ішінде аэробты және анаэробты т‰рлері бар.
Дробянкаларға бактериялар, актиномицеттер, миксобактериялар, микоплазмалар және спирохетталар жатады. Бұл микроскопиялық ұсақ организмдер барлық ортада өте кең тараған.
Дробянкалардың цитологиясы прокориоттарға тән. Олардың ядролық апататтарын нуклеоид (латын тілінен аударғанда –ядроға ұқсас) деп атайды. Нуклеоид клетканың цитоплазмадан ядролық мембрана арқылы ажыратылмаған. Ол ядролық апараттың ең қарапайым т‰ріне берілген. Дробянкаларда ядрошықта, жақсы жетілген хромосомаларда жоқ, жәнеде олардың саны біреуден аспайды. Мысалы бакерияларда генетикалық материял (зат) ДНК-ның бір ғана ‰лкен малекуласынан тұрады. Бұл малекула бактерияның хромосома деп аталынады. Оны электронды микроскоппен қарағанда нуклеоидтың қуысын толтыратын микрофибиллерлық денелер (структура) т‰рінде берілген. Нуклеоидтағы ДНК-ның тығыздығы, нағыз ядродағыларға қарағанды жалпы төмен. Дробиянкалардың клеткаларында ДНК жіпшесі (хромосома) бір бөлімімен цитоплазмалық мембранаға бекініп тұрады, немесе осы мембрананың өсінділері мен ерекше өсінділерімен байланысып тұрады. Сонымен дробянкалардың цитоплазмалық мембранасы нуклеоидтардың бөлінуіне қатысы бар. Ол эукариотты организмдердің веретеносының қызметіндей қызмет атқарады. Дробянкалардың ядролық апаратында эукариоттардың хромасомасында болатын гистон деп аталатын белоктар кездеспейді.
Дробянкаларды митозда және миозда белгісіз; жыныс процесі, егер ол бола қалған жағдайда копулляция типімен ж‰реді. Ядролық фазаларының ( диплойдты және гаплоидты) алмасуы байқалады.
Басқа айырмашылықтарының эукариоттың клеткаларында болатын бірқатар органойдтардың дробянкалардың клеткасында болмауы. Мысалы, дробянкаларда митохондрий болмайды, бірақ олардың қызметін цитоплазманың мембранасының 1)өскіндері мен 2) қатпарлары және 3) мезосомалар атқарады. Мезосомалар дегеніміз өз бетімен дене т‰зе алатын к‰рделі мембраналық структуралар, олар кейде цитоплазмадан өздерінің мембраналары арқылы бөлініп тұрады. Мезосомалар сонымен бірге Гольджи аппаратының қызметін атқарады. Бұл структуралар тек прокариоттарда ғана белгілі, ал эукариоттардың клеткаларында олар кездеспейді,.
Прокариоттарда пластидтар болмайды. Фотоафтотрофты бактерияларда фотосинтетикалық аппарат әрт‰рлі құрылысты мембраналық структуралардан пайда болады, тиллакоидтардан, трубочкалардан, көпіршіктерден (оларды кейде балдырларға ұқсатып хроматофоралар деп атайды) Бұл структуралар тікелей цитоплазмада болады, оларға фотосинтездік пигменттер жиналған. Бұл пигменттер бактерия хлорофил a, b, c, d және каратинойдтар т‰рінде берілген. Химиялық құрылысы жағынан бұл пигменттер балдырлардың және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің пигменттерінен айырмасы болады.
Дробянкалардың клетка қабығының құрылысында эукариоттардікінен біршама өзгеше болады. Дробянкалардың клетка қабығының құрамында саңырауқұлақтармен өсімдіктер клеткаларына тән хитин және целлюлоза болмайды. Клетка қабығының негізгі каркасы гликопептид муреиннен тұрады. Дробянкалардың клетка қабығы қатты болады, сондықтан да олардың клеткалары тұрақты формалары сақтайды.
Дробянкалардың қоғалғыш формаларының жіпшелері өте қарапайым болып келеді. Олар флагеллин белогынан құралған қарапайым фибрилляр жіпше т‰рінде берілген. Бұл жіпшелер цитоплазма мембранасының астынан басталып, сонда парымен орналасқан дискалардың көмегімен бекиді. Жіпшелердің құрылысының осындай болуы бактериялардың барлығына және актиномицеттарге тән. Дробянкалардың эукариоттардан негізгі цитологиялық айырмашылығы осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет