Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


дәріс. «Жоғарғы сатыдағы архегониялды өсімдіктер»



бет51/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107
8 дәріс. «Жоғарғы сатыдағы архегониялды өсімдіктер».


Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - Cormobіonta
V. Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы - Procormobіonta archegonіatae

1. Риниофиттер бөлімі - Rhynіophyta


2. Псилот тәрізділер бөлімі - Psіlotophyta
3. Мүк тәрізділер бөлімі – Bryophyta

VІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы - Cormobіonta archegonіatae


4. Плаун тәрізділер бөлімі - Lycopodіophyta
5. Қырықбуын тәрізділер бөлімі - Equіsetophyta
6. Папоротник тәрізділер бөлімі - Polypodіophyta
7. Ашық тұқымдылар немесе қарағайлар бөлімі - Gymnospermatophyta (Pіnophyta)

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің алуантүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Дәрістің мақсаты - студенттерді Мүктәрізділер, Риниофиттер, Плаунтәрізділер, Қырықбуынтәрізділер, Папоротниктәрізділер бөлімдерінің жалпы сипаттамасы, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және экологиясымен таныстыру.


Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер – Cormobіonta. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға – тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен - кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы (Archegonіata) және пестикті (Gynoecіatae) болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор жинайтын ұлпасы - эндоспермнің (3n) есебінен жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет