Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет82/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   107
Маралоты туысы (василистник - Thalіctrum). Европада, Азияда, Африкада және Солтүстік Америкада кең таралған 60-тай түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 19 түрі, ал Қазақстанда 8 түрі өседі. Қазақстанда кең таралған өкілдерінің бірі шөмішгүлжапырақты маралоты (василистник водосборолистный- Th. aquіlegіafolіum), ол биіктігі
1 м-дей болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) - 600-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған және ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда және т.б. жерлерде доминант болып саналады. Сарғалдақтың түрлері барлық континенттерде кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57 түрі бар. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий - R.acrіs) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый- R.aurіcomus), улы сарғалдақ (лютик ядовитый - R.sceleratus) және басқалар. Барлық түрлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Гүлінің формуласы:
 Ca 5 CO 5 A G.
Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
Тұқымдастың құрамына 450-дей түр кіреді (28-30 туыс). Әдетте шөптесін өсімдіктер, кішігірім ағаштары мен бұталары да болады. Солтүстік ендіктің тропикалық, субтропикалық және қоңыржай климатты облыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп (кейде топтасып) орналасады, әдетте олардың шеттері тілімделген, қосалқы жапырақшалары жоқ болып келеді. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен бунақты шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алколоидтары бар, әсіресе морфин, кодеин, пантопин және тағы басқа да апиыны бар сүтті шырындары болады (қызыл, сары, ақ түсті). Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиноморфты, сиректеу зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы гүлдеу-дің бастапқы кездерінде-ақ түсіп қалып отыратын 2- тостағанша жапырақшадан, ал күлтесі 4 дұрыс қаптар-ланбаған күлте-жапырақша-дан тұрады, кейде соңғысы-ның саны 12-ге жетеді. Андроцейі көптеген шеңбер-дің және спиральдің бойы-мен бос орналасқан аталық-тардан тұрады. Олардың саны кейде 4-тен немесе 6-12-ден аспайды.
Гинецейі ценокарпты, екі немесе бірнеше жемісжапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы, 2- немесе көп ұялы болып келеді, аналықтың ауызы барлық уақытта отырмалы. Гүлдері үлкен, бояуы қанық, біреуден немесе симподиальды гүлі аз болып келетін гүлшоғырынан тұрады. Жемісі қорапша.
Көкнәр туысы (мак - Papaver ). Тұқымдастың ең үлкен туысы, оған 120-дай түр жатады. Оның 50-і БОР-дың флорасында, ал 11-түрі Қазақстан флорасында кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен, бояуы қанық болып келеді. Апиын көкнәрін (мак снотворный-P.sommіferum) май алынатын дақыл ретінде себеді, өйткені оның дәнінде 50% дейін май болады. Сонымен бірге одан медицинада қолданылатын апиын алынады. Шығыс көкнәрісінің (мак восточный- P.orіentalіs) гүлі үлкен, ашық-қызыл түсті болып келеді, сәндік өсімдік ретінде бақтарда отырғызылады. Сеппе көкнәр (м. самосейка - P.rhoeas). Егіндіктің біржылдық арамшөбі.
 Ca2 Co 2+2 A G.


Орталық тұқымды, немесе қалампырлар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы - centrospermae monochlamydeae
Гүлсерігі қарапайым, кейде екі шеңберлі, тостағанша және күлте жапырақшаларға бөлінбеген, көп жағдайда тостағанша түрінде болады. Бұл желмен тозаңданатын өсімдіктерге тән.
Қалампырлар тұқымдасы (гвоздичные) - Caryophyllaceae
Түрлерінің саны жағынан аса үлкен тұқымдас. Өкілдері солтүстік ендіктің қоңыржай климаиты елдерінде кең таралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Дүние жүзі бойынша 2000-нан астам түрі бар (80 туыс). БОР-дың флорасында 600-дей түрі, ал Қазақстанда - 215 түрі кездеседі.
Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама- қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбінде болмайды немесе аздаған түрлерінде ғана болады. Гүлдері дихазиялы немесе жалғыздан, актиноморфты, қосжынысты, сиректеу даражынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі болып келеді. Гүлсерігі қосарланған, сиректеу қарапайым, 5- мүшелі. Тостағанша жапырақшалары біріккен (сылдыршөптерде- у смолевковых- Sіlemoіdeae) немесе бос жапырақшалары бірікпеген (алсиналарда- у алсиновых- Alsіnoіdeae), 4-5 тісті болып келеді. Күлте жапырақшалары (4-5) тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтарының саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жеміс- жапырақшадан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы, бір ұялы, аналықтың мойындары (столбик) біріккен немесе бірікпеген болып келеді. Тұқымбүрлері көп. Жемісі- жоғарғы лизокарпты қауашақ, немесе жоғарғы лизокарпты шырынды жеміс. Тұқымының иілген ұрықты қоршап тұратын периспермі болады. Негізінен жабайы өсімдіктер, мәдени жағдайда ендірілгендері өте аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет