Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет31/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Дәріс №10
Тақырып: Кадрлық резервті басқару
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Жоғарылатуға резервті басқару стратегиясы мен жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
2. Резервке үміткерлерді таңдаудың жалпы қағидалары


Дәрістің мақсаты: Жоғарылатуға резервті басқару стратегиясы мен жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі сипаттау. Кадрлық резервті жоспарлаудың мақсатын талдау. Резервті қалыптастыру туралы жалпы талаптарды айқындау. Резервті қалыптастырудың тәртібі мен әдістемесін жіктеу.


1. Жоғарылатуға резервті басқару стратегиясы мен жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі. Кадрлық резерв – бұл жоғары деңгейдегі жетекшілік қызметке жоғарылату үшін арнайы қалыптастыратын және дайындалған қызметкерлер тобы. Бұл қызметкерлер:

  • Жетекшілік қызмет үшін қажетті арнайы дайындық иесі болуы

  • Талап етілетін іскерлік және жеке тұлғалық қасиет иесі болуы, олардың көрініс дәрежесі белгілі бір деңгейдегі жетекшілік қызметке маманның жарамдылығын белгілейді

  • Өндірістік қызметке талап етілген нәтижелерге қол жеткізуі қажет.

Кадрлық резервпен жұмыс жүргізу ең алдымен персоналдың дамуына, оның кәсіби өсуі мен мансап жасауын жетілдіруге бағытталған.
Кадрлық резервті жоспарлаудың мақсаты – персоналдың алға басуы, олардың дәйектілігін және олармен бірге болатын іс-шараларды болжау. Ол нақты қызметкерлерді жоғарылатудың барлық тізбегін қарап шығуды талап етеді.
Жоғарылатуға резервті басқару стратегиясының негізгі элементтері. Кадрлық резерв жоспарлы жұмыс ауыстыру жобасы түрінде құрастырылуы мүмкін.
Басқарушылардың лауазымын ауыстыру жобасын жасау лауазымдық талаптар мен олардың өзара байланыстарын талдаудан басталады. Ең алдымен аппаратындағы маңызды лауазымдар дайындауға мүмкіндік береді.
Басқару аппаратында лауазымдар төмендегідей сәйкес ауыстырылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет