Дәріс 13 Биологиядағы цифрлық технологиялардың маңызы мен жетістіктері


«Ботаника және фитоинтродукция институты»



бет3/3
Дата01.05.2023
өлшемі20,49 Kb.
#88692
1   2   3
«Ботаника және фитоинтродукция институты». 1946 ж. Алматы қаласында құрылған. 1995 жылы Ботаника институты (1945) мен Бас ботаника бағының (1932) жергілікті аймақтарда орналасқан төрт бақпен бірігуі негізінде Ботаника және фитоинтродукция институты ретінде қайта құрылған. Қазіргі заманғы ботаниканың көптеген салаларын (флоратану, өсімдіктер жіктелімі, геоботаника, палеоботаника, қор тану, экология, интродукция), сондай-ақ өсімдік әлемінің екі әлемі – жоғары ағзалы өсімдіктер мен төмен ағзалы өсімдіктерді (саңырауқұлақтар мен балдырлар) зерттейтін ірі ботаника орталығы. Ботаника зерттеулердің кешенді жүргізілуі өсімдіктер әлемін сақтау мен тиімді пайдалану стратегияларын құру мақсатында оның әр түрлі деңгейлерінде (биоценотикалық және флоралық) жүріп жатқан процестер туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
«М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты». Молекулалық биология және биохимия институты Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1983 жылғы 22 ақпандағы No 83 қаулысымен құрылды. Институт Қазақстанда заңды түрде молекулалық биология, генетикалық және жасушалық инженерия, молекулалық генетика және молекулалық медицина, ғарыштық биология және биотехнология, молекулалық иммунология және иммунобиотехнология, этно- және палеогеномика сияқты ғылыми салалардың негізін салушы болып табылады.
«Генетика және физиолоия институты».  Ұйымдасу деңгейі әр түрлі эукариотты организмдер геномын құрылымдық-функционалдық талдау; прокариотты және эукариотты организмдердегі мутация процесінің механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу, ко- және антимутагенез мәселелерін зерттеу, табиғи генотоксиканттардың әсері салдарларына талдау жасау; белгілерді генетик. және цитогенетикалық талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және жетілдіру; онтогенездің цитогенетикалық және молекулалық-генетикалық негіздері және оларды реттеу.


Тапсырма: Қазақстандағы биология саласы бойынша ғылыми зерттеу институттарының қазіргі жағдайы мен ғылыми жетістіктері (презентация)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет