Дәріс №7 «этика және эстетика»


БАҚЫТ – этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология



бет5/9
Дата01.12.2022
өлшемі198,27 Kb.
#54073
1   2   3   4   5   6   7   8   9

БАҚЫТ этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің «Никомах этикасы», Сенеканың «Бақытты өмір жайында», Фома Аквинскийдің «Бақыт туралы трактаты», А.Августиннің «Бақытты өмір сүру туралы», Әл-Фарабидің «Бақыт жолына сілтеу» және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама көп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.

БАҚЫТ – этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің «Никомах этикасы», Сенеканың «Бақытты өмір жайында», Фома Аквинскийдің «Бақыт туралы трактаты», А.Августиннің «Бақытты өмір сүру туралы», Әл-Фарабидің «Бақыт жолына сілтеу» және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама көп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.

Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:

• Бақыт дегеніміз – жолы болып, «жұлдызы жанғандық».

• Бақыт – қуаныш, ләззат және жан қызығы.

• Бақыт дегеніміз – ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.

• Бақыт – өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған «төрт құбылаң түгелдік» күйі.

ЭСТЕТИКА

  • Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

"Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.

  • "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.
  • А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
  • Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
  • Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет