Дәріс №9 Тақырып: Территорияның әлеуметтік-демографиялық потенциалы Мақсаты: Халықтың территориялық орналасу топтары мен жүйесін және олардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық потенциалына сипаттама беру


Территорияның демографиялық жағдайы



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі20,22 Kb.
#47307
1   2   3
Территорияның демографиялық жағдайы
«Демография» деген термин ғылымда гректің «demos» яғни «халық» деген сөзінен пайда болған. Бұл–жалпы дүние жүзінің, оның аймақтарының, аудандарының, мемлекеттерінің, қалаларының, т.б не белгілі территорияның халқының ұдайы өсіп өнуін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Демографиялық процесстер халықтың ұдайы өсіп өнуі, ұрпақтың алмасуы, халықтың өсу қарқыны және сипаты, өсім, өлімнің деңгейі т.б. Олар территорияның басқа да қоғамдық процесстердің дамуымен тығыз байланысты. Территорияның әлеуметтік–экономикалық дамуда демографиялық процестер басты роль атқарады. Сондықтан, белгілі бір территорияның халқының экономикалық–географиялық тұрғыда зерттегенде жоғарыда айтылған демографиялық көрсеткіштерді кеңінен пайдалануға тура келеді. Территорияның демографиялық заңдылықтарын зерттеу 2 бағыттан тұрады:
Бірінші бағытта халықтың территоиялық топтары қаралады. Яғни, салыстырмалы– географиялық әдістерді қолдана отырып, континенттердің, мемлекеттердің т.б. халқының территориялық ерекшеліктері зерттеледі.
Екінші бағытта елді–мекендердің жүйелері, олардың типтері: аса ірі, ірі, орташа, кіші қалалар т.б. типтері зерттеледі. Мұнда белгілі бір елді–мекен кешенді түрде: тұрғындары, материалдық негізі, және формалары, өндірістік, тұрммыстық, қоғамдық т.б. ғимараттар, олардың орналасуы, жағдайы, территориялық орнының ерекшелігі т.б жан–жақты қаралады.
Халықтың территориялық орналасу жүйелері
Халықтардың белгілі бір территорияда орналасуына экономикалық және әлеуметтік– географиялық талдау жасау бірнеше деңгейден, халықтың орналасуын–территориялық жүйенің қоғамдық ұдайы дамуының бір бөлігі ретінде қарау, орналасуының нақтылы жүйелерін зерттеу, жекелеген елді-мекендерді, ал қала болса оның ішкі ерекшеліктерін зерттеуден тұрады.
Халықтардың орналасуы деген ұғымды территорияның қоныстану ерекшеліктерінебайланысты әр түрлі елді–мекендер жүйелерінің пайда болуы деп түсіну керек.
Сондықтан адамдардың тұрақты немесе уақытша шоғырланған жерлерін елді-мекендер деп атайды, ал бір-бірімен жапсарласып салынған тұрғын үйлері бар және адамдардың саны 10-нан асса елді-мекен пункттерін құрайды. Елді-мекендер тек қана тұрғынды жер емес, ол адамдардың өндірістік және қоғамдық әрекеттер жасайтын жері. Сондықтан, мұндай елдімекенді адамдардың өмір сүруге және өндірістік әрекет жасауға керекті (тұрғын үйлер, өндірістік және коммунальдық ғимараттар, жолдар, т.б.) формаларды біріктіретін кешендер деп есептеу керек. Сонымен, қоныстану процесі арқылы территорияда пайда болған барлық елді-мекен жүйелері халық географиясы ғылымының басты зерттеу объектісі болып есептеледі.
Территориядағы халықтың орналасу жүйелерін мынандай көрсеткіштермен анықтайды: елді-мекендердің географиялық орны, халықтың тығыздығы (қалалық, ауылдық, барлығы), елдімекен тұрғындарының саны (тығыздығы, түрлері), функциональдық типі (қала және ауыл елді-мекендерінің ара қатынасы, әр түрлі типтері), орналасу динамикасы (елді-мекендердегі тұрғындардың өсуі), байланысы (елді-мекендер арасындағы миграцияның түрлері).
Халықтың орналасуына табиғат ортасы көп әсер етеді. Бірақ табиғат ортасы халықтың тығыздығына, халықтың орналасуына байланысты рөл атқармайды. Адамзаттың әлеуметтік– экономикалық дамуына байланысты табиғаттың әсері азая береді. Халықтың тығыздығының жалпы көрсеткіштерінің синтездік маңызы бар. Яғни, халықтың тығыздығы сол жердің табиғат жағдайы, шаруашылығын және оның типтерін анықтауға көмектеседі. Халықтың тығыздығының ұлғаюы сол территорияның шаруашылығының, жұмыс қолын көп керек ететін өндіріс салаларының, халық тұтынатын өнеркәсіптердің орналасуы мен дамуына әсер етеді.
Халықтың тығыздығының жоғары болуы көбінесе қалалардағы өнеркәсіптің дамуына байланысты. Бірақ тығыздықтың жоғары болуы өнеркәсібі дамыған индустриалдық елдерде де, ауыл шаруашылығы дамыған аграрлық елдерде кездеседі. Егер халықтың тығыздығын әрбір елдің территориялық ерекшеліктерімен байланыстырып қарасақ, әрқашанда әр түрлі.
Халықтың тығыздығы көбінесе өндіргіш күштерінің дамуы деңгейіне байланысты болып келеді, әсіресе транспорттың дамуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет