Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі


Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пəнаралық байланыстың философиялық негізі



бет36/53
Дата15.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#138470
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
Дәріс Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеÑ

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пəнаралық байланыстың философиялық негізі

Қазіргі кезде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырылған В. В. Давыдов, Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, т.б. болды.
Пəнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың құбылыстардың бірімен бірінің өзара байланыс- тылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен- бірі байланыста болады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Адамды биологиялық жəне əлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оны тұлға деп түсінуі философия ұғымына жатады. Тұлға нақты тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам мен қоғамның арақатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Осыған байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді. Тұлға белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағы бірігуінің нəтижесі.

      1. биогенетикалық нышандар;


      2. əлеуметтік қатынастар:


      3. психоəлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуінің нəтижесі.


Қазіргі кезде тұлғаның мəні жайында екі негізгі концепциялық көзқарас бар:


  1. тұлғалық адамның функциялық сипаттамасы;


  2. тұлғаның əлеуметтік мəніне қарай сипаттамасы;


Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы философия ғылымы тұлғаны атқаратын рөліне қарай сипаттамай, мəніне қарай сипаттау, бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-құлқы мен ерік күшінің қайнар көзін, белсенді іс-əрекеттің субъектісі екенін анықтап береді. Тұлға – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрінісі, дүниені танып, білудің жəне өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық жəне басқа əлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға əрдайым əлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылым мен техника дамыған сайын əлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам – біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мəнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үдерісі арқылы жүзеге асады. Адамзаттың қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қасиетті шарттарының, жағдайлардың болуына байланысты.


Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап, адамның білім системасында философияның алатын орнын анықтау ғылым мен философияның шыққан тегі, түп тамыры бар екенін көрсетеді. Философия мен қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы білімнің арақатынасында үш негізгі тарихи кезеңді аңғаруға болады:

  1. Ертегілердің алғашқы біртұтас білімдерінің жиыны барлық пəндерді қамтитын философия деп аталады; бұл алғашқы білім, ғылым бастамаларын да философия бастамаларын да қамтыды.


  2. Білімдердің мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып біртұтас жиынынан бөлініп шыға бастауы; бұл үдеріс көптеген ғасырлар бойы, əсіресе 17-18 ғасырларда жылдамдата жүрді;


  3. Бірқатар ғалымдардың теориялық тарауларының қалыптасып олардың біртіндеп интеграциялануы, бірігуі.


Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге нақтылы шындықты түсіну кезінде көшті. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану-сезіну мен түйсінуге сүйсініп, қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту, эмоциялық бейнені қабылдау тұрғысында жүзеге асты. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатындығын өмір көрсетіп отыр.


Негізінен, оқу пəндері əр ғылымның логикасына сүйенетіндік- тен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті – дара байланыстылықты танып- білу. Ең бастысы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты – диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пəннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан əрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндірумен шектелмей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланысын, кезінде материалдың өзара байланысының бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, əлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде, əрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пəнаралық байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденіске, ұлы педагог, ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады.
Философ М. Орынбеков Абай философиясының негізгі адам проблемасы екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағыны – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін-өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық. Абай аңсаған адам тəрбиесі үнемі оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді. Əсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тəрбиесін жоғары деңгейге көтеру Абай шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тəрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орны ерекше. Осындай тəлім-тəрбиені мұғалімдер қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы сабақ өту үдерісінде пəнаралық байланыс негізінде қалыптастыру арқылы оқушыларға жеткізе алады.

Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік байлығынан гөрі рухани байлығын дəріптеген. Ғұлама ақын тұлға арасындағы қарым-қатынасты, тіл байлығын, ақылдылық пен тапқырлықты, əділеттілікті уағыздаған. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр. Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады.


Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология жəне жеке пəн əдістемелерінің де бір-бірімен байланыс бар. Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің бір-бірімен байланыстылығын философтар да ерекше атап көрсетті. Мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пəнаралық байланысын сақтап отыру. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыс кезінде оқушылардың ойының тиянақталуына, қиялдауына ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда білім мазмұнының тиімділігі, оқытудың тиімді əдістерін іздестіру жолдары пəнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет