Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет44/53
Дата15.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#138470
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
Дәріс Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеÑ

Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы тəрбие құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын əлеуметтік институтқа мектеп, жанұя жəне əлеуметтік орта жатады. Нəтижесі тəрбие беретін осы үш бастаудың əрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған. В. А. Буховалов ынтымақтастық педагогикасының ұстанымдарын айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттерін тəрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс жəне мектептің жалпы тұтас педагогикалық үдерісінде ынтымақтастық орнатудың жаңа əдістемесін жасады. В. А. Буховалов ынтымақтастық педагогикасының ұстанымдары деп төмендегілерді:
  1. педагогикалық үдерістің адамгершілік жəне шығармашылық бағыттылығы;


  2. жариялылыққа негізделген қарым-қатынас;


  3. шығармашылық əрекетке деген мотивацияны дамыту;


  4. өз бетімен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу білігін дамыту;


  5. шығармашылық əрекет əдістерінің жетекші рөлін көрсетеді.


Ол тəрбиенің мазмұндық негізін тұлғаның адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттері құрылымының тығыз байланысында қарастырады.


Ынтымақтастық педагогикасы жайлы ұғым. Көп жылдар бойы бастауыш білім беретін мектептің оқыту жəне тəрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық үдерісті жоғары ғылыми-əдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дəстүр бойынша оқытудың əдеттегі əдістерін, қағидаларын қолданып, жастарға білім жəне тəрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп корытынды жасады.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нəтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес, əсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тəсілдері тіпті жоқ болса, егер пəнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе – онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс жəне дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тартуымыз керек. Əйтпесе балаларды оқытуға болмайды, – дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нəтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту үдерісін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген – олар. Мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді. əдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады. Адамгершілік жəне ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тəрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ,
ынтымақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы жəне оларды оқу-тəрбие үдерісінде қолдану. Тəрбие мақсатын жүзеге асырудың орта жəне жоғары мектеп зор рөл атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады.

Тұлғаның дамуы мен тəрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:


  • тəрбие мақсатының реализм идеясы;


  • бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың бірлесу іс- əрекетінің идеясы;


  • тəрбие бағыттарының дербес идеясы;


  • тəрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;


  • өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;


  • қиын мақсаттық идеясы;


  • сүйеніш идеясы;


  • ірі блоктар идеясы;


  • ата-аналармен ынтымақтастық;


  • мұғалімдердің ынтымақтастығы;


  • өзін-өзі сыйлау идеясы;


  • өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет