Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет43/53
Дата15.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#138470
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Байланысты:
Дәріс Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеÑ

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
  1. «Жеке тұлға», «тұлғаға бағытталған оқыту» ұғымдарына сипаттама беріп, тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияның басқа оқыту технологиялардан айырмашылықтарын талдаңыз. Жауабыңызды мысал арқылы негіздеңіз.


  2. Тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияның бастауыш мектептің оқу үдерісінде пайдалану əдістемесінің ерекшеліктерін анықтаңыз.





Ұсынылатын əдебиеттер:
  1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.


  2. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –


Алматы, 2004.


  1. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.


  2. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі


  • сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.


  1. Педагогические технологии: Методические рекомендации


/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.


  1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.- М.:Народное образование, 1998.


  2. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.




    1. Ынтымақтастық педагогикасы

К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, Ж. Ж. Руссо, Я. Корчак, К. Роджерс, Э. Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық педагогикасы туындады.
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты
анықталған:

  1. Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа көшу.


  2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау.


  3. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі.


Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды


«мұғалім – оқушы» алады. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге əрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
Балаға ізгілік – тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты – жеке тұлғаның толық жəне азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тəрбие үдерісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі жəне жариялылығы нəтиже бермейтін əдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру, ізгілік, жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді.
Дидактикалық белсенді жəне дамытушы кешен. Бала- ны «қалай» жəне «неге» оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамы ту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік дағдылары жəне ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
Оқу үдерісін формасы мен əдістерін жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р. Штейнердің азат таңдау идеясы, С. Н. Лысенкованың алдын ала тапсырма беру, П. М. Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В. А. Сухомлинскийдің сыныптағы зияттық фоны, Л. В. Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту, И. П. Волковтың шығармашылық жəне орындаушылық қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
Тəрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тəрбиенің дамуына сəйкес: білім мектебін тəрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тəрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық құндылықтарды қалыптастыру, тəрбиенің ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мəдени дəстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық жəне ұжымдық тəрбиені ұштастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеоло- гиясы білім беру мазмұнын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет