Ұсынылатын əдебиеттер:
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995.
Гузеев В. В. Образовательная технология: от приема до философии. – М.:» Сентябрь», 1996.
Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. – Ростов-на-Дону, 2000.
Левитес Д. Г. Практика обучения современные образователь- ные технологии. – М., 1998.
Селевко Г. К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997.
Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –
Владивосток, 2000.
10. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ІЗГІЛЕНДІРУ ЖƏНЕ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ НЕГІЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология.
Ынтымақтастық педагогикасы.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили бойынша).
Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген əдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин).
Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның əсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға оқу-əдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудің ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И.Гербарттың дəстүрлі объект – субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға жəне өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара əрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дəл келеді:
«Жеке тұлға» – бұл адамның психикалық, рухани мəні, ол əр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тəн:
адамның əлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
өзіне жəне өзімен-өзінің, дүниеге жəне дүниемен қатынастарының жүйесі;
іс жүзіне асырылып жүрген əлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық əрекеттерінің жиынтығы;
айналадағы қоршаған əлемді жəне онда өзін-өзі жете түсінуі;
қажеттілік жүйесі;
шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
сыртқы жағдайлар əсерінің жиынтығы жəне т.б. (Г. К. Селевко)
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі
Тұлғаға бағдарлы технология мектептегі білім беру жүйесінде баланың табиғи əлеуетін жүзеге асырып, жан-жақты дамуы үшін ұрыс-жанжалсыз жəне қауіпсіз жағдай тудыруды басты мақсат етіп қойып отыр. Бұл технологияның негізінде ізгілік философиясы жатыр. Педагогтің міндеті – өз мүмкіншілігін барынша жүзеге асырғысы келетін, өмірде болатын əртүрлі жағдайлардан жауапкершілікпен жол таба білетін тұлғаны тəрбиелеу.
Тұлғаға бағдарлы технология адамды танып-білуге ізгіліктілігімен, жүйкелік емдік бағытымен, баланың жан-жақты, азат, шығармашылық жағынан дамытуды мақсат етіп қоюымен ерекшеленеді.
Ынтымақтастық технологиясы педагог пен оқушы арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық, серіктестік қарым-қатынасын жүзеге асырады. Оқушы мен мұғалім ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, ортақ мақсатқа жету үшін іс-əрекеттің барысы мен нəтижесін бірігіп талдайды.
Азат тəрбиелеу технологиясы баланың өмірлік іс-əрекетінде өз бетінше шешім қабылдауға, таңдау жасауға мүмкіндік береді. Таңдау арқылы бала субъект ұстанымын жүзеге асырады. Ол қорытындыға сыртқы күштердің ықпалы емес, ішкі түрткілер арқылы жетеді.
Эзотериялық технологиялар ақиқат пен оған баратын жол туралы эзотерия (белгісіз, бейсана) туралы ілімге негізделген. Педагогикалық үдеріс – бұл қарым-қатынас, хабарлама емес ақиқатқа жеткізу. Эзотериялық технологияда баланың өзі ғаламмен ақпараттық қарым-қатынас жасау орталығы болып табылады.
Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология дамуының бастауы Бахтин-Библер мəдениетінің тұжырымдамасында жатыр. Бұл ережеде жалпылама диалог адам санасының негізі деген идея жатыр.
Кез келген педагогикалық технологиялардың дəстүрлі дидактикалық жүйесінің негізінде түсіндіру жатса, тұлғаға бағытталған білім беруде түсінушілік пен өзара түсінушілік жатыр. В. С. Библер бұны былайша түсіндіреді: түсіндіру кезінде жалғыз сана, бір ғана субъект, монолог; түсінушілікте екі субъект, екі сана, өзара түсінушілік, диалог. Түсіндіру – үнемі жоғарыдан төмен қарау, ақыл, өсиет болса, түсіну бұл қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара қарым-қатынастағы теңдік.
Түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, əлеуметтік бақылаудан дамуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу тұлғаға бағдарлы педагогикалық технологияның іргетасын қалайды. К. Н. Вентцельдің айтуы бойынша, педагогтің негізгі бағдары –
«затты» танып білуге емес, қарым-қатынас жасауға, оқушылармен өзара түсінушілікке, оларды шығармашылық үшін «босатуға» бағытталуы қажет. Жеке тұлғалық білім беру кеңістігінде шығармашылық, ізденушілік негізгі тəсіл болып табылады. Бірақ балалардың өз бетінше білім берудегі шығармашылық міндеттері мен өмірлік мəселелерді шешу үшін рухани, дене жəне ақыл-ой мүмкіндіктері жете дамымағандықтан педагогикалық қолдау мен көмек көрсету қажет.
Қолдау бастауыш сынып мұғалімінің балаға деген ізгілік ұстанымын көрсетеді. Балалар мұғалімнен көмек жəне қорғауды күтсе, мұғалім өз тарапынан бала өміріне, денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, дамуына деген жауапкершілікті саналылықпен сезінеді.
Ш.Амонашвилидің іс-əрекетінде қолдау үш принципке негізделген: біріншісі – баланы жақсы көру; екіншісі – бала өмір сүретін ортаны адамдандыру; үшіншісі – балалық шағын өткізу.
В. А. Сухомлинский педагог өзінде балалық шақтың сезімін сақтап қалуы керектігін атап айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсаты: баламен болып жатқан өзгерістерді жəне оны түсінуге қабілеттілігін дамыту; баланың қылықтарына ақылмен қарау; бала бір нəрсені əдейі бұзбайтынына, қаталесуіне сену; ол туралы жаман, əділетсіз ойламау; ең бастысы баланың жеке тұлғалық қасиеттерін бұзбай қатесін түзетіп, дамыту.
Тұлғаға бағдарлы технологиялар əр баланың тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес келетін оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табуға тырысады. Психодиагностикалық əдістерді қолданып, баланың іс-əрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты өзгертеді. Оқытудың алуан құралдарын пайдаланады, білім беру мазмұнын үйлестіреді. Шетел зерттеушісі К.Роджерс педагогтің негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық өсуіне көмек беру деп санайды. Оның ойынша педагогика емдеу сияқты: ол үнемі балаға дене жəне психикалық денсаулық сыйлауы қажет.
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет. Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім əр оқушының жəне бүкіл сыныптың алдында тұрған мақсат пен міндеттерді шешуге көмектесіп қана қоймай, бүкіл топтың көңіл- күйін сезіне алады. Мұғалім топтық қарым-қатынас жасауда белсенділік көрсетуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |