Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған сəйкес сабақта Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың
«Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың
«Деңгейлеп оқыту технологиясы», М. М. Жанпейісованың
«Модульдік оқыту технологиясы», т.б. технологияларды тиімді қолданып өткізуге болады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мəселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, əр түрлі қырынан зерттелуде.
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жəй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пəн ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикатық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы іс-əрекеттің жоспарланған нəтижесіне жетудің шартты тəсілі ретінде қарастырылатын жаңа əдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дəстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
а) бастауыш сынып оқушысының интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дəрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
ə) бастауыш сынып оқушысы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы;
б) бастауыш сынып мұғалімі мен оқушының өзара қарым- қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, əдістемелік жүйелері мен əдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту жүйесі», «Ақыл-ой іс-əрекетінің кезең бойынша қалыптасу теориясы», «Танымдық іс-əрекетті жандандыру тəсілдері»,
«Деңгейлеп саралап оқыту», «Модульдік оқыту» технологиялары жəне т.б.
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті, дағдыны меңгеруге бағытталған.
Оқыту технологиясының мақсаты – бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тəрбиелеу.
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану жəне анықтау барысының жүйелі əдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып табылады. Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарты деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратты өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің əдістері мен тəсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үдерісінде бастауыш сынып мұғалімінің қажетті техникалық, ақпараттық тəсілдерді қолдана отырып, оқушыға əсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, əдістері, тəсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары мен бағдарламасына сəйкес оқыту тəсілдерінің, əдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын тыңдай білуде. Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына мыналар кіреді:
оқыту мақсаты;
оқыту мағынасы;
педагогикалық өзара қатынас құралдары;
оқу үдерісін ұйымдастыру;
оқушы, мұғалім;
іс-қимыл нəтижесі.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
1. «Білім беру» ұғымына ғалымдардың берген анықтамаларын саралаңыз
2. Бастауыш білім беру мазмұнын реттейтін құжаттарды талдаңыз
3. Бастауыш білім беру бағдарламаларын сипаттаңыз
4. Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы педаго- гикалық технологияларын сипаттаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |