Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. Ақан сері шығармашылығы



бет12/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

дәріс. Ақан сері шығармашылығы.


  1. Ақан серінің ҿмірбаянына қатысты деректер.

  2. Ақан серінің ҿнерпаз ретінде даму сатылары.

  3. Ақан – қазақтың талантты ҽнші-ақындарының бірі.

Ақан /Ақжігіт/ 1843 жылы Кҿкшетау қаласынан 70 шақырым жердегі Қоскҿлде қыркүйек айында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған соң Қызылжардағы Уҽли ахун хазіреттің медіресесінде үш жылдай оқиды. Мұсылманша сауатты ақын араб, парсы, шағатай тіліндегі кҿне ҽдебиет үлгілерімен танысады, орыс тілін игереді, қазақтың ауыз ҽдебиетімен терең сусындайды. Ақан ҿмір сүріп жатқан кез—гуманизм идеясы бел алып тұрған уақыт болатын. Ақан сері - лирик ҽнші, ақын. Оның сүйіспеншілік тақырырыбындағы ҿлеңдері кҿп. Бір топ ҿлеңдері ҿзінің шын ғашықтарының атымен аталады: «Ақтоты», «Ұрқия», «Жамал», «Нұрила», «Балқадиша», «Мақпал қыз»,
«Ғалиянұр», «Ақшабақ» т.б. екінші тобы жалпы сұлу қыздарға арналады: «Ұзатылғалы жатқан қызға», «Қыз сипаты», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ кҿйлек», «Қалқа бала»,
«Еркем-ай», «Қарағым», «Қажы қызына»», «Сұлу қыз жаңа піскен алма-дағы», «Кҿңіл сыры».. Осы аталған туындылардың ішінен білетінін студент ҿз қалауы бойынша айтып береді.
Бұл шығармаларда қыз сұлулығы туралы айтылғанмен, бірін-бірі қайталамайды. Ақан ҿлеңдерінде қазақ жігіттерінің де бейнесі жасалынған. ҽсіресе, ақынның «мені» айқын кҿрінеді. «Үш жүзге атым мҽлім Ақан сері», «Оралдың мен ақиығы қырандағы»,
«Біз сұңқар сізге тиген ұрымдағы», «Біз қанжар алтындаған қынындағы», «Болғанда сіз- бақ иран, біз-сандуғаш»..
Ол арнау ҿлеңдерінде жастарға ақыл айтып, жақсылыққа үндеп, ҿнерге баулиды, кҽсіп қылып, білім үйренуге, ар-ұятты жоғары ұстап, мағыналы ҿмір сүруге шақырады.
«Айтайын замандасқа біраз кеңес» толғауында жастардың 13 түрлі мінез сипаттамасын береді, ҽйелдің де бес түрін кескіндейді, «Ҽйелдер сипаты» ҿлеңінде ҽйелді бағалауға, сыйлауға шақырады. «Жаман қатын» ҿлеңінде типтік нашар ҽйел бейнесін кҿрсетеді. Оның осыған қарама-қарсы ҿлеңі де бар. Сұрақ. Осы тақырыптағы қандай авторлардың ҿлеңдерін білесіңдер?
Ҿзі ҿмір сүрген заманның қайшылықтарын терең білген ол топтан бҿлектеніп, бойын арзан нҽрселерден аулақ ұстайды. Оның бҿлектенуін оны ұнатпайтын топ басқаша түсініп, жала жауып, ақылынан адасты, перімен араласты деген лақап таратады. Шығармашылық толғанысты ҿзге пенделер түсіне алмайды. Бұл жайлы Ҽ.Тҽжібаев «Ақан сері» деген зерттеу жазған/1963/. Ақан серінің «Халқым сенген», «Асыл мен жасық», «Достарыма»,
«Жақсы мен жаман», «Ҿсиет ҿлең», «Адамның біліміне ақыл серік» ҿледерінің мҽні терең. Адамды қанауға ол ҿз наразылығын білдіріп отырған, елімен бірге замана зардабын кҿреді, жерінен, қонысынан айрылады. Ел билеушілерінің шын сырын халық алдында ҽшкерелеп, оларға қарсы ардагер азаматтардың бейнесін жасайды. «Парашыл оязнай»,
«Шалабай болысқа», «Нұртазаға», «Науан хазіретке», «Бір болысқа» ҿлеңдерінде дін иелері мен билеушілер сынға алынған. Шоғырмақ болыстың сайлауда жеңіліс тауып, болыстық белгі мен мҿрді алып қашып, күлкі болғанын т.б. келемеж еткен.
Елдің бойындағы алааяқтық, арсыздық, мансапқорлық, керітартпа мінез-құлықтарды сынап, қазақтың бейқам, қарекетсіз халіне ҿкініш білдіреді. «Он үш жетім» термесінде кҿл, кҽрі, кедей жетімдігі туралы айта келіп, 8-ші білімі ескерусіз қалған ғалым жетім дейді. Ақынның сол кездегі саяси қозғалыстан хабардар болғаны жайлы Е.Ысмайылов пен А.Нұрқатов ҿз мақалаларында айтқан.
Жеке басының қасіреттері – Ұрқиядан, жерінен, Құлагерінен, Кҿкжендет, Базаралыдан айырылуы – оның ҿлеңдеріндегі ҽлеуметтік зар сарынын күшейтті. Ҿмірдегі кҿрген-білгендерін түйіндеп, нақылға айландырып, философиялық ой қорытындыларын беріп отырды. «Дегенге аяқ-басшы, ой –жетекші, Рақат таппақ адамзат кҿзбен кҿріп. Жақсыға бітсе дҽулет бақ айланар, Жаманға бітсе дҽулет, ҽуейленер». Ҿмірдің ҿтпелілігін айтып, жастық шақты босқа ҿткізбеуге, тіршілік қамын ойлауға шақырады. Ақан лирикасы ҿмірге деген құштарлықтың үлгісіндей. «Су шықпас қазғанменен тау басынан, Қазақтың дау кетпейді сау басынан. Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса, Ер жігіт жаңылады тҽубасынан..» деп, ҿз ҿлеңдерінде байырғы қара ҿлең формасын шебер пайдаланған. Жас кезеңдерін де дағдылы жырға қосқан. «Жиырма бес», «Кҽрілік»,
«Жастық шақта». Ақан кейде халық ҿлеңдерін ҿз ҽуендеріне текст ретінде де қолданған, содықтан оның ҽуендері халықтық деп те танылған. Ҿз ҿледерінде орыс, парсы, араб сҿздерін де араластырып отырған/ Он алты қыз/.
Қалқаға анда-санда жазған назым, Ғалымның дҽптеріндей томда жатыр... Тартылған телеграмның сымындай боп.
Омбыға патша мұрагері келген жылы Шыңғыс тҿре Ақанды ертіп барады. Оның даусы, ҽніне риза болған мұрагер алтын медаль беріпті-мыс/А.Жұбанов/ . Ақан сҿздерін мағына жағынан М.Жұмабаев беске бҿледі: 1. сықақ. 2 .ғашықтық, 3. айтыс һҽм мақтау. 4.
сопылық, 5. қазақ қайғысы жайлы ҿлеңдер. Ақан ҿмірін Мағжан ертегідей сұлу ҿмір деп,
«судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ ҿмір» деп бағалаған. Ақан мен Біржан ҽндерінің біразы А.Затаевичтің «1000» жҽне «500» ҽн жинақтарына енген. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан кімдер үзінді келтіре алады?
Қазірде тілімізде «серінің Құлагері де сҿреге жетпей жығылған», «Ҽр Құлагердің ҿз Батырашы бар» деген бейнелі сҿздер қолданыста бар.
Ақан сері шығармашылығының сал-серілер поэзиясымен үндестігі. Ақан мен Біржанға ортақ тақырыптар. Ақан сері бейнесін толықтыра түсетін мҽліметтер. Ҽдеби кҿркем шығармалардағы Ақан бейнесі. Ақан серінің ел тағдырына қатысты шығармалары. Ақынның жеке бас трагедиясы .Ақан тілінің ҿзгешеліктері. Ғ.Мүсіреповтың, С.Мұқановтың Ақан сері ҿміріне қатысты кҿркем шығармалары. Ақан серінің сұлулық идеалы. Ақын идеяларының ҿміршеңдігі. Ақан ҽндерінің қазіргі кездегі қолданысы. Халық музыкасын байытуға қосқан Ақан серінің үлесі. Ақан серінің рухани шҽкіртттері.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет