дәріс. ХІХ ғасырдағы сал-серілер поэзиясы. Әншілер мұрасы.
Сал-серілер туралы түсінік.
Жаяу Мұса шығармалары.
Мұхит Мералыұлының ҽдеби мұрасы.
Балуан Шолақтың ҽдеби мұрасы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың реалистік жаңа ҽдебиетінің негізі салынды. (Шоқан, Ыбырай, Абай), аударма ҿнері дами бастады, қазақ халқының дарынды ұл-қыздары жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары жаза бастады. Сегіз қырлы, бір сырлы ҿнер иелері туралы осы уақытқа дейін аз айтылған жоқ. Бұлардың бір ҿзгешелігі шығармалары Қазақстанның бар қиырына тегіс жайылған, қазірде де ҿміршең туындылары халықтық ҽнге деген құмарын сусындатуда. Сал-серілердің оқшау бір шоғыры қазақтың ҽн ҽлемін жаңа ырғақ, соны сҿзбен байытты. Ҽнді де, ҿлеңді де ҿздері шығаратын ҿнерпаздар ҽрі сол шығармаларының орындаушысы да болды. Қазіргі тілмен айтқанда, ақын, композитор ,ҽнші деп айтсақ, бұрын сал-сері деп ардақталды. Олар кейде ҿнерлі жастардан топ құрап, жүйрік, жорға мінісіп, қызылды-жасылды киініп, ауыл- ауылды аралап ҽн мерекесін ҿткізген, кейде осындай топ бірдей киініп, бірдей жорғаларды мінісіп, кҿрген елдің кҿкейінде ҿшпес ҽсер қалдырады екен.
Қазақ ҽн тарихына ҿз атын ҿшпестей қып жазған ҿнер тарландарының бірі – ЖаяуМұса Байжанұлы. Ол 1835 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай кҿлі жағасында дүниеге келген. Руы - Сүйіндік, оның ішінде- Айдабол. Ҽкесі күйлі жан болғандықтан оны 5-6 жасында мұсылманша оқуға береді, тоқал алған соң, анасы Нақыш екеуін бір қойып, бұларға қараспайды. 15- ке келерінде еті тірі бала оқу іздеп, Қызылжарға бара жатқан қалашыларға ілесіп, саудагер ноғайға жалданады. Үш жылда орысша жақсы сҿйлеп, тілі арқасында хат үйренеді, сауатының арқасында газет-журнал, кітап оқып, ҿзін жетілдіреді. Омбыға оқу іздеп келіп, бірнеше жыл оқиды.Сұлтанғазы Абылайхановтың үйінде тұрды деген дерек бар, Шоқанмен де жүздескен делінеді. Татар, орыс музыкасымен, биімен танысып, ҿзгелерге орындайды. Домбыра, скрипка, сырнайға бірдей ол отырған жерін ойын-тойға айналдырып, Қызылжар, Омбы жаңалықтарын елге таратып отырады. Қолдаушы халықпен бірге күндеушілері де кҿбейеді. Шорманның Мұстафасы атын аударып алғанда шығарған «Ақ сиса» ҽні елден елге тарап, ақын даңқын жая түседі. Күшке, озбырлыққа ҿнерді қарсы қойған оған «Мырза кедей» аты қоса таңылады. «Ақ сиса» ҽнінің мҽтіні айтылады. Мұса кҿзі ашық болғандықтан, жергілікті озбырлар үстінен арыз береді, алайда мұның арты оның ҿзінің 12 жылға Тобылға жер аууына себеп болады, Мұса Петрбор, Литва, Украйнада болады, арбакеш бола жүріп, ҽскер қатарында біраз ел кҿреді. Чернияев отрядында болғанында, қашып, елге келеді. Бұрынғы қудалашы-ларының бірі ауысып, бірі ҿлген екен, дүние біраз ҿзгеріпті, сондықтан оны қудалаушы болмайды. Мұса ауылнайлыққа ҿтеді. Салт жүрмей, Сапар деген қызға үйленеді. Құс салып, кҿңілі оңалып, тұрмысы түзеледі. 1874 жылы айдабол болысына старшын болған кезінде уезд начальнигі Ферефонтов Мұсаға екі қашқынды ұстатып, 100 сом шығынды тҿлемейді. Ояз оны сұраған Жаяуды ұнатпайды. Мұса жазған шағым Батыс Сібір ген.-губ.-нан да бірнеше кері оралып, билер соты бірігіп, Мұсаға бір ай абақты кесіледі. Бес арыз да аяқсыз қалады. Архив деректері Мұсаның ҽділет үшін күрескен қайратты жан екендігін айқындайды. Мұсаның «Қазан қыздары» деген ҽні Қазанға барған кезінде шығарылған, 1880 жылы ол сонда болған екен. Мұса ителгі, тұрымтай, қаршыға, лашын, бүркіт, қырғи деген құстарды тобымен ұстаған саятшы болыпты. Бұл сал-серілерге тҽн қасиеттердің бірі ме? /Садуақас Шормановтың «Аушы» деген кітабы бар, 1907 жыл, Қазан/
«Құлбай» ҽні мысқылға толы. Мұсаның ҽйелі 37-ге кел-генде 4 баласын қалдырып, қайтыс болады. сондағы «Сапар» ҽні: Келдім сапар басыңа, Жалғыз Садақ қасымда, Кеттің Сапар дүниеден , Отыз жеті жасыңда... бұл Затаевич жинағында «Қатын ҿлгенде» деген атпен берілген. Зейтін Ақышевтің «Жаяу Мұса» атты романында ақын туралы кҿп мҽлімет берілген. 1928 жылғы конфискені кҿзімен кҿріп, Жаяу Мұса 1929 жылы 94 жасында дүниеден озған. Мұсаның «Жақсы мылтық», «Жұлдыз», «Жан серігі», «Қақпан»»
«Күз», «Қаршыға», «Тұрымтай» деген ҿлең-дері бар, Ахмет Жұбановтың сҿзімен айтқанда, «Мұсаның жалпы кҿз шеңбері басқа халық композиторларымен салыстырғанда, анағұрлым кең жатыр». Оның Пушкинге, Гогольге, Глинкаға арнау ҿлеңдері бар. Сондай- ақ «Олжабай батыр», «Данышпан қыз» деген поэмалары бар. «Бҿдене мен қасқыр», «Шал
мен торғай» мысалдары да тҽлімдік мҽні бар дүниелер. Заман сипатын ақын былайша ҿрнектеген:
Бесікте алдаймын деп бала жатыр, Қор болып ін түбінде дана жатыр. Осы заман не болар деп ойлаймын, Адам түрі бұзылып бара жатыр.
Мұса ҽйел теңдігі тақырыбына гуманизммен қараған. Ол Күлҽнда деген қызға қарсылық ҿлең жазып айтқызады. 70-тегі шалға берілмек болған Күлҽнданың сҿзін бҽйбіше, балалары естіп, қыздың басы босаған екен.
Ҽндері: «Кҿкаршын», «Сұрша қыз», «Гауһар тас», «Толқыма», «Сарын», «Арап батыр»,
«Толғау», «Жуан аяқ» т.б. Күйі – «Құмжылан». Мұсаның «Шолпан», «Түрымтай»,
«Құлбай» деген ҽндерінде қалалық сарын бар, себебі Мұса біраз уақыт ҽскер қатарында болған, қазақтың ҽн-күйіне «марш», «вальс», «мазурка» ырғағын ҽкелген/ Затаевич кітабын басшылыққа алыңыз/. С.Бегалин мен Қапан Мусин бірігіп, «Жаяу Мұса» атты опера жазған. Оның музыкалық шығармашылғы жҿнінде З.Қосбақов кандидаттық дисс. жазды. Мұса үлкен қызының атын Л.Толстойдың «Анна Каренинасының» құрметіне Анна деп қойыпты . Ҿзгелері- Зекен, Кҽсіп, Садық.
Ҿзге қандай сал-серілер туралы білесіздер? «Жаяу Мұса» романымен кімдер таныс? Жаяу ҽндерінен ҿздеріңіз қандай ерекшелік байқайсыздар? Абақты тақырыбы кімдердің шығарма-шылықтарында кҿтерілген?
Мҽди Бапиұлы /1880-1921/, Сары Батақұлы/1863-1895/, Иманжүсіп Құтпанов/1863- 1931/....