Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы



бет13/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

дәріс. Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы.


Біржан сал Қожағұлұлының ҿмірі мен шығармашылығы.
Біржан салдың ҽндері. Айтыстары.
Біржан сал Қожағұлұлы 1831 жылы Кҿкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласынан бір жарым шақырым жердегі Қожағұл бұлағында Тұрлыбайдың отбасында дүниеге келген. Атасы Қожағұл би – Біржанның ҿнерпаз болуына ҽсер еткен беделі, ҿнерсүйгіш, дҽулетті жан. Біржанның ҿзге Ержан, Нұржан атты бауырлары шаруа қуса, ҽнші жігіт атанған Біржан аты елге тез жайылады. Кҿкірегі ояу, кҿзі ашық Біржан заман ҿзгерістеріне ҿз үнін қосып отырған, Тҽттімбет сияқты ол да Шоқанмен кездесіп, Шыңғыс аулында жиі болған. Қызылжар, Омбы, Семей, Кҿкшетау сияқты қалаларда жиі болып, ҿнерімен жұрт мерейін ҿсіріп отырған. Біржан- ҽрі шешен, тҿкпе ақын, айтыс шебері, композитор, ұлт аспаптарында да шебер ойнаған жан-жақты талант иесі. Ол Абай аулында да жиі болып, Ақынның «Мен кҿрдім ұзын қайың құлағанын» ҿлеңіне ҽн шығарған. Біржан ҽдебиетімізде лирик ақын, айтыс шебері ретінде ерекше бағаланады.
«Сырғақты» ҿлеңінде ҿмірдің мҽнін түсінуге шақырса, «Жастарға» ҿлеңінде дүние кезіп, тҽуекелмен іс істеуге ниет қыл дейді, «Жақсы мен жаманда» талапты да ҿнерлі жасты үлгі етеді. Біржан ҿлеңдерінің тақырыбы—сұлулық, адалдық, достық, ғашықтық, талаптылық, ҿнер қасиетін ұғыну. Біржан мен Ақан қазақ музыкасының жаңа дҽуірін бастаған ақын- композиторлар болғандықтан, бұлар жайлы жазылған біраз материалдар бар. А.Жұбанов ҿз еңбегінде оның «Жаймашуақ», «Айтпай», «Лҽйлім шырақ», «Бурылтай», «Тентек» сияқты ҽндерінің шығу тарихына, дыбыс қуатына талдау жасаған. Біржанның Орынбай, Шҿже, Бабақпен сҿз қағысулары бар. Біржанның айтыскерлік талантын шығарған оқиға- 1871 жылғы Сарамен айтысы/ айтыс қайда, қандай жағдайда ҿтіп еді, ақындар сҿздерінен үзінді кімдер келтіре алады, осы айтыстың ізімен жазылған қандай шығарма бар, Сара ҿмірде болған ба, айтыстың ел арасына тарау жолдары қандай?- деген сұрақтарға жауаптар алынады/ Қазақ ҽдебиеті тарихының екінші томында Біржан туралы Ғ.Ҽбетовтың мақаласы берілген. Біржан шығармалары 1967 жылы жарияланды, Біржан- Сара айтысы негізінде М.Тҿлебаев опера жазды, оның либреттосын Х.Жұмалиев жазған. Біржан мұрасы туралы қазақ радиосының алтын қорынан жиі беріледі, Кімдер орындайды? /Қайрат Байбосынов, Р.Стамғазиев, М.Ҽлиасқаров, Б.Тілеуханов, Р.Елебеков т.б./ Байболов Есім деген кісі 1928 жылы Теміртаспен сҿйлесіп, кҿп деректер алады./ Бұрында оның ҽндерін айтулы ҽншілер орындауға тырысқан, кең дауыс болмаса, ҽнді беру қиынға түскен., Ҽміре Қашаубаев, Ж.Елебеков, Мҽжит Шалқаров, Қали Байжанов/ . Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы «Раймалы аға жыры» аңызына желі етіліп осы Біржан ҿмірінің ақырғы жылдары алынған деген деректі Жанғара Дҽдебаевтың
«Қазіргі қазақ ҽдебиеті»/307-бет, 2002/ кітабынан кездестіреміз. Қартая бастағанда Біржанға туыстары үйден шығуға тыйым салады, сонда да ол ауыл сыртына шығып, ауық-
ауық ҽн салады екен. Неге деп ойлайсыздар? Ҿз даусының қуатын байқау үшін. Мұны түсінбеген туыстары оны жынданды деп, ұрып-соғып байлап тастайды екен. Осы жайлы, сол байлаулы қолын арқан қиып, ісініп, іріңдеп, ақыры сол дерттен қайтыс болғаны жайлы А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» кітабында келтірген. Біржан 1897 жылдары қайтыс болған. Біржанның «Жаймашуақ», «Айтпай», «Лҽйлім шырақ», «Кҿлбай-Жанбай»,
«Адасқақ», «Жанбота», «Жамбассипар», «Теміртас» ҽндерінің тексі айтылып, талданады. Студенттердің орындауында олар білетін Біржан ҽндерінен үзінділер келтіріледі/ «Кҿкек» ҽні, «Лҽйлім шырақ»/. Біржан ҿлеңдерінің кҿбі сапар барысында туып отырған.
«Жанбота»- ҿлеңі сол жерде болған оқиғаны табан астында сулу сҿзбен сыртқа шығарған ақын жүрегінің ұшқырлығын кҿрсететін туынды.
Ҿз ҿлеңдерінде «Басымнан дұшпан сҿзін асырмаймын» деп білген ақын озбыр билік иелерін сынап отырған. «Қара су есік алды лайланды, Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды,» деп, кейде теңсіздік жазмыштан туындайды деген ой айтады. Біржанның сүйген жары Ҽпіш- талантқа сүйеу бола білген адал жар, абзал ана. Біржан сҿздерінің кҿркемдік кестесіне бірер мысал: «Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын, алқымы іспес. Жел қобыз, жез тағалы еңіреумін, Қара тер шықққан сайын кетем ағып... Рүстем- дастандаймын дҽл ҿнерге, меңгеріп кісі билеп алмайтұғын..., ҿлеңім ағын судың басындай-ды, найзағай, аспандағы жасындай-ды. Аққудай аспандағы жүз құбылтып, сал Біржан ҽн салуға мүдірмейді.... Кім сүймес кҿкке ҿрлеген ҽсем ҽнді, Кҿңілдің күйін шеркен кҿркем сҽнді. Болғандай бойға қуат, ойға азық, балқытып еріткендей тербеп жанды...
«Біржан-Сара айтысының» қазан тҿнкерісіне дейін Қазан баспасынан шыққан екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасын баспаға Шайхұлисламов Жүсіпбек қожа ұсынғандықтан, ол Жүсіпбек қожа нұсқасы делініп жүр. Ал екінші нұсқаны авторы жҽне баспаға ұсынушысы беймҽлім болғандықтан, ол шартты түрде Зайан нұсқасы деп алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет