МайлықожаСұлтанқожаұлы (1835-1898) Шымкент қазіргі облысы, Қызылқұм жерінде туып ҿскен. Ҽкесі шағын шаруалы, қожа деген атына лайықты күн кҿрген жан екен. Ҽуелі үйде, кейін ҿз бетімен ізденіп, оқу оқыған. 14 жасқа келгенінде ата-ансынан бірдей жетім қалып, Есехан деген жеті жасар інісін жетелеп жан бағады. Тек ержете келе ақындығымен елге танылып, 20 жасынан сҿзге араласады. Дҽстүрлі ақындық мектеппен бірге, ҿзінің сауатын молайтып, шығыс ҽдебиетін оқуға, оның кей үлгілерін таратып
айтуға тҿселеді. Кҿрші елдердегі мҽдениет ошақтарын аралап, Бұқар, Самарқан, Ташкент сияқты қалаларда болып, шығыс шайырлары еңбектерімен танысады. Қазақ еліндегі ҿзімен тұстас Дулат, Шортанбай, Мҽделі, Молда мұсалармен пікірлес болып, Айман, Гүлханым, Жаныс деген ақындармен сҿз қағыстырады. Ол 1860 жылдары Ҽулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен сҿз қағысады. Бұл жыр 1929 жылы «Жаңа ҽдебиет» журналына басылған. Кҿлемі – 68 жолдай, Онда басқа рудан келген қонақтардың күтімсіз қалғаны сҿз болады. Майлы шығыс ҽдебиетін ҿз бетімен аударуға да күш салған. Діни қиссалардың сюжетімен дастандар да жазған. «Зарқұм» үлгісімен «Абдолла бала» дегенді жазған, «Тотынаманы» ҿзінше ықшамдап толғаған. Оның толғаулары баспа бетін ерте кҿрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы» жинағында Майлының бірнеше ұзақ толғаулары бар. Олар: «Райымқұлға», «Қасқыр»,
«Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады
Ақын түсінігінше, ҽйелдің ҿмірдегі орны ҿзіне бҿлек. Ҽйелдің жақсылығы тек кҿркінде ғана емес, ақылында, ҿнерінде, адамгершілігінде. Жақсы ҽйел ер жігіттің таусылмас қазынасы, шын досы. Ол жаман ҽйелдің де бейнесін жасайды: Жаман болса қатының, Ұқсайды тілі шешекке, Ызаға толар қос ҿкпе, Ҽр жұмсты қылғанда, Жолықтырар кесетке.. Арманда ҿтер ҿмірің... Майлы адам ҿмірін жан-жануарлар ҿмірімен ұштастыра да жырлаған. Оның «Бұлбұл» ҿлеңінде еңбеккер үшін табыс тауып, қыс қамын жаар шақты бекер ҿткізбе делінген. Бұл Крыловтың «Құмырсқа мен шегіркесі» іспетес. Кенесары баласы Ахмет тҿрені таяқтап қуса да, жем дорбаға кҿз тігіп, үйден шықпайтын жемсау мҽстекке теңейді. «Не жүйрік ҿтті дүриеден», «Осындай бұл адамның ҿмір жасы» толғауында да ол адамның 20 жаста жетіліп, қыранша қалықтарын айтып, кҽрілікке қарсы қояды.
Майлықожа ҿлеңдерінде басқыншы жауға деген наразылық анық, Қоқандықтарға қарсы айтылған кей термелерінде Қоқан басқыншыларына қарсы күресте қаза тапқан батырларды ардақтап, Мұсабек ерді дҽріптейді, ерлік дҽстүрді ҿнеге етеді.
Майлы ҿлеңдерінде еңбек тақырыбы ерекше кҿтерілген. Болашақтың тірегі еңбек екенін ескертіп, жастарды кҽсіпке, диқаншылыққа баулиды.
Майлы толғаулары ақыл, нақыл, дидактикаға толы. 1972 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан кітабы «Нақыл» деп аталған( құрастырған – Ҽсілхан Оспанов). Ақын
« Тҽтті жырым тҿгілсін» ҿлеңінде негізгі мақсаты ҿнерімен халыққа қызмет ету екендігін жеткізеді. Ал «Ақынның анық жүйрігі» толғауында ҿнер шеберлеріне талап қойып, ҿлең терең тебіреніс, еңбек жемісі болуы керектігін ескертеді. Қазақ ақындарының негізгі қасиеттерін санамалай еліп, «жақсы ақын», «жаман ақын» деп екіге бҿліп, ҽр қайсысының ҿзіндік образын жасайды.
Майлықожа - табиғат жырларын алғашқы жырлаушылар-дың біріне жатады,
«Жылдың тҿрт мезгілі» атты арнайы жыры бар. Жыр мазмұны адам ҿміріне қатысты. Ақынның ҿлеңдеріне талдау жасар болсак, оның ой мен сҿзге тең ұста ақын екенін кҿреміз.
Қазақ қыздарының ішінен суырылып айтысқа шыққан, сҿз ҿнерінің жүйрігі саналатын Сара Тастанбекқызы/1853-1907/ қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Матай-Қаптағай елінде дүниеге келген. Ҽкесі ҿліп, немере ағасының, Жайсаңбек-тің қамқорлығында болған. Ауыр тұрмыс, жоқшылықтан шешесі Уазипа, інісі Сахари ерте ҿледі. Зерттеуші Тҽңірберген Қалилахановтың айтуынша, Жайсаңбек бұзықтар қолына түсіп, ҿзін де, ҿзгелерді де азапқа қалдырады. Сара Біржан ақынның кҿмегімен Жиенқұлдан азат болып, Бекболдан бес бала сүйіп,ҿмір кешкен, сүйегі Қапал ауданындағы Қарашоқы зиратына қойылған.
Сара зерек, алғыр ақындығымен ел ішінде құрметке ерте бҿленеді, оның бір киерін ағайын-туыстары бүтін етуге тырысқан. Ілияста айтылатын: Қобызшы Молықбай шал Матайдағы, Матайда Кенже-Тұңғат Сақаудағы. Қазақта қобызшының қалғаны сол, Күйші еді майпаңдаған бақайшағы,- деген қартттың ҿнерін тамашалаған. Қолына он жасынан домбыра алған қыз сҿз бен саз сиқырына ерте жетіледі. Он бес жасында сұлулығымен
кҿздің құрты болса, ақындығымен де Ниязбек, Мҽулімбай, Арыслан т.б. айтысып, ҿзін жаттықтырып, ел аузындағы сҿзге айналады. Он үш жасында оны атастырған кеміс, кексе Жиенқұлдан құтылу жолын ойлаған Сара шаршы топ алдында ҿз басының мұңын айта бастайды, «ағайын, аясаңдар, дертімді жаз» деп, ел ішінен жанашырлар іздестіреді. Батыл сҿздер айтып, ҿз шерін ҽн-жырға қосады. Ел жақсылары - Арнай, Телібай, Мүсҽпірлер Тұрысбек қажының алдында Сараны қорғауға дҽрменсіз. Сондықтан Сара ҿз арызын қажының аулына барып айтуды жҿн кҿреді. Тұрысбек пен Есімбектің аулындағы жиын- той, думанға барып ҽн салып, ел ҽкімдерінен Жиенқұлдан құтқаруды сұрайды.
Мұңымды ҽнмен айтам жылай-жырлай, Қажыға қажы қоскан шыдай алмай.
Ҿшетін кҿрінеді арман оты, Қоржиған Жиенқұлды құдай алмай.
«Ешкіҿлмес» жайлауындағы Есімбек болыс аулында бай бҽйбішесі Шҽлипа Сараға отау тіккізіп, ҿз үйінің қасына алып, қадірлі қонақ етеді, ҿнерін тамашалайды. Сараның ақындық аты мен қалыңмал құрбаны ретіндегі зарын жалпақ қазақ даласы естиді / Орынбай, Ҽсет,Ҽріп, Жүсіпбек, Біржан, Абай/.
Зерттеуші Х.Сүйіншҽлиев Біржанның Сараны іэдеп келуіне Абай ҽсері болу керек дейді. Себебі, Ҽбдірахман ҿлгенде, Мағауияларға сый кҿрсетіп, Абайға ҿлеңмен кҿңіл айтады, хат жазады. Абай есімін кейінгі ҿлеңдерінде құрметпен атайды.
Біржанның келуі, айтысуы Сараның тағдырының шешуші сҽті болады. Дегенмен жас кезіндегі дерт оның 1907 жылы үзілуіне ҽкелген.
Кҿп уақыт осы айтысты Ҽріп ақын ҿз жанынан шығарған деген сҿз болды. Ақиқатты ашу үшін кҿп ізденген зерттеуші-лердің бірі Қалилаханов Тҽңірберген Сара ақынның шығарма-ларын жинақтап, 1980 жылы «Тордағы тоты» деген ҿлеңдер жинағын шығарады. Сара «Тағдыр тҽлкегі» толғауында ҿзінің жетімдік шағын қыс ызғарымен қатар салыстыра береді, Жайсаңбектің амалсыздан Сараны Жиенқұлға беруге келіскенін баяндайды т.б.
«Жүрек» атты романтикалық лирикалық дастанында жергілікті халық аңыздарын жырға қосып, түнде қыз Қапал тауындағы «Баянжүрек», «Сайын бҿлек», «Қоңтҽжішоқы» деген тҿбелерге шығып, ҿзіндей аяулы ғашықтармен, махаббат үшін шейіт болғандармен тілдеседі. «Аққу», «Ортақ мұң», «Қарлығаш», «Қош бол, елім», «Ашындым» ҿлеңдерінде Сара ҿз ҿмірі, мұңдылардың зарын, халық пен билеушілер қарым-қатынасын ҿзек етеді.
«Қарлығаш» ҿлеңінде Ҽріпке арнап жұмбақтап жауап қайырып, ғашықтығына жауап бермейді. Айтыстың болған жері мен ҿзінің диалогтарын қайта жырлап берген адам Сараның ҿзі. Айтыс ҿткен соң, бір жылдан кейін Сараның ҿз аузынан Жүсіпбек қожа жазып алып, баспадан шығарған. Біржан мен Сараның ақындық атын кҿпке жайған бұл айтыс 1871 жылы ҿткен.Сұлу қыздың сҿзге шешен,мінезге бай, ақылды да дара екенін байқаған біржан қызды мақтай отырып, осындай жанды қалай қорлыққа қиясыңдар деп,араша түседі.Ҽлеуметтік теңсіздік мҽселесін кҿтерген бұл айтыс идеялық мазмұны, кҿркемдік ерекшелігі жағынан ҿзге айтыстардан биік тұрады.