Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. Мұрат Мӛңкеұлының ақындық мұрасы



бет4/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

дәріс. Мұрат Мӛңкеұлының ақындық мұрасы.





  1. Мұрат Мҿңкеұлының ҿмірбаяны мен шығармашылығы.

  2. Мұраттағы зар заманның зары.

  3. Мұраттың толғаулары.

  4. «Қарасай- Қази» дастанының идеялық-кҿркемдік ерекшеліктері.

Зар заман ақындарының кҿрнекті ҿкілдерінің біріне саналатын Мұрат Мҿңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қатысты Қарабау аулында дүниеге келген. Ақын кіші жүздегі он екі ата Байұлының беріш руынан ҿрбіген. Мұрат ҿзінің ақындық талабын жеті жасында қой бағып жүргенде-ақ танытыпты. Қаратоқай руынан шыққан қадірлі азаматтардың бірі Барахат деген кісі қой соңында жүрген баланы сынамақ болып бір ауыз ҿлең айтыпты:
Ойнайды қара сула құтты балық, Жолықпай бұл баладан құтылалық. Томпаңдап қой соңында жүгіресің,
Ҽкеңді жас басыңнан жұтып алып. Сонда Мұрат іле-шала: Бҽсе, ойнайды қара суда құтты балық,
Жолықпай біз де шалдан құтылалық. Кҿлбектеп ат үстінде сен де жүрсің,
Ағаңды алдыңдағы жұтып алып,- деп, ойланбастан жауап беріп, оны сҿзден тоқтатыпты. Бұған риза болған Барахат баланы ағасына ертіп келіп, «Ініңді ақын деп естуші ем, рас екен. Болайын деп тұрған бала. Сен енді мұны қой бағудан босат»,- деп ақылын айтыпты.
Мұрат Индер ауданы Жарсуаттағы қорымға жерленген. Оған ескерткішті тоқырау жылдары Берден Есбосынов деген азамат ҿз қаржысына орнатыпты. Бұл—халықтың ақынға деген ыстық құрметі. Ақынды кҿзі кҿрген Мұрын жырау «Мұрат орта бойлы, қара сақалды кісі еді. Ол ҿлеңді домбырамен айтпайтын еді, айқай салғанда қолына тостаған алып, болмаса телпекпен аузын қағып айтатын еді, қабағын бір жиып, бір ашқанда басындағы дҿңгелек бҿркі бір ілгері, бір кейін кетіп отыратын» дейді. Мұрат ҿзінің денесін жан досы Шолақ бидің қасына қоюды аманаттапты. Соңғы сапарына қонаққа барған жеріндегі үй иесінен шылапшын сұрап, бір шылапшын толтыра ақ кҿбік құсады да сылқ етіп құлайды. Не қан, не запыран емес, ақ кҿбік.. Жанына жиылған қариялар: «Бұл шыққан ҿлеңнің желігі ғой,. Мұрат та, ҿлең де жоқ енді десіпті». Мұраттың екі ұлы болған. Сарысы он жасында ҿліп, Дҽулетқалиы 1877-78 жылдары дүниеге келіп, Атырауда белгілі ақын ретінде 1960 жылдары қайтыс болған. Бұл- ҿмірбаяны жайлы деректер
/Бауыржан Омарұлы. Бұғауға бағынбаған жырлар. Алматы. Ана тілі, 1998/. «Қарасай- Қази» жырының сюжеті бойынша, Орақ батырға ҿзге бауырлары күншілдікпен қастық жасайды. Біраз жылда Қарасай, Қази да анасының қайраттандыруымен жауға аттанып, қалмақты жеңеді. Ұрпақты ерлікке, батырлыққа үндейтін болғандықтан, бұл шығарма 1943 жылы «Қызыл ҽскер» сериясымен «Неміс оккупанттарына ҿлім келсін» деген айдармен басылып шыққан. Аяғы ақсақ, кҿзі соқыр шешесінің жоқтауы мен анасы Қараүлектің жоқтауларында мифтік сарын бар, Қарасай қабан құлақ қара аттың мойнына құрық салғанда, арғымақ адамша тіл қатады. Қалмаққа қарсы шапқанда астындағы кҿкбұйра атпен тілдеседі. Шаршап ұйықтап жатқанда Орақтың аруағы кҿрден шығып келіп, екеуін оятады т. т. с.с. Ҽсірелеу : Қарасай оқ атқанда үй орнындай қара тас қақ айрылады... «Жалғаншы пҽни жалғанды» толғауы Абай қарасҿздері сияқты ҿзіне сұрау қоюдан басталады, байға,бҽйбішеге, жігітке, қызға, қаршыға құсқа не жарасар.. Дүние деген ұшқан құс, байқай алмай қаласың, Басыңнан шарлап ұшқанын.
Метафора: Күлгенің- қоңыр салқын, қысқаның-қыс, қаңтардың үш ай тоқсан қысымындай. Мұрат Махамбет жырларын да жатқа айтқан. Ел билеушілердің сыртқы тұрпатын сарказммен береді: « Кисе киім, жеңі жоқ, Етегі бар да белі жоқ». Мұрат ақын айтты деген мақтау сҿздер де баршылық бірде таз руынан шыққан Ҽбіш деген кісіні мақтамапты. Неге дескендерге: «Мен Ҽбекеңді бірінші рет мақтадым, Жалғыз ҿркеш нар алдым, екінші рет мақтадым, қара жорға бие алдым, Үшінші рет мақтадым, Алты қанат үй алдым, тҿртінші рет мақтауға, Ҽбекеңнен ұялдым»- дегенде, ақынға риза болған Ҽбіш 100 теңгені суырып алыпты. Мұрат ақын айтыста қайымдасу ҽдісін кҿбірек қолданған. Мұраттың «Сарыарқа» толғауы ол Маңқыстауда жүрген кезде шығарылған. 1879 жылы
ұлы қоян жұтына ұшырап, нағашысына кҿшеді. Маңқыстаулықтар Атырау жақты Арқа дейді екен. «Қыз», «Еліне жазғаны» деген ҿлеңдері де осы маңда туындаған
Мұрат жыраулар дҽстүрін жалғастырушы тҿкпе ақын. «Жылы қылып сҿйлейін, Жазғы желдің лебіндей, Анық қылып сҿйлейін, Ақ теңгенің мҿріндей, Шалықтатып сҿйлейін. Айдынның шалқар кҿліндей».
«Үш қиян» - отаршылдықты ҽшкерелеген, ақынның ҿз қоғамына кҿзқарасын бейнелейтін поэма-толғау. Толғаудан ноғайлы дҽуірі сарыны сезіледі. Метафоралар жиі кездеседі.
«Дұшпан-тазы, біз-түлкі, Қашсақ, ерікке қоймайды, Інге кірсек, суырып». «Сарыарқа» толғауы да белгілі бір сюжетсіз, ҽлеумет-тік мҽселелерді қамтитын шығармаға жатады. Ақындық, азаматтық кҿзқарас айқын кҿрінеді. Оның «Қазтуған», «Қарасай-Қази»,
«Шалгез» атты жырлары бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет