Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет3/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Бақылау сұрақтары:

  1. Жоғарғы өндіруші техникалардығ даму түрлері.

  2. Параллель компьютер дегеніміз не?

  3. Параллельді программалар дегеніміз не?

  4. Жоба жасаушылар параллельділікті қолдану кезінде кездесетін қыйыншылықтар.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


2-Дәріс
Тақырыбы: Виртуалды машиналардың түрлері.
Жоспар:

  1. Параллель виртуалды машиналар.

  2. Виртуалды машиналардың қысқаша тарихы.



Виртуалды машина дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Қазіргі таңда пайдаланушының көзқарасы бойынша виртуалды машина (ВМ) – бұл арнайы бағдарламалық құралдардың көмегімен жасалған қандай да бір виртуалды есептеу ортасының («виртуалды компьютердің») нақты көшірмесі. Әдетте мұндай құралдар, нақты компьютердің физикалық ресурстарымен ғана шектелген виртуалды машиналардың еркін санын құруға және жүктеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде виртуалды машина жасауға және оны басқаруға Microsoft компаниясының Virtual PC 2004, VMware компаниясының VMwareWorkstation, Parallels компаниясының Parallels Workstation құралдары кеңінен қолданылуда деп айтуға болады. Бұл құралдарға (виртуалды машиналарға) қатысты, яғни олардың жалпы сипаттамалары, оларды құрастыру, орнату, баптау, олармен жұмыс істеу және олардың мүмкіндіктері туралы толық мағлұматты, А.К.Гультяевтің «Виртуальные машины: несколько компьютеров в одном» кітабынан және htpp://www.piter.com, www.microsoft.com және www.vmware.com сайттарынан табуға болады.
Виртуалдандыру технологиясын пайдалану туралы жоба ХХ ғасырдың 20 жылдарында іске аса бастады.
Виртуалды машиналар жүйесінің алғашқы жобасы 7044Х - 7044М болды. Ал IBM System/370 – жүйесі негізінде VM/370 жобасын толықтай аяқтап, ол пайдаланушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Виртуалды машиналардың бұл жүйесінде өзгерістер аз болмады. Мысалы VM/SP, VМ/ХА, VN/ЕSА нұсқалары компьютер индустриясында кең таралған жүйелер болып табылады (1 сурет).

1 сурет. VM/SP, VМ/ХА, VN/ЕSА машиналары
VM/370 операциялық жүйесінде пайдаланушы толық өлшемді және толық функционалды виртуалды машинаға ие болды. Олай дейтініміз ол өзі қалаған операциялық жүйені және қолданбалы программалық жабдығын орната алады. Компьютер виртуалды машина болуы үшін оперативті жады, процессор ресурстары, өзіндік виртуалды сыртқы аппараттық құрылғылары қажет болады. Былайша айтқанда, бұл машиналар қарапайым компьютерге ұқсас, бірақ та құрылғыларының түрлері виртуалды құрылғылар. Қызмет көрсететін виртуалды машиналардың саны лицензиясымен, пайдаланылатын жады ресурстарымен, диск, орталық процессор және т.б. анықталады.
VM/370 операциялық жүйесі алғашқы виртуалды машиналар жүйесінің (ВМЖ) жетілдірілген, толықтырылған түрі болып саналады. ВМЖ 1- нұсқасын ең бірінші болып 1982 жылы "Роботрон" комбинаты шығарды. Ал, Минск НИИЭЕМ компаниясы 1983 жылы 2.2 ВМЖ версиясының VM/370 негізінде базаланған түрін жарыққа шығарды (2 сурет).

2 сурет. Виртуалды машина жүйесі
Бұл компанияда ВМЖ-ін үздіксіз жетілдірудің нәтижесінде 90-шы жылдардың басында VM/ВМЖ операциялық жүйесі құрылды.
ІВМ компаниясы негізінде құрылған ІВА атты Минскілік компания МПО ЕТ және НИИЭЕМ базасында қазіргі күнге дейін IВМ мэйнфреймдері үшін VM/ВМЖ-нің жаңа түрлерін шығаруда еңбек етуде.
ІВМ корпарациясының инженерлері алғашында өз процессорларының архитектурасына виртуалдандырудың мүмкіндіктерін қосты. ВМ операциялық жүйесін құрушылар спецификалық аппараттық проблемаларға үнемі кезігіп, оны қайта болдырмауға әрекет жасап отырды. Бірақ Intel х86 процессорынан ІВМ-ның процессоры архитектурасы жағынан өзгеше болды. «Виртуалдандыру» қарапайым әдіспен орындалмайды. Мұнда операциялық жүйе платформасында жұмыс істейтін ядроға, процессор ресурстарының барлығы тиімді болып саналады. Сондықтан да, процессор және виртуалды құрылғылардан операциялық жүйені бөлек алып қарастыру теориялық тұрғыдан қарағанда дұрыс емес болып есептеледі. Яғни, бір компьютерде екі операциялық жүйе орнатылса қателіктер жиі болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет