Температураның жоғарылауы микроорганизмдердің тіршілігін қысқартады. Мысалы,
тифоздық бактериялар 47°С-де 2 сағаттан, ал 59°С-де 21 секундтан кейін жойылады.
Спора түзетін түрлер 100°С-де 20 сағатта, ал 130°С-де 2-4 минутта өледі (В.И. Вашков,
1956).
Микробтарға құрғақтан гөрі ылғалды жылы ауа нәтижелі әсер етеді. Мысалы, сібір
жарасының спорасы 132°С бу әсерінен 1 минутта жойылса, құрғақ ыстық ауада аталған
бактерияның спорасы осы уақыт ішінде залалсыздандырылуы үшін температураны 180°С-
ге дейін көтеру қажет. Стерилдеу сапасы 1 мл суспензиядағы микробтық жасуша санына
да байланысты. Олар көп болған сайын, температура да жоғары болуы керек немесе әсер
ету уақыты да ұзақтау болуы шарт.
Микрорганизмдердің төзімділігіне тіршілік ету ортасы және спораның түзілу
жағдайы да өз әсерін тигізеді. Протеин мен майлар микроорганизмдерді жылу әсерінен
қорғаса, бактерицидтік заттар керісінше жылу әсерін күшейтеді. Микробтар бейтарап
ортаға қарағанда, қышқылды ортада ыстыққа сезімтал келеді.
Достарыңызбен бөлісу: