ғана емес, сондай-ақ микробтық жасушада да азаюы нәтижесінде пайда болады.
Ылғалдың кемуіне байланысты тіршілік процестері баяулап, жасуша анабиотикалық
жағдайға көшеді. Құрғақ өнімдерді сақтау осы қағидаға негізделген. Микробтық
жасушада тіршілік процестері баяулағанымен, толығымен тоқтамайды. Осындай күйде,
әсіресе вакуумда олар бірнеше ондаған жылдар бойы сақталынады. Кейбір патогенді
стрептококтар анабиотикалық жағдайда 25 жыл, туберкулез қоздырғышы – 17 жыл,
дифтерия қоздырғышы – 5 жыл өздерінің өміршеңдігін жоймаған. Тірі микроорганизмдер
1800 жыл қозғаусыз жатқан римдік табыттардан, египеттік мумиялардан және басқа да
вакциналарды (туберкулез, бруцеллез, тұмауға қарсы), витаминдерді, ферменттерді және
басқада биологиялық препараттарды дайындау үшін пайдаланылады. А.А. Имшенецкий
және С.В. Лысенконың (1970) мәлімдеулеріне сәйкес, дөңгелек пішінді бактериялар
таяқша тәріздестерге қарағанда терең вакуумға төзімдірек болады. Үш тәулік бойы терең
Микробтар құрғақ топырақта ұзақ уақыт сақталынады. 300 жыл бойы сақталынған
өсімдіктердің тамырлары бар топырақты зерттегенде, олардың құрамынан тірі микробтар
табылған. Құрғатылған күйде 100 жылдан 200 жылға дейін сақталған топырақтан Bac.
subtilis және басқада бациллалар бөлініп алынған. Әр 100 жылда топырақтағы
микробтардың 10%-ының жойылатындығы дәлелденгенін ескерсек, онда құрғақ топырақ
1000 жылда ғана толық микробсыздануы мүмкін. Демек, микрорганизмдер құрғатылған
күйде ұзақ уақыт сақталына алады.
Жарық әсері. Күн сәулесі - пигменттер көмегімен жарық қуатын биохимиялыққа
айналдырып, кейін оны жасушаның құрамдас бөліктерін синтездеу үшін пайдаланатын
жасыл және қара қошқыл (қан қызыл) бактерияларға қажет. Басқа микроорганизмдерге
жарық қуаты зиянды әсер етіп, оларды жояды. Жарықтың бактерицидтігі толқын
ұзындығына байланысты болады: ол неғұрлым қысқа болса, оның қуаты да соғұрлым көп
боп келеді. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен көптеген микробтар, әсіресе патогенді
түрлер (туберкулез қоздырғышы – 3-5 сағатта, аусыл вирусы – 1 сағатта)
залалсыздандырылады. Күн сәулесі мол жерде, микробтарда аз болады. Сәулелендіру
фотохимиялық тотықтыру процесін күшейтеді, оның микробтарға әсері оттегі немесе оңай
тотығатын заттар бар жерде артады.
Микробтардың жарыққа сезімталдығы әртүрлі. Толқын ұзындығы 234 нм болатын
сәуле ішек таяқшасының, 265 нм – Staphilococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa, 281 нм -
Serratia marcescens сияқты бактериялардың тіршілігін тоқтатады. Пигменттер түзетін
микробтар (ашық сары - Sarcina lutea, қара меланин - Aspergillus niger) жарық әсеріне
төзімдірек болып келеді.
Иондаушы радиацияға логарифмдік өсу фазасындағы бөлінуші жасушалар өте
сезімтал. Жасушаларды ұзын толқынды сәулелермен алдын ала өңдеу олардың
радиорезистенттілігін (сәулелендіруге төзімділігін) арттырады. Осылайша, жасулалардың
ультракүлгін сәулеге сезімталдығы факторлар кешенімен анықталынады.
Достарыңызбен бөлісу: