Химиялық факторлар. Барлық тіршілік иелері сияқты микробтардың да қоршаған
орта факторларына сезімталдығы жоғары болып келеді. Қолайлы импульстер туындағанда
микробтар тітіркендіргіш нысанға қарай жылжыса, ал қолайсыз жағдайда одан алшақтауға
тырысады. Бұндай құбылыс хемотаксис деген ат алды. Микробтық жасушаға қолайлы
әсерін тигізетін заттар (ет экстрактысы, пептон) - оң хемотаксис; ал күшті әсер етуші, улы
заттар (қышқылдар, сілтілер) – теріс хемотаксис туындатады.
Химиялық заттар микроорганизмдердің өсуін тежеуі немесе толық тоқтатуы мүмкін.
Егер химиялық заттар бактерияның өсуін тежеп, бірақ олардан тазартылғаннан кейін
бактериялар қайтадан өсетін болса, онда бұл құбылыс бактериостаз (бактериостатикалық
әсер) деп аталады. Басқаша айтқанда бактериялардың өсуі тоқтағанымен, олар өлмейді.
Микробтар белгілі бір ортада тіршілік етуге бейімделген. Біреулері (зең
саңырауқұлақтары) – ацидофилдік микроорганизмдер қышқылды ортада, екіншілері
(холера вибрионы) – алкофилдік организмдер сілтілі ортада өмір сүреді. Көптеген
микроорганизмдер құрамындағы сутегі иондарының мөлшері бейтарапқа жақын (рН 6,5-
7,5) ортаны қалайды. Табиғи жағдайда өздеріне қолайлы тіршілік ету ортасын
микробтардың өздері жасайды. Мысалы, сүт қышқылды бактериялар лактозаны ашытып,
қышқыл түзеді, нәтижесінде орта реакциясы төмендеп, олардың өсуіне қолайлы жағдай
пайда болады. Шіру микробтары протеиндерді, мочевинаны ыдыратып, аммиак түзеді, ал
ол өз кезегінде рН-ты көтереді.
Зертханалық жағдайда микробтарды құрамында сутегі иондарының белгілі мөлшері
бар қоректік орталарда өсіреді. Бұл үшін ортаға химиялық заттар қосады: рН-ты көбейту
үшін – сілті, рН-ты азайту үшін – қышқыл. Орта реакциясы микробтар өмірінде зор
маңызға ие болғандықтан, оларды өсірер алдында микробтар үшін қолайлы рН мәнін
анықтап алған жөн.
Esherichia сoli үшін қолайлы орта рН-ы 6,5-7,8; Aspergillus niger – 7,1-7,7; ал
Bacterium mesentericus үшін – 6,8-ге тең.
Химиялық заттардың микробтарға әсер ету механизмін білудің практикалық маңызы
өте зор, өйткені олардың көпшілігі шаруашылықтарда мал басын әртүрлі аурулардан
сауықтыру шараларын өткізу барысында қолданылады. Зарарсыздандырғыш заттар
ретінде сілтілер, қышқылдар, хлорлы препараттар, фенолдар және ауыр металдардың
тұздары жиі пайдаланылады.
Сілтілер (күйдіргіш натрий, күйдіргіш калий, сөндірілген әк, каустикалық сода)
электролиттік диссоциациялануға қабілетті. Бұлардың құрамында гидроксил иондары
(ОН) көп болса, олардың әсері де күшті болады. Протеиндермен байланысқанда
денатурация туындайды, көмірсулар бұзылып, майлар сабынданады. Сілтілер бактерия
және вирустарды өлтіре алады. Сілтілерден натрий гидрототығы, калий гидрототығы,
кальций гидрототығы (сөндірілген әк), натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты (сода)
жиі қолданылады.
Қышқылдар (күкірт қышқылы, тұз қышқылы, азот қышқылы және басқалары)
протоплазмалық у болып саналады, протеиндерді ұйытады. Температура 10°С-ге
көтерілгенде қышқылдардың микробтарға әсері 2-3 есеге күшейеді. Зарарсыздандырғыш
заттар ретінде көбінесе карбол, күкірт, тұз және сірке қышқылдары пайдаланылады.
Спирттер. 70%-ды спирт бактерицидтік қасиет көрсетіп, микробтық жасушаның
протеиндерін ұйытады. Ұйыған протеин микробтың бетін жауып, бактерияның терең
қабатына спирттің өтуіне мүмкіндік бермейді. Спирттердің бактерицидтігі олардың
молекулярлық массаларының өсуіне байланысты (метил-этил-пропил-бутил спирттері).
Хлорлы әк құрамында 25% және одан да көп мөлшерде белсенді хлор болады. Ол
сумен араласқанда хлорлы сутектік және хлорлы қышқылдар түзеді. Осы кезде бөлінетін
оттегінің микробтық жасушаның құрамдас бөліктерін тотықтыруы нәтижесінде микробтар
өледі.
Фенол (кристалды қарбол қышқылы) – тотығу-тотықсыздандыру процесіне
қатысатын гидроксилді ароматтық қосылыс. Фенол, крезол және олардың туындылары
бастапқыда жасуша қабырғасын, одан кейін жасуша протеиндерін зақымдайды. Осы топқа
жататын кейбір заттар глюкоза және сүт қышқылының дегидратациясына қатысушы
коферменттердің (дифосфопиридин нуклеотид) қызметін тежейді.
Тотықтырғыштар – белсенді протеиндердің сульфгидрилдік тобына әсер етеді.
Тотықтырғыштарға дегидраза, гидролаза, амилаза, бактериялардың протеазасы, хлорлы
әк, хлорамин жатады. Марганец қышқылды калий ұлпалармен жанасқанда атомарлық
оттегін беріп, марганец тотығына айналады да микроорганизмдерге қысқа мерзімді беткі
әсерін тигізеді. Асқын сутегінің ыдырауы барысында бөлінетін оттегі бактерияларды
тотықтырады. Жақсы тотықтырғышқа йодтық ерітінді түріндегі йод та жатады. Ол
бактерия
цитоплазмасының
протеиндерінің
белсенді
топтарын
тотықтырып,
денатурацияға ұшыратады.
Формалин – формальдегидтің 40% сулы ерітіндісі. Протеинмен реакцияға түсіп,
олардың амин топтарымен байланысуы нәтижесінде денатурацияға ұшырайды және жаңа
қосылыстар
түзеді.
Вегетативтік
формаларға,
спораларға,
вирустарға
және
саңырауқұлақтарға күшті әсерін тигізеді. Формалин – мал шаруашылық нысандарын
зарарсыздандыру үшін қолданылатын өте тиімді, нәтижелілігі жоғары химиялық заттың
бірі болып табылады.
Зарарсыздандырғыш заттардың концентрациясы неғұрлым көп болса, олардың
микробтық жасушаға әсері де соғұрлым күшті болады. Фенолдың концентрациясын 2
есеге көбейту стерилдеуге кететін уақытты 64 есеге қысқартады (В.И. Вашков, 1973). Бұл
қасиет барлық химиялық заттарға бірдей емес. Мысалы, карбол қышқылының 91%
ерітіндісінің микробтарға әсері 4-5% ерітіндіге қарағанда әлсіздеу болуы мүмкін. Хлорлы
мыстың 3-5% ерітіндісі сібір жарасының қоздырғышының спорасын 12-14% ерітіндіге
қарағанда тезірек өлтіреді. Зарасыздандырғыш заттардың майдағы ерітінділері сулы
ерітінділерге қарағанда әлсіздеу болады. Стерилдеу сілтілі ортамен салыстырғанда
қышқылды орталарда тезірек өтеді. Химиялық заттардың әсеріне спора түзбейтін
бактериялардан – дөңгелек пішінділер төзімдірек болып келеді.
Спораларда бос су жоқтың қасы және олардың тығыз қос қабатты қабықшасы
микробтардың химиялық заттар әсеріне жоғары төзімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен,
химиялық заттардың әсері олардың құрамына, концентрациясына, экспозицияға (әсер ету
уақыты), температураға және басқада факторларға тікелей байланысты.
Бояғыш заттар бактериялардың өсуін тежеу қабілетіне ие. Бактерицидтік қасиеттері
бар бояғыш заттарға бриллиант жасылы (бриллиантгрюн), риванол, трипафлавин,
акрифлавин, фуксин және т.б. жатады. Бұлардың нуклеин қышқылына туыстығы
болғандықтан жасушаның бөліну процесін бұзады.
Ауыр металдардың тұздары (қорғасын, мыс, мырыш, күміс, сынап) жасуша
протеиндерін коагуляцияға ұшыратады. Ауыр металл тұздары протеинмен әрекеттесіп,
металл альбуминатын және бос қышқылдарды түзеді: R – COOH + AgNO
3
→ R – COOAg
+ H NO
3.
Кейбір металдар (күміс, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын және т.б.)
олигодинамикалық (бактерицидтік қабілет) қасиет көрсетеді. Мысалы, күміс ыдыстар,
күмістелген заттар, күмістелген құм сумен жанасқанда көптеген бактерия түрлеріне
қатысты бактерицидтік қасиетін береді. Олигодинамикалық әсердің механизмі металдың
оң зарядталған иондарының бактерияның теріс зарядталған беткі қабатына сіңірілуімен
және осының нәтижесінде цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін өзгертіп,
бактерияларды өлтіруімен түсіндіріледі.
Беткі белсенді заттар энергетикалық қатынасты өзгертеді. Бактериалдық жасуша
оң зарядын жоғалтып, теріс зарядқа ие болады. Бұл өз кезегінде цитоплазмалық
мембрананың қалыпты қызметін бұзады. Бұндай заттарға сабын, май қышқылдары,
жуғыш заттар, детергенттер жатады. Аталған белсенді заттар жасуша қабырғасын
зақымдағанымен жасушаға ене алмайды.
Микроорганизмдерге физикалық, химиялық факторлар ғана емес, сондай-ақ биологиялық
факторларда өз әсерлерін тигізеді
Достарыңызбен бөлісу: |