Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет21/54
Дата08.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#48508
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
XVIII ғасырдағы электр және магнетизм
Үйкеліспен электрлеу жайындағы алғашқы түсінік өте ерте заманнан басталды. Бірақ та электр құбылыстары жайындағы ғылымның тарихын ағылшын королевасы Елизаветаның дәрігері, Вильям Гильберттің зерттеулерінен бастауға болады. Гильберт электр және магнетизм жөніндегі бірінші шығармасын 1600 жылы жарыққа шығарды. Алғашқы электр машинасын 1650 жылы неміс ғалымы Отта Герике жасады.1734 жылы ағылшын ғалымы Стефан Грей электрді өткізетін және өткізбейтіндердің болатындығын ашқан. 1730 жылы Француз ғалымы Шарль Дюфе электрленген денелердің кейбір жағдайларда бірін – бірі тартатын, кей жағдайда бірін - бірін тебетінін байқаған. Ең алғашқы электроскоптардың бірін 1745 жылы Петербург академиясының академигі Георг Вильгельм Рихман жасады. ғылымының негізін салушы Вениамин Франклин 17 қаңтарда 1706 жылы Бостонда дүниеге келген. Ол электр тогының біртектілігі теориясын жасады. Франклин атмосфералық электрді зерттеген ең алғашқы ғалымдардың бірі, жай тартқыштың құрылымын ұсынған. Зарядтың сақталу заңын 1750 жылы ашқан. Ол алғашқы болып, оң «+» және «–» терiс зарядтар туралы түсiнiктi енгiзген.
Шарль-Огюстен Кулон (14.06.1736-23.08.1806) – француз физигi және инженерi. Ангулем қаласында (Франция) мемлекеттiк шенеунiк жанұясында дүниеге келген.
Шарль мектептi тәмамдағаннан кейiн Мезьередегi әскери-инженерлiк мектепке қабылданады. 1761 жылы Кулонға лейтенант шенi берiлiп, Мартиника аралында әскери форт салуға жiберiледi. Тоғыз жылдық құрылыс практикасынан кейiн Кулон Францияға қайтып оралады. 1776 жылы “Архитектураға қатысы бар, статиканың кейбiр мәселелерiне максимумдар және минимумдар әдiсiн пайдалану туралы" – еңбегiн жариялайды. Кезектi ғылыми жұмыстары жiбек жiптi және шашты бұраған кездегi физикалық заңдылықтарына қатысты. Үйкелiстi зерттеу жұмыстары (1781ж.) оны жаңа жетiстiктерге жеткiздi. Бұл еңбектерi үшiн Кулон Париж ғылым академиясының сыйлығын алады, кейiннен бұл академияның мүшесi болып сайланады.
1784 жылы Кулон “Бұрау кезiнде бұрау бұрышына пропорционал реакция күшi бар металл жiптердiң қасиетiне негiзделген – электрлiк салмақтарды" ойлап тапты. 1785 жылы ол “электрдiң iргелi заңын" ашты, ол былай айтылады: аттас зарядталған екi кiшкене шариктердiң тебiлу күшi бұл шариктердiң центрлерiнiң арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Бұдан кейiн Кулон электр күшiнiң зарядтардан тәуелдiлiгiн орнатып, физика тарихында Кулон заңы деп аталатын заңды тұжырымдады. Кулон электр және магнетизм мәселелерiне жетi жұмысын - “мемуарларын" арнады.
Кулон 70 жасында Парижде қайтыс болады. Француздың ойшыл ғалымының құрметiне электр зарядының бiрлiгi – кулон (Кл) атауы 1881 жылдан берi практикада қолданылады.

№13 Дәріс


Дәріс тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы даму


Дәріс жоспары:
1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы механиканың дамуы.
2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы толқынды оптиканың дамуы. XIX ғ. электрмагнетизм және электродинамика

XIX ғасырдың бірінші жартысында механиканың дамуы


Ең алдымен, біз үдеткіш күштер принципіне негізделген аналитикалық аппаратты дамытудан тұратын бағытты қарастырамыз –Лагранж бұл бағыт осылай атады. Бұл бағыт Ньютонның екінші заңын материалдық нүктенің, материалдық нүктелер жүйесінің немесе қатты дененің берілген күштер бойымен қозғалысын немесе, керісінше, берілген қозғалыстар арқылы күштерді анықтауды қамтиды.
Мұндай мәселелерді Ньютон шешкен болатын, бірақ ол оларды шешу үшін аналитикалық аппаратты жасамады. Ньютон дифференциалдық және интегралдық есептеулердің аналитикалық аппаратын нақты түрде қолданбаған, бірақ геометриялық әдісті қолданған.
Үдеткіш күштер принципіне негізделген аналитикалық аппаратты құруда негізгі рөл Санкт-Петербург академигі Леонард Эйлерге (1707-1783) тиесілі. Эйлер (ұлты бойынша Швейцарец) 1727 жылы Санкт-Петербург Ғылым Академиясына шақырылды, онда 1741 жылға дейін жұмыс істеді, содан кейін Германияға кетті. 1766 жылы ол қайтадан Ресейге оралып, қайтыс болғанға дейін Санкт-Петербургте тұрды. Эйлер көптеген еңбектерге ие. 1736 жылы "Механика" –екі томдық шығарма, ал 1705 жылы "Қатты денелердің қозғалыс теориясы"жарық көрді. Бұл жазбаларда Эйлер механика бойынша зерттеулерінің едәуір бөлігін жариялады. Эйлер Ньютонға механиканың негізгі міндетін, сондай-ақ оның негізгі ұғымдарын түсінуде ілеседі. Эйлер қатты дене механикасының негізін қалаушы болды. Ол алдымен Эйлер бұрыштары деп аталатын қатты дененің қозғалыс теңдеуін шығарды. Эйлер төмендегідей қатты дене динамикасының негізгі ұғымдарын енгізген: инерция моменті, бос осьтер және басқалар.
Осы уақытқа дейін жекеленген сақтау заңдары белгілі болды:
1. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы (Декарт белгілеген);
2.Тірі күштердің сақталу заңы немесе қазіргі мағынада энергияның сақталу заңы (Галилео, Лейбниц-жалпы түрде);
3. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы (1746 ж. Эйлермен бір уақытта Д. Бернулли айналмалы қозғалыс теорияның дамуында енгізген болатын).
18 ғасырда сақталу заңы табиғаттың әмбебап сақтау заңдары ретінде ұсынылды.
1743 жылы француз математигі, физигі және философы Жан Даламбер (1717-1783) "Динамика" кітабын басып шығарды, онда ол динамика есептерін статика есебіне сәйкестендірудің сәл өзгеше принципін ұсынды. Ол қозғалыс динамикасының негізгі тұжырымдамасын қарастырды.
Эйлердің, Лагранждың және де басқа математиктер мен механиктердің еңбектері XVIII ғасырда теориялық механиканың пайда болуына себепші болды. Бірақ та оның дамуы физикаға қарағанда математиканың дамуымен тығыз байланыста болды.
Механиканың тарихында ерекше орын алатын және дамуына үлес қосқандар болып Остроградский, Чебышев, Ляпунов секілді орыс ғалымдары есептелінеді.
1803 жылы Луи Пуансоның «Статиканың элементтері» атты еңбегі жарық көреді. 1811 жылы жарық көрген Симеон Пуассонның «Механика туралы трактаты» атты еңбегі механикадан көптеген жылдар бойы оқу құралы ретінде пайдаланылды.
1829 жылы ұлы неміс математигі, астрономы және физигі – Карл Фридрих Гаусстың «Динамиканың жаңа ортақ принципі жайлы» атты еңбегі жарық көрді. Оның еңбектері алгебраның, сандар теориясының, дифференциалдық геометрияның, тартылыс теориясының, электр және магнит құбылыстарының классикалық теориясының, геодезияның, теориялық астрономияның дамуына орасан зор ықпал етті. Кез келген алгебралық теңдеудің кем дегенде бір түбірі болатындығы жөніндегі алгебраның негізгі теоремасын дәлелдеген. Гаусс сондай-ақ, астрономия, ықтималдықтар теориясы, шексіз қатарлар теориясы, потенциалдар теориясы, т.б. салалар бойынша да іргелі еңбектер жазған. Ол өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерді есептей отырып, ең кіші квадраттар тәсілін және 3 рет бақылау нәтижесінде планеталардың эллипстік орбитасын есептеу тәсілін ұсынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет