Дәріс тақырыбы және тезистер



бет5/15
Дата14.10.2023
өлшемі41,54 Kb.
#114331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2

6
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Стилистикалық қате ұғымы
Стилистикалық қатені айқындау жолдары.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Стилистикалық қатенің басқа қателіктерден ерекшеліктері. Стилистикалық қатені айқындау. Стилистикалық қатені болдырмау жолдары. Стилистикалық қатенің орын алатын орындары. Стилистикалық қатенің түрлері: 1) қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан болатын стилистикалық қателер; 2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын стилистикалық қателер; 3) функционалдық стиль нормаларының сақталмауынан болатын стилистикалық қателер.
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жүмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында - тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.

2

7
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Лексикалық стилистика ұғымы
Лексика-фразеологиялық деңгейдің стилистикалық мүмкіндігі
Поэзия тіліндегі стилистикалық қолданыстар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет