Дәріс тақырыбы және тезистер



бет6/15
Дата14.10.2023
өлшемі41,54 Kb.
#114331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Лексика, лексикология және стилистика — бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп — әдетте тілдегі барлық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарының қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мысалы мына бір үзінділерге көңіл аударып көрейік.



2

8
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының қызметі мен ерекшеліктері

  1. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуі

  2. Қазақ тілі лексикалық жүйесінің экспрессивтік стилистикалық құрылымы

Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен көсем сөзге қатысты ой толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл саладағы алғашқы қарлығаштар болды. Ал стилистиканың жеке ғылым тармағы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғашқы басылымы 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе қазақ тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп қарастырылады. Экспрессивтік стилистиканың мәселелері тілдік бірліктердің эмоционалды-экспрессивтік қызметіне қатысты қарастырылды [9].
Кейінгі кезеңдерде қазақ стилистикасы І.Кеңесбаевтың, А.Ысқақовтың, М.Балақаев, Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісов, С.Исаевтың, Ф.Мұсабекованың, Н.Х.Демесинованың, М.Серғалиевтың, Н.Уәлиевтің, Р.Әмірдің, Б.Момынованың, О.Бүркітовтың, Ж.Құрманбаеваның, Б.Хасановтың, Т.Қоңыровтың, Х.Нұрмұқановтың, Х.Кәрімовтың, Б.Шалабайдың, Ш.Мәжітаеваның, Д.Әлкебаеваның, Г.Әзімжанованың т.б. ғалымдардың зерттеулерімен толықты.
2. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасын зерттеуге лигвофилософияның таным теориясы, тіл мен ойлау, тіл мен сана, форма мен мазмұн, қоршаған әлем және оның тілдік бейнесі, логиканың ойлау және оның түрлеріне қатысты теориялық тұжырымдары негіз болады. Себебі тілдің нақты қолданысының түрлі ой мен сезімді жеткізуге бейімділігі мен мүмкіндіктерін көрсету әрбір тіл бірлігінің бойындағы стилистикалық мүмкіндіктердің өзін сол құрылым мен мағынаның дамуы барысында жинақталған «дәндері» ретінде тануға мүмкіндік береді. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, тілдің жалпы философиялық табиғатымен үндесіп жатады;
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық жүйесін зерттеу тілдің экспрессивтілікті жеткізуде ғасырлар бойы қалыптастырған тілдік механизмдері мен олардың сөйлеудегі, контекстегі қолданысын анықтауға, талдауға құрылады. Бұл тұста экспрессивтік стилистикалық зерттеуде тіл мен сөйлеудің дихотомиясы басшылыққа алынады;
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін анықтауда және осы бағытта зерттеулер жүргізуде лингвостилистиканың синонимия, транспозиция, экспрессивтілік, коннотаттық ұғымдары негізге алынады;
Қазақ тілі лексикалық жүйесінің экспрессивтік стилистикалық құрылымына сөз және тұрақты сөз тіркесі семантикасы мен функциясы, олардың эстетикалық ерекшелігі мен контекстегі сипаты, синонимиясы, антонимиясы, омонимиясы, паронимиясы және троптар енеді;
Қазақ тілінің эмоцияналды, образды, бағалауыштық, лексикалық, фразеологиялық бірліктер жүйесінде интонация, ырғақ, дыбыстық қайталаулар, сөз таптары, қосымшалар мен грамматикалық категориялар айрықша экспрессивтік стилистикалық қызмет атқарады;
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасын түрлі ғылым салаларымен байланыста кешенді зерттеу халықтың тіл байлығын ғана емес, оның мінез- құлқын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, наным-сенімін, ұғым-түсінігін, басқа халықтармен мәдени байланысын, эстетикалық талғамын, ұлттық болмыс-бітімін айқындап, ұлттық тіл мәдениетін дамытуға негіз болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет