Дәрістің қысқаша мазмұны: Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі. Норманың тұрақтылығы. Танымдық, руханилық дүниеліктердің, мәдени дәстүрді сақтап, келесі бір аса зор рухани құндылықтарды жасаудың, дамытудың қуатты әлеуеті болуы.
Алайда норманың тұрақтылығы абсолютті шама емес. Норма да экстралингвистикалық түрткіжайттардың барысында өзгеріп отыратындығы.
Нормаға тән сипаттар норманың жұртшылыққа ортақтығы;
норманың салыстырма тұрақтылығы;
норманың салыстырма өзгермелілігі;
норманың талғамалылығы; норманың стихиялылығы (өздігінен пайда болуы, норманың тосыннан пайда болуы).
Нормаға ұқсас, жақын тілдік категориялар. Оған: тілдік жүйе; тілдік дағды (узус); ереже т.б. құбылыстар жатады. Бұлардың әрқайсысының өзді-өзіне тән ерекшеліктері.
Стилистикалық норма - бұл да тілдік норма, бірақ стилистикалық кейбір әдістер оның ауытқуына себепкер болады. Стилистикалық норма екіге бөлінеді: - экспрессивті-стилистикалық; - функциональды-стилистикалық. Стилистикалық норма деп белгілі қолданыс аясында функциональдық стильдерде, оның барлық жанрларында стилистикалық ресурстардың мәнерлі әсем өрнегімен орынды қолдануын айтамыз.