Дәріс тақырыбы және тезистер


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет2/15
Дата14.10.2023
өлшемі41,54 Kb.
#114331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы.
2. Стилистиканың қазіргі таңдағы даму бағыт-бағдары мен зерттелуі.
3. Стилистиканың филологиялық пәндермен байланысы және өзіндік ерекшеліктері.



2

2


дәріс



Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Стилистиканың даму бағыттары мен түрлері.

  1. Прагмастилистиканы зерттеуші ғалымдар.

  2. Прагмастилистика – жаңа бағыт.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Əлемдік лингвистикада прагматиканың жан-жақты сөз болуы прагматиканың өте күрделі көп аспектілі сала екендігін көрсетеді. Орыс ғалымдары да прагматиканы əр қырынан, əр аспектіде зерттеді. Олар тілдің құрылымындағы прагматиканың мақсатына назар аударған. Мысалы, лексикалық бірліктердің семантикасының ішкі формасы прагматикалық компонент ретінде қарастырған, жалпы коммуникативтік сөйлеу формасындағы прагматикалық бағыт туралы, фразеологиялық мағынаның прагматикалық тиімділігі туралы жазылған еңбектерді айтуға болады. Прагматиканың анықтамасы мен стилистика ережесінің қағидалары арасында ұқсастық бар. Екеуі де «ықпал ету», «əсер ету» қызметін көрсетеді. Автор стилистикалық амал-тəсілдерді таңдап алғанда, адресатқа əсер ету мақсатын көздейді. Автордың тілдік бірліктерді таңдап алуы, оның ақыл-ойы, санасындағы белгілі прагматикалық мақсатты нəтижелі ұйымдастыра білуіне тікелей байланысты. Автор арқылы туындаған айтылым немесе мəтін адресатқа заттық-ұғымдық, бейнелілік-эстетикалық мағына беріп қоймайды, когнитивтік, коннотативтік, эмоционалды-экспрессивті мазмұнды береді. Прагматика қатысым əрекетіндегі таңбаның бітім-болмысын көрсетеді. Автордың қолданысында таңба өзінің «іс-əрекетін ықпал ету», «белгілі мақсатқа арнап» құру қасиетіне ие. Прагматика тілдік таңбалардың оны қолданушы адамдарға қарым-қатынасын көрсетеді əрі ықпал етеді, қабылдаушының реакциясын тудырады. Осыдан келіп прагматиканың орнын анықтау мəселесі көтеріледі, оның тіл ғылымының қай саласында мəні мен мағынасы толық ашылатынын анықтайтын кезең туды. Ол – стилистика ғылымының жаңа бағыты прагмастилистиканың қалыптасуы деп айтуға болады. Прагмастилистика – стилистика ғылымының жаңа бағыты. Кез келген айтылым адресаттарға ақпарат берумен қатар, оның қабылдауына ықпал ететін тілдік бірліктерді таңдайды жəне оның реакциясын тудырады. Адресанттан алынған ақпараттан кейінгі адресаттың белгілі пікірге келіп, қайтадан қандай əрекет жасайтынын прагматика зерттейді. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады. Адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынас аясындағы тілдік бірліктердің ықпал ету жəне əсер ету мақсатынан пайда болған туынды мəтін прагмастилистика деп аталады. Прагмастилистика ғылымының пайда болуына когнитивті лингвистика, психолингвистика ықпал етті. Мəтіннің табиғатын, болмысын толық саралау үшін тілдің мəтіндегі «мінезін», «іс-əрекетін» де қарастыру керек, мəтінде автордың өз қалауымен алынған тілдік бірліктерімен қоса коммуникативтік ниеті, пиғылымен қатар белгілі мақсатқа құралған ойлау стилі де қатысады. Мəтіннің толық табиғатын тануда стильдік амал-тəсілдердің қандай мақсат пен ниетке құралып тұрғаны контекстік жəне ситуациялық қарым-қатынаста мəн-мазмұны нақты ашылады. Мəтіннің түзілісінде стилистикалық ерекшеліктер мен прагматикалық мақсат қатар тұрады. Мəтін түрлерінің ғылыми, публицистикалық, ресми болуына байланысты автордың прагматикалық мақсатына орай стилистикалық амал-тəсілдері сұрыпталып алынады. Функционалды стильдерді қалыптастыруға жеке стиль түрі болып жіктелу үдерісінде жағдай туғызушы факторлар бар. Ол ғылымда экстралингвистикалық факторлар деп аталынады. Дискурс пен мəтінде экстралингвистикалық факторлар қо са алынады, бірақ онымен қатар тұратын прагматикалық фактор стилистикалық амал-тəсілдермен үйлестіре пайдаланылғанда мəтін мен дискурстың мазмұндық-ақпараттық сипаты толық өз дəрежесінде көрінеді.



2

3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет