Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Синтаксистік стилистика.
Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары.
Жай сөйлем стилистикасы.
Дәрістің мазмұны: Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объект болатын бір бүтін бөлшегі – сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қызметте жұмсалады, олардың түрлері көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп.
Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы. Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы. Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы. Синтаксистік синонимдер мен параллель құрылымдардың стилистикалық мүмкіндіктері.
Синтаксис (тілдің синтаксистік құрылысы)- ойлау жұмысын білдіру амалы, формасы. Сонымен бірге ойлау - рухани ізденіс нәтижесі деп танылды.Логикалык ойлаудың 3 формасы бар:-түсінік;-пайымдау;-ақылға ендіру.
Сөйлемнің эмоционалдығы эстетикалық қызметте айрықша көрінгенмен, хабар беру қызметі аркылы оның ең негізгі қызметі әр стиль өрісінде ерекше. Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем болса, сөйлем арқылы хабарлау белгілі мақсатты көздейді. Мысалы, Жай хабарлау: Рахмет келе жатыр (С. Ерубаев).Ресми хабарлау: Ноу-хау - техникалық және басқадай міндеттерді шешуге қажетті техникалық білім тәртібі, өндіріс құпиясы ... Ғылыми тұрғыдан хабарлама: Сұраулы сөйлемдер риторикалық (шешендік) сұрақты білдіру үшін жұмсалу кезінде ерекше баяндауыштық формада құрылады ("Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері" ғылыми оқулық). Поэтикалық хабарлау: Арманыңыз орындалуы мумкін. Публицистикалық стильде арман поэтикалық сөз ретінде алынып тұр.
Сөйлемнің стилистикалық әсері мен прагматикалық салмағы контекстке және ситуацияға тікелей тәуелді. Контекст терминінің мағынасы өте күрделі, кез келген сез (речь) немесе сөйлем контексте өзінің мағыналык әрі көркемдік касиетін анықтайды. Қазіргі уақытта контекст туралы зерттеулер логика, психология, адам әлемі сияқты атаулармен тығыз карым катынасқа түсуде. Автор осы әрекетті беруде контекске сүйенеді. Контексте стилистикалык амал-тәсілдер арқылы жасалынатын сөйлемдер ерекше стильдік мәнге ие болады.
Стилистика сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құрылады, олардың тілдегі қалыптаскдн жүйелері қалай болады дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады деп те жатпайды, кісінің мақсатты ойын қалайша дұрыс айтуға болады? Ол міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік түлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, кісіге әсер ететін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан карастырады. Сөйлемдердің стильдік жүк арқалау қасиеті мәтіндегі жалпы тілдіқ те, контекстік те, қолданыстық та қасиетіне және суреткердің шеберлігіне тікелей байланысты.
Сөздердің де өзгеру, түрлену, олардың бір-бірімен тіркесуі болатыны сияқты сейлем де белгілі бір грамматикалық заңдарға бағына отырып, сөйлемнің құрылуының алғы шарттары жасалынады да, олардың стиль түрлеріне тән синтаксистік-стилистикалық сөйлем құрылымдарын кездестіруге болады. Атаулы сөйлемдерден тұратын керкем әдебиет стилінің ерекшелігі ойдың картиналық суретін беру мақсатын айқындайды. Май айы. Таң алды. Түнгі Москва. Ленинград. Петроград ауданы. Асфальттелген әдемі көшелер. (С. Ерубаев.) Сондай-ақ, суреткердің баяндау тәсілінде алуан түрлі синтаксистік құрылымның жүйелі, бірақ өзіндік ерекшелігі бар түрлері кездестіріледі. Мысалы: Есейіп, жігіт-желеңнің әңгімесін үзіп-үзіп тыңдап жүрген кезім (Ақылбай // Түрағұл). Жаз ортасының қоңыр кеші, Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі (М. Әуезов).Сөйлемдер құрылымдық жүйесінен атаулы сейлемдер құрмалас немесе есімді сөйлемдер болып бөлінгенмен, портрет жасау, окиға кұбылыстың басталу процесін керсету, адамның кескін-кейпін суреттеуде автор әр түрлі сөйлемдерді пайдаланады. Кез келген функциональдық стильдердегі синтаксистік құрылысты тану арқылы олардың құрылымдық-тақырыптық немесе мәтіннің негізгі мазмұнын ашуға себепкер болатын іс-әрекет, жағдай туралы мәлімет алынады.