Дәріс тақырыбы және тезистер



бет3/14
Дата20.10.2022
өлшемі45,24 Kb.
#44329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
1 Стилистика ДАРИСТЕР УМКД тезистер

Дәрістің мазмұны:
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым (қарабайыр) түрлеріне қарсы қойылады. Cондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалдық-стильдік жіктеліс тән. Осы тұрғыдан әдеби норманы функциональды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функциональды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функциональды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Жалпы норма тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функциональды-стильдік тармақтарына ортақ. Ол стильдерді, стилішілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Әдеби тіл нормаларының түрлерінің ерекшелігі неде?

  2. Норма туралы Р.Сыздықтың тұжырымдарының құндылығы неде?

2

4
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Стилистикалық норма ерекшеліктері.
Стилистикалық норманың тарихи категория


Дәрістің мазмұны:
Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі. Норманың тұрақтылығы. Танымдық, руханилық дүниеліктердің, мәдени дәстүрді сақтап, келесі бір аса зор рухани құндылықтарды жасаудың, дамытудың қуатты әлеуеті болуы.
Алайда норманың тұрақтылығы абсолютті шама емес. Норма да экстралингвистикалық түрткіжайттардың барысында өзгеріп отыратындығы.
Нормаға тән сипаттар
норманың жұртшылыққа ортақтығы;
норманың салыстырма тұрақтылығы;
норманың салыстырма өзгермелілігі;
норманың талғамалылығы; норманың стихиялылығы (өздігінен пайда болуы, норманың тосыннан пайда болуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет