Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет27/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Лапшин


Lapšin

Неміс т. Lapschin


Француз т. Lapchine
Итальян т. Lapscin
Ағылшын т. Lapshin
Поляк т. Ɫapsɀin
Чех т. Lapšin
Венгер т. Lapsin
Португал т. Lapxin

Ал латын әліпбиімен жазатын тілдегі New Iork сөзін кирилл әріптерімен практикалық транскрипциясын төмендегідей етіп көрсеткен:


Латын жазуы


Практикалық транскрипциясы




New Iork

Орыс т. Нью-Йорк


Белорус т. Нью-Іорк
Болгар т. Ню-Иорк
Серб т. Њујорк

Мұндағы «Lapšin» орыс тіліндегі Лапшин сөзінің латын әріптерімен берілген ғылыми транслитерациясы. Ал Lapschin (Неміс т.), Lapchine (Француз т.), Lapscin (Итальян т.), Lapshin (Ағылшын т.), Ɫapsɀin (Поляк т.), Lapšin (Чех т.), Lapsin (Венгер т.), Lapxin (Португал т.) Лапшин сөзінің практикалық транскрипциясы емес аталған европа тілдеріндегі практикалық транслитерациясы деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Нью-Йорк (Орыс т.), Нью-Іорк (Белорус т.), Ню-Иорк (Болгар т.), Њујорк (Серб т.) New Iork сөзінің аталған тілдердегі практикалық транслитерациясы деп ойлаймыз.


Фонетикалық транскрипция фонетикалық заңдылықты терең білуді қажет етеді. Мұның өзі қазақ тіл білімінде толық, қолдауын таба қойған жоқ. Оның үстіне сөздерді бұлай жазуда өзге де (әсіресе техникалық) қиындықтар бар. Сондықтан оқу процесінде көбіне фонемалық транскрипцияға жугінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас тексті біршама айтылуына жуықтатып жазу жеткілікті. Бұлай жазу да, әрине, дыбыстық заңдарды жақсы білуді қажет етеді. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер, оның үстіне көрші дыбыстардың бір-біріне әсері мұқият ескерілуге тиіс. Сонда кейбір жеке сөздер мен сөз тіркестерінің, тұтас текстердің үлгісі мына түрде болады.
Сөздер: кітәп (жазылуы – кітап), жәй (жай), шәй (шай), ділдә (ділда), тілмәш (тілмаш), өлөң (өлең), өнөр (өнер), өзөн (өзен), өлкө (өлке), төбө (төбе), өкпө (өкпе)‚ көңүл (көңіл), көбүк (көбік), үкү (үкі)‚ күлкү (күлкі), түлкү (түлкі), түйө (түйе), мұрұн (мұрын), мойұн (мойын), ұуұс (уыс), ұуұз (уыз), жауұз (жауыз), дауұл (дауыл), қауұн (қауын), ауұл (ауыл), мұқұйт (мұқит), айұу (аю), ойұу (ою), қойұу (қою), қыйа (қия)‚ сыйа (сия), мый (ми), жый (жи), ыйық (иық), кійім (киім), ійне (ине), жамбады (жанбады), жаңған (жанған), сеңгеңге (сенгенге), білгеңге (білгенге), башшы (басшы), көссүз (көзсіз), жасса (жазса), ішше (ішсе), алат (алады), келет (келеді), айтат (айтадыт. б.
Сөз тіркестері: айғабақ (ай қабақ), алтынгірпік (алтын кірпік), айғарады (ай қарады), амангелді (аман келді), есең гелді (есен келді), ағешкі (ақ ешкі)‚ қарағой (қара қой), бешшылдық (бес жылдық), омбір (он бір), өмбойұ (он бойы), жамберді (жан берді), божжорға (боз жорға), ешшерге (еш жерге), алтыңғасық (алтын қасық), айдыңгөл (айдын көл), жүжжасады (жүз жасады), жүжжыл (жүз жыл), көгала (көк ала), көгет (көк ет), қарагөк (қара көк), жамбаспаған (жан баспаған), дошшар (дос-жар), алат (ала ат) т.б.



Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос - дұрыс, түзу және графия - жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әртүрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Тілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен, өзара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әртүрлі жақтарын және олардың байланысын ескере отырып, нақтылы принциптарге сүйенеді, соларды негіз етіп алады. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын үш түрлі принципі бар. Олар мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет