Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип



бет28/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип. Фонеметикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан, өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздің әртүрлі формалары, мысалы, плода және плод формалары әртүрлі дыбысталғанымен (плода формасында айтылған сөздің құрамындағы ұяң дауыссыз д плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады), біркелкі жазылады. Орфограграфияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба формалары да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан біркелкі ұяң әріппен жазылады.
Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы – орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп жазудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип бірдей ұштасып, бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі пол, ток, кот, сом, сам, қазақ тіліндегі ағаш, тас, көл, қорған, аттаныс тәрізді сөздер фонематикалық жақтан да, фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып, бір-бірінен ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық принципке де, фонетикалық принципке де жатқызуға болады.
Этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип. Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс тілінде «қайық» деген мағынаны білдіретін сөз лотка түрінде емес, лодка түрінде жазылады. Бұлай жазуда сөздің негізі лодочный, лодочка деген сөздердің құрамында кездесетін лод екені ескеріледі.Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде пчел, пошел, пшенный деген сөздердің құрамындағы е әрпінің орнына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанымен, бұлардың ертеректегі қалпы сақталып, этимологиялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Дәстүрлік-тарихи принцип этимологиялық принциппен төркіндес, соған ұқсас принцип болып саналады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы, помощник деген сөз шіркеулік славяндық помощь дегеннен емес, орыс тілінің помочь деген сөзінен жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет