Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет2/7
Дата08.12.2023
өлшемі48,84 Kb.
#135112
1   2   3   4   5   6   7
Талқылауға арналған сұрақтар
1. ҚР психология ғылымның қазіргі даму тенденциясы мен мәселелері.
2. Ғалым-зерттеушінің құқықтары мен міндеттері.
3. ҚР ғылыми ізденіс нәтижелеріне интеллектуалдық құқық алу ережелері.
4. Ғылыми зерттеу этикасы және оны бұзушы факторлар туралы
5. Психологиялық ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері




№ 2
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
2.1Ғылыми зерттеулердегі болжам және оның жіктелуі
2.2. Ғылыми зерттеулердің стратегиялық және эксперименттік жоспарлары
2.3. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі мен бағдарламасы
Болжам - ғылыми психологиялық зерттеудің маңызды мәселерінің бірі болып табылады. Мәселені анықтаған соң зерттеуші оны бұрынғы және қазіргі өзінде бар тәжірибелік білімдер арқылы түсіндіруге болады. Алайда жаңаны танып-білу үшін бұл жеткіліксіз болғандықтан зерттеуші мәселені алдын-ала болжап, түсіндіруге тырысады. Болжам - психикалық құбылыстар арасындағы байланыстардың мәні мен сипаты, объектінің құрылымы туралы ғылыми жорамалдау болып табылады. Болжамның негізгі қызметі - бар білімдерді толықтырып және оны жетілдіретін жаңа ғылыми тұжырымдарды алу болып табылады. Ғылыми болжамды жай болжамнан ажырату үшін оның бірқатар белгілерін бөлу керек. • дәлелденген жағдайлардан шығатын ғылыми қорытынды (статистикалық немесе бақылау мәліметтері) • белгілі-бір түсіндіру мақсатындағы тұжырымдардан тұрады. • эмпирикалық мәліметтер дербес тәжірибе немесе теория арқылы бекітіледі. Ғылыми болжамдың басты ерекшелігі - ол зерттелетін объектіні алдынала талдау нәтижесінде мүмкін болады. Психологиялық зерттеуде эмпирикалық зерттеуге дейінгі болжамды жұмыстық немесе зерттеуші болжам деп аталады. Қазіргі ғылыми зерттеудегі жұмыстық болжамды қалыптастыруға бірқатар алғышарттық талаптарды ажыратып көруге болады. а) болжам тарихи материализмнің бастапқы қағидаларына сәйкес болуы қажет; б) жұмыстық болжам ғылыми негізделген болуы қажет; в) жұмыстық болжам зерттелетін мәселеге адекватты, яғни мәні болуы қажет; г) жұмыстық болжам эмпирикалық тексеруге лайықты болуы қажет; д) жұмыстық болжамның логикалық талдауы оның ішкі қайшылықсыздығы орнату қажет.
Зерттеу болжамын қалыптастыру кезеңдері: 1- кезең зерттелетін тақырып немесе құбылыс туралы ақпарат жинау. Кезкелген ғылыми психологиялық зерттеу- осы тақырып бойынша жарық көрген әдебиеттер және басқа да ақпарат көздері статистикалық мәліметтер, өзге зерттеу қорытындылары, ғылыми есеп т.б. сипатталады. Бұл кезеңдегі ең басты ескеретін жайт - ақпарат жинаудың нақты жоспар арқылы жүзеге асуы.
2 – кезең болжам қалыптастыру. Бұл кезеңде зерттеуші жинаған және сыни талқыланып, талданған ақпараттар негізінде болжам қалыптастырады. 3 – кезең болжамдарды топтастыру кезеңі. Мұнда зерттеуші қалыптасқан болжамдарды белгілі-бір жүйеге түсіріп, негізгі және қосымшаларын ажырата білуі қажет. Болжамдардың жіктелуі түрлі белгілер арқылы жүзеге асады. 1) зерттелетін объектіге қатысты болжамдардың мазмұнына байланысты; сипаттаушы, түсіндіруші және прогноздық болжам болып жіктеледі. Сипаттау болжамы-бұл объектілердің жіктелуі (маңызды қасиеттері бойынша), құрылымдылығы (зерттелетін объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланысы), функционалдығы (өзараәрекеттестік байланыстарының тығыздығы) туралы болжамдаулар. Түсіндіруші болжам-зерттелетін объекті мен құбылыстардың себеп-салдарлық тәуелділіктері туралы болжамдар. Бұл болжамдар эксперименттік тексеруді қажет етеді. Прогноздық болжам- зерттелетін объектінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын ашып көрсетуге бағытталған болжам. 2) өңделу және негізделу дәрежесіне байланысты: бастапқылық және екіншілік болжам болып табылады. Бастапқылық болжамы- эмпирикалық мәліметтер жиналғанға дейін қалыптасады. Егер бұл болжам жоққа шығарылса, орнына екіншілік болжамдар ұсынылады.
Сонымен қатар психология ғылымдарында теориялық, эмпирикалық, ғылыми және статистикалық болжамдарды бөліп шығарады. Статистикалық болжам - математикалық статистика түрінде параметрлер арасында байланысты орнатады. Статистикалық болжамның бірнеше түрін ажыратуға болады. • Екі және одан көп топтардың айырмашылығы мен ұқсастығы туралы; • Тәуелсіз айнымалылардың өзара әрекеттестігі туралы; • Тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың статистикалық байланысы туралы; • Латентті айнымалылардың құрылымы туралы. Статистикалық болжамдар нолдік және альтернативті болып бөлінеді. Нөлдік болжам (Н0) - бұл өлшеніп отырған екі құбылыстың, параметрлердің арасында өзарабайланыстың немесе айырмашылықтың жоқтығы туралы болжам. Алтьтернативті болжам(Н1)- салыстырылып отырған екі белгінің арасында өзарабайланыстың немесе жеткілікті айырмашылықтың бар болуы туралы болжам. Бұл болжамды кейде эксперименттік жұмыс болжамы деп аталады. Альтернативті және нольдік болжамдар бағытталған не бағытталмаған болуы мүмкін.
Ғылыми зерттеулердің негізгі қадамдары: • Зерттеу бағдарламасын жасау; • Объектіні немесе бақылау бірлігін анықтау, яғни таңдау процесі; • Мәліметтерді жинау құралдарын анықтау, яғни зерттеу әдістемелерін таңдау; • Эмпирикалық мәліметтерді жинау; • Зерттеу мәліметтерін талдау және оны жалпылау (Здравомыслов А.Г. Методология и процедура социально-психологических исследований. М.:1969). Психологиялық зерттеулер көбіне қолданбалық мақсатта, яғни, қоғамдық қатынастар аймағында, еңбек ұжымдарындағы шиеленістік жағдайларды шешу 22 үшін жүргізіледі және тапсырыс беруші ұйым мен зерттеу орталықтары арасындағы қолданбалы тапсырыс түрінде бейнеленеді. Сондықтан да, зерттеу процесін зерттеушілерге түсінікті болу үшін 2 кезеңге бөледі. 1 – кезең. Дайындық кезеңі - мұнда қолданбалы тапсырыстың табиғаты анықталады, нақты ғылыми-психологиялық зерттеудің мақсат-міндеттері, зерттеу жағдайлары мен уақыты, жұмыстың көлемі мен мазмұны, адами және қаржылық қорлардың есебі жүргізіледі. Бұл кезең зерттеуші-психологтан зерттеу жүргізу іскерлігі және оның нәтижелері үшін жауапкершілік пен жұмыс жасау мәдениеттілігін талап етеді. 2 - кезең. Зерттеу жүргізудің негізгі кезеңі. Бұл кезең - зерттеу бағдарламасын жасаудан бастап, оны жүзеге асыру, мәселені анықтау мен зерттеу және алынған мәліметтер бойынша қорытынды жазу мен ұсыныстар беруге дейінгі барлық шараларды қамтиды. Ғылыми зерттеулер бағдарламасы - бұл объектіні зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық негізі бейнеленетін ғылыми құжат. Ғылымипсихологиялық зерттеу бағдарламасын жасау барысында мына мәселелер шешіледі: объект таңдау, әдістемелерді іріктеу, мәліметтерді талдау және өңдеу, эмпирикалық информацияның сенімділік мәселесі, мәліметтерді ғылыми интерпретациялық мәселесі. Осы мәселелер жан-жақты қамтылған психологиялық бағдарламасы ғана болашақта жақсы нәтиже беруі мүмкін. Осыған орай, ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы 3 қызмет атқарады. 1. Әдіснамалық қызмет - бұл бағдарламаның ғылыми мәселені анықтау, психологиялық мақсаты мен міндетін қалыптастыру, зерттелетін объект туралы бастапқы түсініктерді тіркеу, осы зерттеудің бұрын жүргізілген немесе ұқсас жағдайларда жүргізілетін зерттеулермен қарым –қатынасын анықтау мүмкіндігін беруіне байланысты жүзеге асатын қызмет. 2. Әдістемелік қызмет - бағдарламалық зерттеудің жалпы логикалық жоспарын жасау, зерттеу циклін «теория –факт-теория» жасау мүмкіндігімен байланысты қызмет. Бұл қызмет әдістері пайдалану, ақпараттар жинау, салыстырмалы талдаулар жасауды көрсетеді. 3. Ұйымдастырушылық қызмет - зерттеу мен мүшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі жүйесінің нақты жағдайларын белгілейді. Бұл өз кезегінде зерттеу барысын бақылау мен тіркеуді жеңілдетеді. Ғылыми зерттеу бағдарламасының құрылымы 2 - бөлімнен тұрады: әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық .
1) Әдіснамалық бөлімі келесі элементтерден тұрады:
а) мәселені анықтау; зерттеу мақсаты мен міндеті айқындалады;
б) зерттеу пәні мен объектіні анықтау;
в) негізгі түсініктерді интерпретациялау г) зерттеу объектісінің бастапқы жүйелік талдауы д) жұмыс болжамдарын қалыптастыру.
2) Әдістемелік – процедуралық бөлім келесі элементтерден тұрады: а) зерттеудің стратегиялық жоспары; б) алғашқы мәліметтер жинау мен талдаудың негізгі процедураларын бөліп қарастыру. Сәтті аяқталатын зерттеу жұмысының бастапқы алғышарты - сауатты зерттеу бағдарламасын жасау болып табылады. Бұл арада ең маңызды құжаттардың бірі психологиялық зерттеудің бағдарламасы маңызды рөл атқарады.
1.5. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі мен бағдарламасы Ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың әдістемелік негізі - жүргізілетін жұмыстардың процедуралық табиғатына салыстырмалы түрде тәуелді болып келеді. Ғылыми зерттеудің табыстылығы - өзара байланысты: концептуализация процедурасы, танымдық процедура, объективация процедурасы көрінетін зерттеудің әдістемелік қамтамасыздығына тәуелді болып табылады.
Ғылыми зерттеу процедурасы - барлық танымдық және ұйымдастырушылық әрекеттердің бірізділігі, зерттеуді ұйымдастыру тәсілдері. 1. Концептуализация процедурасы - зерттеудің әлеуметтік тапсырыстан нақты зерттеу объектісіне ауысуы болып табылады. Концептуализация процедурасы төмендегі жағдайларды: зерттеу мәселесін, мақсатын, міндетін, объектісін, таңдау тобын негіздеу, яғни зерттеудің концептуалды сызбасын нақтылауға мүмкіндік береді. 2. Танымдық процедурасы - бұл зерттеудің ішкі міндеттерін қою мен осыған сай бірқатар танымдық нәтижелерді алуға дейінгі аралықты қамтиды. 3. Объективтендіру процедурасы - алғашқы эмпирикалық мәліметтерді, яғни, жаңа, бастапқы мәліметтерді ғылыми-теоретикалық және қолданбалық нәтижелерге айналдырудағы кезең болып табылады. Бұл процедура осы жаңа білімдердің ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын, күнделікті өмірлік тәжірибеде пайдалану тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтанда, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру процесі құрылымдық тұрғыдан алғанда түрлі саладағы, бірақ өзара тығыз байланысты 3 процедураның бірізділігін құрайды. Басты ескеретін мәселе - мұндағы бір процедураның нәтижесі келесі процедураның бастапқылық алғышартын құрайды. Ғылыми психологиялық зерттеуді жүргізу - шектен тыс күрделі, әрі көп кезеңді процесс болып табылады. Ол терең теориялық біліммен қатар ғылыми-психологиялықтан жоғары кәсіби практикалық іскерліктер мен дағдыларды талап етеді. Психолог нақты тапсырысты қолға алу, мәліметтерді жинау мен талдаудан, өңдеуден бұрын түрлі әдістемелік құжаттарды жасауды, яғни барлық зерттеу кезеңдерін ойша елестетуді жетік меңгеру қажет. Ол зерттеудің қажеттілігін дәлелдеп қана қоймай, зерттеу процедураларының барлық элементтерін негіздей білу қажет. Ғылыми зерттеулердің негізгі қадамдары: • Зерттеу бағдарламасын жасау; • Объектіні немесе бақылау бірлігін анықтау, яғни таңдау процесі; • Мәліметтерді жинау құралдарын анықтау, яғни зерттеу әдістемелерін таңдау; • Эмпирикалық мәліметтерді жинау; • Зерттеу мәліметтерін талдау және оны жалпылау (Здравомыслов А.Г. Методология и процедура социально-психологических исследований. М.:1969). Психологиялық зерттеулер көбіне қолданбалық мақсатта, яғни, қоғамдық қатынастар аймағында, еңбек ұжымдарындағы шиеленістік жағдайларды шешу 22 үшін жүргізіледі және тапсырыс беруші ұйым мен зерттеу орталықтары арасындағы қолданбалы тапсырыс түрінде бейнеленеді. Сондықтан да, зерттеу процесін зерттеушілерге түсінікті болу үшін 2 кезеңге бөледі. 1 – кезең. Дайындық кезеңі - мұнда қолданбалы тапсырыстың табиғаты анықталады, нақты ғылыми-психологиялық зерттеудің мақсат-міндеттері, зерттеу жағдайлары мен уақыты, жұмыстың көлемі мен мазмұны, адами және қаржылық қорлардың есебі жүргізіледі. Бұл кезең зерттеуші-психологтан зерттеу жүргізу іскерлігі және оның нәтижелері үшін жауапкершілік пен жұмыс жасау мәдениеттілігін талап етеді. 2 - кезең. Зерттеу жүргізудің негізгі кезеңі. Бұл кезең - зерттеу бағдарламасын жасаудан бастап, оны жүзеге асыру, мәселені анықтау мен зерттеу және алынған мәліметтер бойынша қорытынды жазу мен ұсыныстар беруге дейінгі барлық шараларды қамтиды. Ғылыми зерттеулер бағдарламасы - бұл объектіні зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық негізі бейнеленетін ғылыми құжат. Ғылымипсихологиялық зерттеу бағдарламасын жасау барысында мына мәселелер шешіледі: объект таңдау, әдістемелерді іріктеу, мәліметтерді талдау және өңдеу, эмпирикалық информацияның сенімділік мәселесі, мәліметтерді ғылыми интерпретациялық мәселесі. Осы мәселелер жан-жақты қамтылған психологиялық бағдарламасы ғана болашақта жақсы нәтиже беруі мүмкін. Осыған орай, ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы 3 қызмет атқарады. 1. Әдіснамалық қызмет - бұл бағдарламаның ғылыми мәселені анықтау, психологиялық мақсаты мен міндетін қалыптастыру, зерттелетін объект туралы бастапқы түсініктерді тіркеу, осы зерттеудің бұрын жүргізілген немесе ұқсас жағдайларда жүргізілетін зерттеулермен қарым –қатынасын анықтау мүмкіндігін беруіне байланысты жүзеге асатын қызмет. 2. Әдістемелік қызмет - бағдарламалық зерттеудің жалпы логикалық жоспарын жасау, зерттеу циклін «теория –факт-теория» жасау мүмкіндігімен байланысты қызмет. Бұл қызмет әдістері пайдалану, ақпараттар жинау, салыстырмалы талдаулар жасауды көрсетеді. 3. Ұйымдастырушылық қызмет - зерттеу мен мүшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі жүйесінің нақты жағдайларын белгілейді. Бұл өз кезегінде зерттеу барысын бақылау мен тіркеуді жеңілдетеді. Ғылыми зерттеу бағдарламасының құрылымы 2 - бөлімнен тұрады: әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық8 . 1) Әдіснамалық бөлімі келесі элементтерден тұрады: 8 Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Организация и технология научного исследования. – Новосибирск, 2006. – 426 с. 23 а) мәселені анықтау; зерттеу мақсаты мен міндеті айқындалады; б) зерттеу пәні мен объектіні анықтау; в) негізгі түсініктерді интерпретациялау г) зерттеу объектісінің бастапқы жүйелік талдауы д) жұмыс болжамдарын қалыптастыру. 2) Әдістемелік – процедуралық бөлім келесі элементтерден тұрады: а) зерттеудің стратегиялық жоспары; б) алғашқы мәліметтер жинау мен талдаудың негізгі процедураларын бөліп қарастыру. Сәтті аяқталатын зерттеу жұмысының бастапқы алғышарты - сауатты зерттеу бағдарламасын жасау болып табылады. Бұл арада ең маңызды құжаттардың бірі психологиялық зерттеудің бағдарламасы маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет