Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет1/7
Дата08.12.2023
өлшемі48,84 Kb.
#135112
  1   2   3   4   5   6   7

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҰҒЫМДЫҚ–КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. 1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы ретінде
1.2. Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары, әдістері
1.3. Ғылыми зерттеулердегі теория және оның типтер
Дәрістің мазмұны:
І. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҰҒЫМДЫҚ – КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. 1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы ретінде
Ғылым - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің құрылымы өте күрделі саласы. Ғылымды жүйе ретінде сапалы және сандық жинақталған ғылыми білімдердің біртұтас бірлігі және олардың арасындағы өзарабайланысы ерекшелейді. Жүйе кең мағынасында дүниедегі барлық процестер, заттар және құбылыстардың бір-бірімен тығыз, өзара байланыста екенін анықтайды. Сондықтан да ғылым жүйе ретінде қоғамдық санада көрініс табады. Қоғамдық сана өз құрылымына табиғат, қоғам және адам туралы ғылымдар кіретін адамзат болмысының мағынасын суреттейді. Қоғамдық сана формасы шеңберіне ғылыми құрылымдар, әдіснама, теория және ғылыми құрылымдар кіреді. Ғылымның мақсаты - қоғам және табиғаттың даму белгілерін тану, олардың логикалық және абстрактілі ойлау арқылы жүзеге асатын заттар мен құбылыстарға әсер етуі, олардың ерекшеліктері мен қатынасын айқындау. Ғылымның танымдық үрдісі ұғымдар, категориялар және критерийлер арқылы жүйелілік және жалпылауға жататын фактілердің жинақталуын ескереді. Ғылыми білім табиғат және қоғамның заңды даму үрдісін бейнелейтін бір-бірімен арақатынастағы ұғымдардың жүйесі ретінде көрінеді. Ғылыми білімнің жүйелік дамуы, оның жүйеленуі, апробациясы және кемелдендіруі ғылыми зерттеулер арқылы жүзеге асады. Қазақстанда ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды ғылым туралы заңы реттейдi. Бұл заң бойынша зерттеуші ғалым ретінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және ғылымитехникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адамды қарастырады1 .
Ғылым - бұл қоғам тәжірибесінің даму мақсатына тәуелді, адамзат әрекетінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да нақты ғылым деп тек қоршаған орта туралы білімнің жиынтығы ғана емес, нақты ғылыми түсініктермен және ойпікірлер көмегі арқылы көрсетілген, табиғат заңдары мен қоғамның өзара байланысы нақты тұжырымдалған білімдер жүйесін де айта аламыз. Ұғымдар мен пайымдаулар ғылыми әдістер арқылы алынса (эмпирикалық, теориялық) және тәжірибелік тексеру кезінде дәлелденсе, олар ғылыми тұжырымдар болып саналады. Нәтижесінде, ғылым – адам және қоғам, табиғат туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу әрекетінің бір саласы болып табылады.
Ғылыми зерттеу жұмысы – тәжірибеде бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми болжамдарды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс болып саналады. Ғылыми ізденіс. Ғылыми ізденіс әрдайым ғылыми біліктілік деңгейін арттыруға, табиғат пен әлеуметтік құбылыстардың жаңа заңдылықтарын ашуға бағытталған. Ғылыми ізденістер қашанда бір-бірінен ерекшеленеді. Әр зерттеудің мақсатқа бағытталған танымдық үрдісі, қорытындысы, жалпылануы мен нақты зерттеу жағдайы нәтижесінде ұсынылған логикалық ғылыми тұжырымы болады. Ғылыми ізденістер бірнеше кезеңдерден тұратын танымның мақсатқа бағытталған үрдісі болып табылады. Оның нәтижелері ғылыми зерттеудің көрінісіне байланысты болады: ғылыми мақала, эссе, курстық жұмыс, дипломдық жоба, диссертация (магистрлік, докторлық), монография және т.б. Кез-келген құбылысты зерттеу, тану, ғылыми ізденістер жүргізудің барлығы өз дәрежесінде жаңалық болып табылады. Бұл кезде ғылыми интуиция, зерттеушінің индивидуалдылылығы және оның зерттеуші ретіндегі тәжірибесі өте маңызды. Қазақстан республикасының Ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми зерттеулерге ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық зерттеулерді жатқызуға болады. Ғылыми еңбектің тиімділігін арттыру және ғылыми қызметті дамытудың басты жағдайларының бірі- зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми қарымқатынас жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
1.2.Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары мен әдістері Кез–келген ғылымның мақсаты ақиқатқа жету, ал оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады. Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинап, өзінің дамыған эксперименттік ғылыми-әдістемелік аппаратын қалыптастырды. Алайда осы эксперименттік фактілердің көп болуы кейде психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуына тежеу болуы мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті-алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары мен ұстанымдары анықталуы керек. Ғылыми психологиялық зерттеу мәнін тереңірек түсіну үшін, осы зерттеу барысында пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер жүйесін жан-жақты талдау қажет.
Әдіснама - ғылыми таным мен ақиқаттық құрылымдарды жасау әдістері, формалары, қағидаларі туралы ілім. Ол ғылымның әр түрлі салаларында құрылымы, логика, ұйымдастыру, әдістері мен қызмет құралдары, оның теориясы мен практикасы туралы ілім. Әдіснама - білім негіздері туралы ілім ретінде зерттеушінің ғылыми білім үрдісіне негізделген философиялық, идеологиялық ұстанымдарын талдайды және бағалайды. Әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: Динамикалық деңгей - ғылымның нәтижелерін дүниетанымға сай интерпретациялау, оның категориялық ықпалының ортақ нысандары мен ғылыми ойлау әдістерін талдау; Статикалық деңгей - жалпы ғылыми сипаты бар қағидалар, ғылыми-зерттеу тәсілдері мен формалары; Аналитикалық және синтетикалық деңгей - яғни нақты ғылыми әдістемесі әдістер мен қағидаларының жиынтығы ретінде, ол ғылымның белгілі бір саласында пайдаланылады ; Пәндік деңгей – зерттеу әдістері мен қағидаларының жиынтығы қандай да бір ғылыми пәнде немесе нақты ғылымның пәндер қиылысында қолданылады. Пәнаралық деңгей - кешенді пәнаралық ғылыми-зерттеу әдіснамасы, ғылыми зерттеу логикасына сәйкес ол түрлі ғылымдардың арақатынасы болып табылады.
Әдіснама - ғылыми-зерттеу әдістері мен техникасын зерттеу ретінде - зерттеу жалпы бағытын құрайтын білім нақты әдістерін маңызды сипаттамаларын қарастырады. Ондай әдістер теориялық және эмпирикалық зерттеу кезеңдерінде тәсілдері мен әдістерін қамтуы тиіс.
Әдіснаманың маңыздылығы ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелендіре отырып келешекте болатын эффективті зерттеу бағыттарына мүмкіндік жасайды. Ғылыми білімнің әдіснамасының негізгі мақсаты - ғылыми білімнің жинақталған синтезі болып табылады.
Зерттеу маңыздылығы. Ол теориялық және практикалық сипаттарға негізделінеді. Зерттеулердің теориялық маңыздылығы- оның нәтижесінде қалыптасқан тұжырымдамалар, болжамдар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастармен сипатталса, ал зерттеудің практикалық маңыздылығыалынған мәліметтер негізінде болашақта жаңа ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар, әдістер және т.б. дайындауға алғышарт болады. Қағида – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Қағида практикада, әдісте көрінеді. Қағида мен әдістің айырмашылығы: қағидалар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін ұстанымдары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа, теориялар сипатына байланысты өзгеріп отырады. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық қағидаларының 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады .
А) Философиялық әдіснамалық қағидалар; Ә) Жалпы ғылыми әдіснамалық қағидалар; Б) Жалпы психологиялық қағидалар; В) Тікелей эксперименттік әдіснамалық қағидалар. А) Философиялық әдіснамалық зерттеулерге тән 3 қағида бар: 1. Әлемнің материалдық бірлігі қағидасы 2. Дамудың әмбебаптылығы қағидасы 3. Себептілік қағидасы Ә) Жалпы ғылыми қағидалар - таным объектісін субъектіден тәуелсіз тану. а) Сәйкестілік қағидасы – бұл жаңа және ескі теориялардың сабақтастығы. ә) Толықтыру қағидасы-ғылымда бір-біріне қарама-қарсы категорияларды қолдану қажеттілігі. Бұл идеялардың бір-бірін толықтыруына негіз болады. б) Бақылау қағидасы- теория бақыланатын құбылыстар негізінде қалыптасады. Б) Жалпы психологиялық қағидалар: а) детерминизм қағидасы - психологиялық құбылыстар табиғатының себебін түсіндіру ә) даму қағидасы - психика дамушы категорияларға ретінде қарастырды. б) іс-әрекет пен сананың бірлігі қағидасы. в) жүйелік – құрылымдық қағидасы психологиялық құбылыс біртұтас жүйе және құрылым ретінде өз элементіне ие болады. г) иерархиялық қағидасы - барлық психологиялық құбылыстар иерархиялық жүйе деңгейлері ретінде қарастырылады. д) тұлғалық бағыт қағидасы - тұлға арқылы оның элементтері мен байланысын тану мүмкіндігі. В) Нақты эксперименттік-психологиялық қағидалаp: а)адекваттылық қағидасы-бұл зерттелетін құбылыспен пайдаланылған әдістеме арасындағы сәйкестілік. ә)параллельдік қағидасы-психологиялық құбылысты бейнелейтін көрсеткіштер туралы ақпараттарды жоғарылату үшін пайдаланылады. б) экстремалдық қағидасы- зерттелетін құбылыстардың неғұрлым типтік параметрлерін алу мақсатында экстремалдық ситуациялар жасау. в) референттілік қағидасы- құбылыстың маңызды сезімтал белгілерін іздеу. г) бірізділік қағидасы- зерттелетін құбылыстардың табиғаты мен фактілерді түсіндірудегі жалпылаулардың бірізділік деңгейлерін ескеру.
1. 2. Ғылыми зерттеулердегі теория және оның типтері Теория (гректің theria-қарау, зерттеу)-ұғымдардың жүйесі шындықтағы дәлелдемелер туралы сенімді ғылыми білімнің формасы, қоғамдағы заңдылықтары мен өзара қарым-қатынастардың тұтас көрінісін береді. Теория танымдық қызметтің мен практиканың нәтижесі болып табылады, және нақтылық ой процестерінің бір көрінісі болып табылады. Теория- бұл қандай да болмасын ақиқат жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Кез–келген эксперименттің мақсаты– теориялық болжамды тексеру болып табылады. Қолданыстағы білім кейбір эксперименттік фактілерді түсіндіруде қанағаттандыра алмағанда жаңа теориялар туындайды. Ғылыми теория жүйе ретінде заттылығымен, объективті шындыққа адекваттылығы, нақтылығы, шынайылығымен сипатталады. Ғылыми теория логикалық бола тұра, құбылыстардың фактілері мен ғылыми құрылымын түсіндіру керек. Теорияның негізгі міндеті – психологиялық құбылыстардың арнайы заңдылықтарын ашу. Теорияның қызметтері: • Ақпараттық (кез –келген теория бізге қандай да бір ақпарат береді); • Түсіндіруші (құбылыс не оқиғаның себеп-саларын түсіндіреді); 14 • Эвристикалық (теория жаңа білімдерді білу қажет); • Тәжірибелік • Болжамдаушы Ғылыми теория төмендегідей құрылымға ие: фактілер– дұрыстығы әлі дәлелденбеген объектілер мен құбылыстар туралы білім, яғни бастапқы эмпирикалық негіз; дәрежелер– ең маңыздысын білдіретін жалпы және іргелі ұғымдар, ол шындық құбылыстарды жалпы сапасын бейнелейді; аксиомалар (грек.ахіота)–сенімділік арқасында, логикалық дәлелсіз қабылданатын шынайы қағидалар; постулаттар (лат.postulatum)– пайымдаулар, олардың дұрыстығы дәлелденбесе де, ғылыми теория оны шынайы деп қабылдайды; қағидалар (лат.principium)–адамзаттың тәжірибесінің субъективті ұғымы бойынша пайда болған түрлі теориялардың жайы, оқулары, ғылымы мен дүниетанымы; ұғымдар – қандай да белгілер бойынша заттарды ерекшелендіріп жалпылайтын ойлау формасы. Ол заттардың өзіндік қасиеттерін (жалпы, нақты, абстрактілі, абсолютті, салыстармалы, жеке т.б.) анықтайды; пайымдаулар (пікір)– бірнеше ұғымдар арқылы қалыптасатын нақты құбылыс не объекті туралы ойлау формасы (бекітілген, жалпы, нақты, шартты, жалған, ақиқат т.с.с.). Мұнда ойдың қателікке, шынайылыққа және мазмұнына деген қатынасы бейнеленген; ой қорытындысы– бірнеше пайымдаулардың негізінде қалыптасатын ойлау формасы, оның нәтижесінде жаңа пайымдау пайда болады; заңдар– құбылыстар арасындағы қажетті және маңызды қарым-қатынас бірлігі. Ол жалпы байланысты бейнелей отырып, объективті сипатқа ие. Осылайша, ғылыми теория – өз кезегінде тәжірибені қорытындылайды. Ол арқылы маңызды идеялар, көзқарастар мен логикалық қағидалар жүйесі қалыптасады және ұғымдары арасындағы байланыстар негізінде ойлау, табиғат, қоғам туралы табиғи заңдылықтары пайда болады. Теория типтері • Эмпирикалық немесе сипаттаушы теория; • Аксиоматикалық (теория щеберінде дәлелденбейтін қажетті әрі жеткілікті аксиомалар жүйесінде құралады); • Гипотетика–дедуктивті–эмпирикалық, индуктивті негізі бар жорамалдар негізінде құрылады; • Сапалы (А.Маслоу, П.Фестингер, Дж.Гибсон т.б); • Формальды (Д.Раш IRT-теориясы) • Формалданған, яғни құрылымында математикалық аппарат қолданылатын теориялар(Д.Хоманс, Ж.Пиаже, К.Левин, Дж.Келли).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет