Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет37/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Метрологиядағы стандарттау
Мемлекеттік өлшем жүйесінің стандарттары метрологиялық қамтамасыздандарудың нормативтік базаса болып табылады немесе оны былай түсінуге болады-өлшемнің жалпы дәлдігіне және бірлігіне жетудегі қажетті нормалар мен техникалық құралдарды ғылыми және ұйымдастыру тұрғыдан қолдану, бекіту.
Метрологиялық қамтамасыздандыру аумағындағы стандарттаудың негізгі мақсатына:
- еліміздегі метрологиялық қамтамасыздандыру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік шама бірлік эталондарын, жоғары дәлдік өлшем құралдарын және әдістерін жасау мен жетілдіру.
-өнімді өндіру, жобалау аумағындағы әдістерді, талаптарды, нормаларды бекіту.

  • бірдей белгілер мен терминдерді бекіту;

  • өнім сапасының бір жүйелі көрсеткіштерін, әдістерін және оны сынау және бақылау құралын анықтау;

  • ауыл шаруашылығы сұраныстарына сәйкес байланысты заңды метрология ережесін уақытында толықтыру және өзгерту;

  • еліміздегі ауыл шаруашылығының барлық саласында заңды метрология ережелерінің орындалуын тұрақты бақылау;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік ведомствалық метрологиялық қызмет органдарының міндеті мен құқықтарын бекіту.

Мемлекеттік өлшем жүйесіне мемлекеттік салалық, стандарттар, техникалық шарттар және де өлшеу аумағындағы басқада нормативті –техникалық құжаттар кіреді.
Мемлекеттік өлшем жүйесінің нормалық құжаттарын базалық деп бөлу қалыптасқан, базалық негізде нақты бір өлшем аумағына арналған нормалық құжаттар әзірленеді. Базалық болып тек мемлекеттік стандарттар бола алады. Мемлекеттік өлшем жүйесінде негіз қалаушы барлық стандарттарға "МӨЖ. Физикалық шама бірлігі" ГОСТ 8,417-81", ГОСТ 8.057-80" физикалық шама бірлігінің эталондары", СТРК 2п 2001СТ РК 2.0-2001 "ҚР МӨЖ. Негізгі қағидалары"
Бірлік мөлшері туралы ақпаратты, эталондардан өлшем құралдарына беру 6 базалық стандарттар арқылы іске асырылады. ГОСТ 8.061-80"ГСИ салыстырып тексеру схемасы".
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасының нормалық ережесін бір топ базалық стандарттар бекітеді. Олар ГОСТ 8.009-84 "МӨЖ. Өлшем құралдарының нормалық метрологиялық сипаттамалары" ГОСТ 8.401-80 "МӨЖ. Өлшем құралдарының дәлдік кластары" т.б.
Өлшемді орындауды және нәтижелерін рәсімдеуді мына базалық стандарттар шегінде іске асыруға болады "ГОСТ 8.010-72" МӨЖ. Өлшемді орындаудың әдісін аттестаттаудың және стандарттаудың жалпы талаптары" т.б.
Өлшем құралдарынң бір түрлілігін қамтамасыз ететін базалық стандарттарға ГОСТ 8.383-80 "МӨЖ. Өлшем құралдарын мемлекеттік сынау" Негізгі қағидалары" т.б.
Өлшем құралдарын әзірлеуді, қолдануды, қал жағдайын метрологиялық қағидалауды мына базалық стандарттармен іске асыруға болады. СТРК 2.15-2000 "Мем. Метрологиялық қадағалау және бақылау. Жалпы қағидалар".
СТ РК 2.ІІІ-2000 " МӨЖСТ РК 2.4-2000 " МӨЖ Базалық стандарттарға СТРК " МӨЖ терминдер мен анықтамалар " жатады.
Мемлекеттік стандарттаудың басқалары М.өлшем жүйелерінің жұмысшы құжаттарына жатады және олар төрт топқа бөлінеді.

  1. Мемлекеттік эталондар стандарттары және мемлекеттік салыстыру тексеру схемасы. Бұл стандарттардың барлығы базалық стандарттар талабына сай болуы тиіс.

  2. Өлшем приборларының және салыстырып тексеру құралдары мен әдістерінің стандарттары. Бұл стандарттар тобына өлшем құралдарына қойылатын техникалық талаптар ескеріледі.

  3. Өлшем дәілдігі нормасының стандарттары

  4. Өлшемді орындаудың типтік әдістемелігі стандарттары.

Соңғы жылдары мемлекеттік өлшем жүйесіндегі нормативті базасы 1800 құжаттан тұрады, оның 545 ГОСТ, 1100 метрологиялық нұсқау, 115 басқару құжаттары, 60 нұсқаулар мен ережелер.
Осы құжаттарды жетілдірудің негізгі бағыттары-метрологиялық объектілерді стандарттауды толық қамтитын МЕМСТ әзірлеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет