Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Ақапараттық технология жөніндегі стандартар



бет34/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Ақапараттық технология жөніндегі стандартар.
Ақпараттық технология дегеніміз қоғамды қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдіс, құралдардың жиынтығы.
ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша ірі дамыған елдердің халқының тең жармысынан астамы ақпаратты өндіру, тарату процестеріне тура қатынасады екен. Кебір елдерде ұлттық өнімнің жартысына дейінгі бөлігі ақпараттық іс-қызметпен байланысты көрінеді. Сондықтан ақпараттық технология кеңістігі- халықаралық және ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың болашақ бағыттарының бірі болып отыр.
Осы заманғы ақпараттық технология бұл бір жағынан есептеу техника құралдары мен ақпараттық және коммуникациялық жүйе, екінші жағынан ақпаттарды өңдеу, жалғастыру, сақтау және пайдалану әдістерінің жиынтығы.
Қазіргі кезде ақпараттық технология жөніндегі стандарттар жеке стандарт кешені ретінде қалыптасу кезеңі үстінде.
Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі 1970-80 жылдары жасалған стандартар /ЕСП/ яғни бағдарламалық тіл стандарттары қазіргі кезде моральдық жағынан ескірді.
1991 жылы бекітілген ақпараттық технологияның кешенді стандарттау бағдарламасы осы заманғы үйлесімді стандарт кешенін қалыптастыруға бағытталған. Кешенді бағдарлама 18 бағыт бойынша стандарт әзірлеуді көздейді. Олардың ішінде: 1/ашық жүйелердің өзара байланысы /әсіресе шектеулі есептеу желісі;/ 2/ бағдарламалық тіл және жүйе; 3/ Техникалық құрал; 4/ Мәліметтер элементі және ақпаратты кодтау; 5/ Ақпаратты тасымалдау; 6/ Ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары; 7/ микропроцессорлық жүйе /персональды ЭВМ мен бірге/;
Ақпаратты технологияны әрқилы салаларда қолдану жөніндегі стандарттар бағдарламада маңызды орын алады. Мысалы мекеме жұмысында, өнеркәсіпте, банк және баспа ісінде, ғылыми-техникалық ақпарат саласында, көлікте, саудада және басқаруда /EDІFACT жүйесін қамти отырып/.
Ақпараттық технология стандарттарына ақпараттық библиографиялық құжаттар жүйесі /АБҚЖ/ жатады. Оның мақсаты-ғылыми техникалық ақпарат саласындағы ұйымдастыру, басқару іс қимылдарын жетілдіру; тиімді технология; алдыңғы қатардағы норма, талаптарды қолдану нәтижесінде ақпарат қызметкерлерінң еңбек өнімділігін арттыру; әртүрлі деңгейдегі ақпараттық ұйымдардың өзара қарым-қатынасына оңтайлы жағдай жасау болып табылады. АБҚЖ үш төменгі жүйені қамтиды; ғылыми-техникалық ақпарат; кітапхана ісі және библиография; баспа-редакция жұмысы.
АБҚЖ-ның бірқатар стандарттары жоғары оқу орындарында пайдаланылады. Ақпарат беру және құжаттар жөніндегі стандарттарда реферат, аннотация /ГОСТ 7.9/; Өндірістік каталогтарды /ГОСТ 7.22/, ақпараттық басылымдарды /ГОСТ 7.23/ және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды есептерін /ГОСТ 7.32/ рәсімдеу талаптары, олардың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар берілген. Соңғы стандарт студенттердің жазба жұмыстарын /басқару, жұмысы, реферат, курс, диплом жұмыстарын/ орындау барысында пайдаланылады. Мысалы жазба жұмыстарды рәсімдеу, әсіресе пайдаланған әдебиеттер тізімен жасау, беттерді нөмірлеу, кестелерді орналастыру, көркемдеу сияқты жұмыстарды атқаруда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет