Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет35/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Әлеуметтік стандарттар жүйесі
Әлеуметтік стандарттар жүйесі қауіпсіздік ережелерін қамтиды және үш топқа бөлінеді:
1/ төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік
2/ "еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің" стандарттар кешені /ГОСТ 12/
3/ табиғат қорғау жөніндегі стандарт кешені /ГОСТ 17/
"Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік" стандарттар кешені 1992-1995 жылдары қалыптаса бастады. 20-шы ғасырдың соңғы он жылдықтарында болған табиғат және техногендік апаттардың салдарын жою тәжірибесі көрсеткендей тұрғындар мен басқару ұйымдарының төтенше жағдайға дайындығының төменгі, тиісті нормативтік құжаттарының нашарлығы /шикілікгі/ немесе жоқтығы жағдайды ауырлата түсті. Тек қана Чернобыль апатының салдарын жою үшін жыл сайын Белоруссия бюджетінің 20%-тейі, Украина бюджетінің 12%-і, Ресей бюджетінің 1%-ке жуығы жұмсалады. Мұндай жағдай бақа елдерде байқалады. Мысалы АҚШ-та төтенше жағдайдан жалпы ұлттық өнімінің 5%-7%-і зиянға ұшырайды.
Осындай себептерге байланысты төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен өндірістік және әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетік стандарттар кешенін құру қажеттілігі туындайды.
"Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің" стандарттар кешенінің нысанына "адам-машина-орта /өндірістік және тұрмыстық орта/" жүйесі жатады. Бұл жүйе өндіріс пен тұрмыста адамдардың денсаулығын қорғау мақсатымен апаттық, оқыс жағдайдың алдын алу жөніндегі әлеуметік қызметтерді атқарады.
Бұл кешен 350-ден астам ГОСТ-ны қамтиды. Яғни салааралық стандарттар жүйесінің ішінде ең үлкен фондты құрайды.
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесіндегі негізін қалаушы стандарт- ГОСТ 12.0.001.
Бұл стандарт жүйесінің мақсаты мен құрылымы және мазмұнын анықтай отырып өндіріс құралдарына, өндірістік процесстеге, жұмысшыларды қорғау құралдарына, құрылыс, ғимараттарға қойылатын талаптарды белгілейді. Сондай-ақ қауіпті де зиянды өндіріс әсерлерінің нормалары көрсетілген.
Еңбек қауіпсізідігінің стандарттары өндіріс нысандарын міндетті сертифкаттауда үлкен роль атқаруда. Сонымен қатар көптеген өнім түрлерін міндетті сертификаттауда негізгі нормативтік база міндетін атқарады. Сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қауіпсіздік ең алдымен сол кәсіпорындағы қызмет аясының қауіпсіздігімен анықталады. Сондықтан да мысалы бөлшек сауда қызметін міндетті сертификаттау кезінде бұл жүйенің 40-тан астам мемлекеттік стандарттарын /ГОСТ/ ескеруге тура келеді.
Табиғатты қорғау және табиғат қорларын пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар кешені 80-нен астам Мемлекеттік стандартты /ГОСТ/ қамтиды. Бұл кешен өндірістің барлық салаларын қамтиды және табиғаттың бір қорын пайдаланудан басқасына нұсқан келетін жағдайды болдырмауға, сонымен қатар халық шаруашылығының барлық салаларындағы кәсіпорындардың іс қызметінің жағымсыз салдарының алдын алуға бағытталған.
Табиғатты қорғауды стандарттау жұмысын кешенді түрде жүргізудің негізгі ережелері ГОСТ 17.0.0.01. "Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту саласының стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер"-де баяндалған. Негізін қалаушы осы стандарт бойынша бұл жүйенің төмендегі кешенді стандарттарын қолдану қарастырылған: "Табиғат қорғау. Гидросфера", "Табиғат қорғау. Атмосфера", "Табиғат қорғау. Топырақ", "Табиғат қорғау. Жер", "Табиғат қорғау. Өсімдік әлемі", "Табиғат қорғау. Жануарлар әлемі", "Табиғат қорғау. Жер қойнауы", сондай-ақ ұйымдастыру -әдістемелік стандарттар кешені. Әрбір кешендегі стандарттар терминдер мен анықтамаларды белгілейді, кешендік нысандарды жіктейді.
Атмосфераны әсіресе автокөлік және барлық техникалық құралдар ластауда. Олардың зияндылығын азайту үшін Ресейде мемлекеттік стандарт ретінде БҰҰБЭК  24,49,83 ережелері енгізілген. Бұл ережелер ластаушы заттардың қалдықтарына қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл іс-шаралар жүк машиналары мен автобустардың дизель қорғауыштарынан шығатын қалдықты /түтінді/ 2-2,8, есе, жеңіл машина қорғауышынан шығатын зиянды заттарды /пайдаланылған газды бейтараптандырғышты және этилденбеген бензинді қолдану жағдайында/ шамамен 10 рет азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсарту үшін отын стандартына қорғасын мен марганец құрамы жөніндегі талаптар едәуір қатайтылды.
Табиғат қорғау іс қызметін қамтамасыз етуде төменгі стандарттар қомақты үлес иеленеді.
Мамандардың пікірі бойынша табиғат қорғауды үйлестіру құралы ретінде стандарттаудың тиімділігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың даму деңгейімен анықталады. ҚР-да бұл деңгей біршама төмен деп айтуға болады.
Еуропалық одақ, АҚШ, Канада елдерінің табиғат қорғау заңнамасы едәуір дамыған. Еуропада табиғат қорғау заңнамасы ең дамыған ел Германия. Бұл елді қоршаған ортаны қорғау саласының заң актілерінің саны 2000-ға жетеді. Бұлар осы саладағы барлық сұрақтарға байланысты анықтау, бақылау ережелері мен көптеген экологиялық нормаларды қамтиды. Осындай кең көлемде дамыған заңнама негізінде әзірленген экологиялық стандарттар қоршаған ортаның жағдайын бақылау әдістері, әртүрлі заттардың қоршаған ортаға әсерін бағалау әдістері мен ластануды бақылау және алдын алу құрал жабдықтарының техникалық сипаттамасына арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет