Қола дәуірінің үш ерекшелігі: 1. Қола метеллургиясы. Түсті металдар, оның ішінде алтын, өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірінде кен орындарын табылуы бұған дәлел.
2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке айналды. Үй жануарларының түрі көбейді.
3. Егіншілік. Егіншілік біршама дамыды. Металлургияның, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы ер адамдардың қоғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастардың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен орындары, тағы басқа археологиялық ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет еуразиядағы қола дәуірінің ең ірі мәдениеті. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск ауылының маңынан табылған. Қола дәуіріндегі ежелгі қалалрдың ең ескі тұрағы – Арқайым. Ол Қостанай және Шелябі облыстарының шекарасында орналасқан. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Енисейден Оралға дейінгі өте үлкен аймаққа таралған.
Бұл мәдениеттің Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік-Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан аса мекені, 150-ден аса моласы табылды. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Андронов мәдениеті кезеңіндегі тайпалар геометриялық өрнек салуды білген.
Адамдар мыс пен қалайыны қосып қорытуды үйренген. Ол б.з.д. 2мыңжылдықта басталған. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине, егіншіліктің болғанын көрсетеді. Жерді тесемен өңдеген, сондықтан сол кездегі егіншілік «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген. Алғаш рет соқаны Андроновтықтарда патша салған. Қола дәуірінің тайпалары үнді-ирандық тілде сөйлеген. Андронов қолөнері. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар ыдысты қыштан жасаған. Андронов мәдениетінің археологиялық рәмізі сырға мен алқа. Үй кәсіпшілігінде тоқыма кәсібі дамыған.
Андроновтықтардың кен өндіру әдісітері:
а) Жұмсақ кен өндіргенде опыру әдісін қолданды;
ә) қатты кен өндіргенде отпен уату әдісін пайдаланды;
б) үңгіп қазу әдісі.
Андроновтықтар өндірген кенді сумен шаятын болған.
Андроновтықтардың баспанасы – жертөле немесе жартылай жертөле.
Діні мен өнері. Қола дәуірінің адамдары табиғат күштеріне көбірек табынды.
1. Мәйіттің басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып жерлеген.
2. Өлікті қабірге аяқ-қолын бүгіп жатқызған.
3. Өлген адамды өртеп, қабірге оның күлін ғана қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Ошақты қатты құрметтеген. Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, бишілер, қоспақ түйе, екң аяқ арба, әскер шайқасы. Әшекейлер: сақина тәріздес сырға, алтын білезік және т.б.