1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) а) ерте палеолит (б.з.д. 2млн -140 мыңжылдықтар).
Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан қазақ жеріне жылы ауа келіп тұрған. Сондықтан Қазақстанда субтропиктік ормандар өскен. Сол кезде Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, арқарлар, тауешкілер т.с.с.
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мыңжылдықтарға сәйкес келеді. Алғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл-Шымкент облыстары) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдар Оңтүстік Қазақстаннан табылды. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан ғалым Х.Алпысбаев болатын. Ерте палеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Алғашқы адамдардың баспанасы: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары, т.б. адамдар табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін бірігіп аң аулап тіршілік етті, топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдар мыналар: кварцит, обсидон, тақтас, шақпақ тас.
ә) Орта палеолит (б.з.д. 140-40 мыңжылдықтыр).
Орта палеолит дәуірі мустьер дәуірі деп аталады. Бұл дәуір ертедегі адамның одан әрі өсіп-дамуымен, мәдени дамуының жаңы кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Орта палеолит дәуірінің адамдар неандерталдықтар деп аталады. Антропологиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады,сөйлеу қабілеті толық қалыптасқан. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып топтасып аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі – шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным-сенім қалыптаса бастады. Мәселен, өлікті жерлегенде бір қырынаа жатқызып, аяғын бүгеді екен. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған. Сондай-ақ, орта палеолитке Уалиханов атындағы тұрақ жатады.
б) Кейінгі палеолит (б.з.д. 40-12 мыңжылдықтар).
Бұл дәуірде адам бласы дамуындағы тағы бір жаңа кезең басталып, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Бұл адамдарды «саналы адам» немесе кроманьон адамдары деп атайды. Адамдар пышақ тіліктерін жасай алатын дәрежеге жеткен.
Бұл адамдардың антропологиялық белгілері: бастары сопақша, маңдайлары жазық, бойлары ұзын, денесін тік ұстап жүретін болған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аулайтын аңдары: бұғы, марал, жылқы, мамонт. Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақ, т.б.
Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән баспаналар әзірге Қазақстан жерінен абылған жоқ. Бұл дәуірде адамдардың топтасып өмір сүру нәтижесінде рулық қауым қалыптасты. Сонымен қатар өнер де пайда болды. Бұл дәуір адамдарының бұрынғылардан бір ерекшелігі сол рухани жағынан әжептәуір жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер осылай дейді. Кейінгі палеолит адамдары Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы, Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі, т.б.
2. Мезолит дәуірі. Ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас ғасыры неолит арасындағы өтпелі дәуірді орта тас ғасыры немесе мезолит деп атаймыз. Ол б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар кезеңін қамтиды. Мезолит дәуірі 7 мың жылға созылды. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелген. Қазақстанда табылған ескерткіштері көп емес.
Табиғаты: ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол жерлер сиреп қалды. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті. Аң аулау сол кездегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі болды. Аңшылық қарулар: жебелі садақ, бумеранг, т.б. садақты алғашында ағаштан жасаған. Жебелері де ағаш, ұштары сүйек. Жебе 80-450 метрге дейін жететін болған. Бумеранг ағаш ораққа ұқсас қару. 100 метрге дейін ұшады. Мезолит кезеңінде жебенің доғал және домалақ оқтұмсықтарын аңшылар терісі бағалы аңдарды аулау үшін қолданған. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның себебі мұздар еріп, өзен, көлдер көбейді. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.