Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы



бет7/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

3. Неолит дәуірі (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі немесе жаңа тас дәуірі деп аталады. Бұл кезең тастардың тиімді қасиеттерін тауып, кәдеге жаратқан табысты кезең болды. Еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері жетілдірілді. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен, қоршаған орта қазіргідей кейіпке жетті. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Шаруашылықтың дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қабілеті де дами бастады. Жаңа тас дәуіріндегі адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды. Олардың құралдары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сәндік бұйымдар, т.б. Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан, т.б. заттардан жасаған. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер салатын болған.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі еңбек өнімдеріне қол жеткізу. Неолит дәуірінде солтүстік-шығыс Балқашта құралдарды яшма мен кварцитпен жасаған. Бұл дәуірде әйел еңбегінің маңызды артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылайша неолит дәуірінде аналық ру қалыптасты. Неолит дәуіріндегі тұрақтар: Сексеуіл тұрағы, Қарақұдық тұрағы. Солтүстік Қазақстанның неолиттік мәдениеті атбасарлық және маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің тұрғындары Есіл бойының далалық өңірлерінде қоныстанып, негізінен, аң аулаумен айналысқан. Ал маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен Тобыл алқаптарында шоғырланған. Мұндай ұқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этникалық жағынан өзара жақын болғанын көрсетеді.
Қола дәуірі (б.з.д.2-1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқталғаннан кейін қола дәуірі басталады. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі дүниеге келген. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылады. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты, оған мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі себеп болды. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жерінде мал шаруашылығы жетекші салаға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет