1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қол астына
қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан Орта
жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740
жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді.
Кіші жүз бен Орта жүз бодан болғаннан кейін де қазақ даласында саяси
жағдай түзеле қойған жоқ. Ресей патшасы өз алдына нақты міндеттер қойды.
Біріншіден, Ресей империясының шығыс шекараларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Екіншіден, қазақтармен айырбас сауданы кеңейту және
қазақ жерін Шығыс елдермен сауда жасаудағы дәнекерлік мақсатта
пайдалану болды. Патша үкіметінің бұл міндетттері А.И.Тевкелевке берген
сыртқы істер коллегиясының нұсқауынан анық байқауға болады.
Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның айналасындағы
адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті.
ХҮІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан. 1734 жылы
Кириллов экспедициясын Орынбор өлкесіне аттандырып жатып, патша
үкіметі оның алдына мынандай талаптар қояды:
- қазақ даласымен сауда байланысын күшейте отырып, қазақтарды
тәуелді ету;
- қазақ даласы мен башқұрттардың шекарасынан Орынбор қаласын
тұрғызып, оған орыс адамдарын қоныстандыру;
- қандай тәсілмен болса да, қайырымды болып көріну, немесе сыйлықтар
беру арқылы, күш көрсету немесе үнемі үрейде ұстау арқылы болса да,
әйтеуір қалай да қазақтарды мойынсұндырып, ырыққа көндіру;
- Жайық өзенін бойлай қазақтар өте алмайтындай етіп әскери
бекіністердің шебін салу;
- алтын және басқада бағалы кен орындарын іздеп тауып, зауыт салу.
Орта Азия мен сауда жүргізу және Арал теңізде кеме қатынастарын орнату;
- қазақтар мен башқұрттарды үнемі бақылауда ұстау;
- егер олардан патша үкіметінің жүргізген саясатына қарсылық білдірген
толқулар білінсе, оларды бір-біріне айдап салып, өзара қырқыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: