Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық ұстаздық келбеті



бет12/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

6-тақырып. Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық ұстаздық келбеті



  1. Әдебиет пәнінің мұғалімі

  2. Қазақ әдебиеті пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар



Дәріс мақсаты:

  1. Әдебиет пәні мұғаліміне тұлғалық мінездеме беру;

  2. Қазақ әдебиеті пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптарды саралау




  1. Әдебиет пәнінің мұғалімі

Әдебиет пәнінің мұғалімі – жас ұрпаққа ұлттық рухани қазыналарды меңгертетін, оларды отаншылдыққа, парасатты мінез-құлыққа, рухани байлыққа, әсемдікке, шығармашылыққа тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан әдебиет пәнінің мұғалімі, ең алдымен өз басы оқушының рухани-адамгершілік тұлғасының қалыптасуына үлгі бола білуі керек. Әдебиет пәнінің мұғалімі, оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбетін қалыптастыруда Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева секілді қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері мен озық өнегелері үлгі бола алады. Әдебиет пәнінің мұғалімінің, ең алдымен, өз басы оқушының рухани-адамгершілік тұлғасының қалыптасуына үлгі бола білуі керек.
Оқушыларға білім беруде сабақтың алатын орны ерекше. Сондықтан да сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Оның өзіне тән сипаты ұстаздың оқушының танымдық қабілетін жетілдіруге, білімдер меңгеруге тікелей ықпал етуімен белгіленеді. Сыныптан, мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарындағы балалардың танымдық қызметі күнделікті сабақтан алған білім-білігінің, дағдысының негізінде, онымен тығыз логикалық байланыста өрбиді.
Сабақ процесінде сыныптағы оқушылардың ой-өрісін, ақыл-парасатын дамыту тұрғысында көптеген оқу материалдары, өмірлік өнегелер пайдаланылады. Шәкірт өзінің күнделікті тұрмыста байқаған, мағлұматтарын, түсінік-тұжырымдарын сабақ үстінде белгілі бір жүйеге келтіріп, ретімен өзінің ой-санасында бекітеді. Ұстаз оларға ғылыми білімдер меңгерте отырып, практикалық дағды қалыптастырады, олардың бойындағы қабілетін жан-жақты дамытады.
Сабақ ұстаздың оқушылардың дербестігін, белсенділігін қалыптастыратын, оларды ұжымдық еңбекке жұмылдыратын алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдануы арқылы жүзеге асады. Оқыту барысында мұғалім өз шәкірттерін зерттеп байқайды, олардың білім, білік, дағдыларын тексеріп бағалайды. Сондай-ақ әрбір мұғалім сабақты шығармашылық еңбек деп түсініп, өзінің педагогикалық шеберлігін, теориялық білімін күн сайын арттыра түсуі, озат тәжірибелерді тиімді пайдалануы керек. Әр тақырыпты өткенде мұғалім қай әдісті тиімді деп есептейді – ол өз еркі. Өйткені, ұстаз үшін ең сенімді әдіс – өзінің жетік білетін, өзі жақсы меңгерген әдісі. Бірақ, бұдан мұғалім тек бір ғана әдісті меңгеріп, басқасына көңіл қоймасын деген ұғым тумауы керек. Мұғалім әр кезде өз мамандығы (саласы) бойынша озат тәжірибелерден хабардар болып, оны өз жұмысында шығармашылықпен пайдалануы қажет.
Бір тақырыпты әр мұғалім әрқалай жеткізеді. Бұл – табиғи нәрсе. Мұнда әр ұстаздың өзіндік әдіскерлік икемі, ғылым негізінен алған білімі, дайындығы, талғам-тұжырымы байқалады. Әр ұстаз өзінің шама-шарқынша алдына қойған мақсатын орындауға әрекеттенеді. Соған орай ұстаздың да, жазушы стилі, актердің орындау мәнері, суретшінің бейнелеу машығы деген секілді әрқайсысының өзіне тән педагогикалық шеберлік өрнегі болады.
Қазіргі жаңа заман талабы әдебиет пәнінің мұғаліміне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Ол тек оқушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, ана тілі мен әдебиетін жан қалауымен жетік меңгеруге ықпал ететін, жас өскіндерге өз халқының рухани мұраларын көзінің қарашығындай қорғау қажеттігін, жаһандану заманында ұлттың рухани мұрасын сақтау мен меңгеру ғана қазақ ұлтының халық, ұлт ретінде сақталуының алғышарты екендігін санасына сіңіруге міндетті тұлға. Ол өзінің ақыл-парасатымен, терең теориялық білімімен, жан-жақты эрудициясымен, өнерімен, шығармашылығымен оқушыларға үлгі бола білуі керек, жалпы жұртшылықтың құрметіне бөленуі керек.
Оқушыға дайын білімдерді ұсынбай, өз бетімен білім алуды үйрету – басты мақсат.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет