Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



бет9/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Әдебиетті оқытудың түрлері

Әдебиетті оқытудың мынадай түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративтік; проблемалық; программалық.
Қазіргі ғылыми-техникалық қарыштау дәуірінде, қоғамдағы үздіксіз жаңалықтардың көбеюі жас ұрпақты оқыту ісіне, оқу бағдарламасына, оқу-әдістемелік құралдарға тың өзгерістер енгізу, сапасын арттыру, мазмұнын жаңғырту міндеттерін қойып отыр. Жаңа тұрпатты мектептерде (лицей, гимназия, колледж) бағдарлық мақсатқа қарай белгілі бір білім саласының оқытылуына қарай жаңа типті бағдарламалар (тереңдетілген, кеңейтілген) алынады.
Оқыту процесінің негізгі формалары мыналар: Сыныптық сабақ; Факультатив сабақтар; Пәндік үйірмелер; Консультация, қосымша сабақтар; Сыныптан тыс шаралар (конференция, әдеби кеш, пікірсайыс, т.б.); Сыныптан тыс оқу.
Сабақта өтілетін көркем шығарманы оқытудың, мәтінмен жұмыс жасаудың, шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін мұғалім күнібұрын ойластырып, нақты жоспарлағанда ғана сабақ өз мақсатына жетеді. Сабақ жоспарларын жасаудың өзіндік тиімді жолдары бар. Оның бірнеше құрылымын қарастырып көреміз.
Мектепте оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімнің негізгі басшылыққа алатын құжаттары мыналар:
Мемлекеттік орта білім берудің мемлекеттік стандарты. Мұнда басқа пәндер секілді қазақ әдебиетінен де әр сынып бойынша білім мазмұны көрсетіліп, оқушының білім деңгейіне қойылатын басты талаптар айқындалған. Пән бойынша барлық құжаттар осы стандартқа сүйеніліп жасалады.
Пәннің типтік бағдарламасы. Мұнда әр сынып бойынша бөлінетін сағат көлемі көрсетіледі.
Пән бағдарламалары. Бағдарламада қазақ әдебиеті пәнінен әрбір сыныпта қамтылатын білім мазмұны, бөлінетін сағат саны, пәнаралық байланыс, сыныптан тыс оқу, тіл дамыту жұмыстары, т.б. көрсетіледі. Мұғалім тақырыптық-күнтізбелік жоспар мен сабақ жоспарын жасауда осы бағдарламаға сүйенеді.
3. Әдебиет сабағындағы кіріспе жұмыстар
Кіріспе жұмыстар – мәтінді өтуге балалардың дайындығының, белсенді қатысып отыруының шарты. Бұл дайындықты екі түрлі тәсілмен жасауға болады: 1) Өмір көріністерінен, қоғамдық күнделікті практикадан мысал келтіру арқылы дайындау; 2) Тарихи-өмірбаяндық түсініктер бастау. Кіріспе сөзді ұзартып жіберуге, мәтін оқылмай жатып, шығарма мазмұны мен идеясын күнібұрын хабарлауға болмайды. 5-8 сыныптарда әдебиет пәні тарихи курс бағытында болғанмен, кіріспе сабақтар тұсында ептеп тарихи оқиғалардан да хабар беріп отыру орынды.
1) Әрбір көркем шығарма белгілі бір дәуір шындығын суреттейді. Кейбір шығарманың жазылу тарихы болады. Сондықтан, мәтінді толық меңгерту үшін оқушыларға сол кездің өмір шындығын, салт-сана, тап күресін, саяси тәртібі жөнінде қысқаша түсінік берген жөн. Ал түсініксіз оқу – үстірт оқу, әсерсіз, білімдік мәні төмен оқу.
2) Кіріспе сөздің бірі жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде беріледі. Ол 5-8 сыныптарда өте қысқа анықтамалық түрінде көрінеді. Әрбір мәтін сайын өмірбаянды қайталап, көпсөзділікке салыну қажетсіз. Өмірбаянның таныс еместерін баяндап, таныстарына сұрақ-жауап әдісін қолданған жөн. Баяндау элементі бар өмірбаяндық әңгіме тұсында жазушы өмірінің кейбір кездері (балалық шағы, ата-анасы, білім алуы, шығармаларының кейбір үлгілері) жайында іріктелген мағлұмат беріледі.8-сыныптарда жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет берудің бір түрі – қарапайым очерк. Оның мақсаты – жазушы тұлғасын қоғамдық-әлеуметтік жағдаймен байланыстыру, оның шығармаларының халықтық мәнін анықтау.
3) Тақырыптық түсінік әрбір шағарманың тұсында беріледі. Жеке бір әңгімені оқыту үшін әуелі ондағы өмір көрінісі жайында кіріспе мағлұмат беріледі. Ол сол шығарманың мазмұны мен идеясын, образдар жүйесін түсініп оқуға жәрдемдеседі. Тақырыптық түсінік ондағы суретпен оқиғаның төркінін аңғартуға бағытталады. Тақырыптық түсініктен басқамәтін бойынша берілетінсөз түсінігі де болады. Мәтіндегі түсініксіз, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндірмей болмайды. Сөздік жұмысты мәтінді оқыр алдында, оқу үстінде, шығарманы оқып болған соң талдау жұмыстарымен байланысты беруге болады. Сөздік жұмыс оқушының сөздік қорын байытады, мәтінді түсінуге жәрдемдеседі.
Кіріспе сабақ тұсында мұғалімнің сөзіне мол мән беріледі. Мұғалімнің сөзінде білімдік, тәрбиелік, эхстетикалық-көркемдік нәр мол болуға тиіс. Кіріспе сөз логикалы, әдебиет пәнінің мақсатына сай, қысқа да көркем, сөзге сараң, ойға бай, ұғымды, табиғиболуы шарт. Көпсөзділік кіріспе сөздің мәнін кетіреді.
Баланың өздігінен іс істеп төселуіне жәрдемдесетін құралдардың бірі – оқу кітабы болса, екіншісі – әдебиет дәптері. Әдебиет дәптерәіне оқушы күнделікті сабақтың тақырыбын, өмірбаяндық материалды, жоспарларды, талдау үлгілерін (тақырыбы, идеясы, композициясы, тілі), теориялық ережелердіт.б. түсіріп отырады. Соның бәрі материалды тереңірек ұғып, есінде қалдыруға жәрдемдеседі. Ол сабақтық, теориялық, шығармалық ретіне қарай дәптерде сақталады.
Мәтінді оқыту. Кіріспе сөзден кейін мұғалім мәтінді оқудан өткізеді. Бұл – әдеби оқу сабағының басты буыны. Сол тұста оқушылар мәтінді оқиды, оқиғаны ауызша мазмұндайды, бөлімдерге бөліп, ат қояды. Мұнан соң мұғалім сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблемалары мен тақырыбын анықтайды. Мұның бәріне жүйелі жаттығу керек. Оқу сабағы тұсында істелетін жұмыс формалары өте көп. Жедел оқу, көркем оқу, сөйлету, таным – осының бәрі мәтінмен байланысты.
Прозаны мұғалімнің оқуы үш түрлі болуы мүмкін: Кітаптан оқу; Мазмұнын көркемдеп әңғгімелеу; Монтаждап оқу. Бұлардың аса тиімдісі – кітаптан оқу. Мәтінді оқушылыр сыныпта, үйде оқып, мазмұндайды. Мәтінді түгел оқып болмайынша, талдауға көшуге болмайды. Шығарма мазмұнымен толық танысқаннан кейін мазмұнға байланысты сұрақтар ір бөлек, талдауға байланысты сұрақтар бір бөлек, түйіндеуге байланысты сұрақтар бір бөлек беріледі.
Алғашқы оқу – тұтас оқу болса, екінші оқу көбінесешығарма бөлімдерін теріп, талдап оқу болады. Бұдан басқа жаттықтыру, жинақтау мақсатын көздейтін көркем оқу тәсілдері болады.Я.А.Каменский жүйесінен туындайтын «үш оқу» қағидасы осы. Оның айтуынша, білімнің негізінде әуелі зат (пән), көркем мәтін, содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады.
Оқушы көркем әдебиетті, прозаны көп оқу керек. Оларды дауыстап та, іштей де оқиды. Балалар әрбір мәтінді 3-4 реттен қайталап оқыса, көп дағдыланады дейді әдіскерлер. Бұл орайда әсіресе сыныпта оқуға көп көңіл бөлу керек. Олд балалардың өз бетінше жұмыс істеулеріне көмектеседі. Мұғалім жыл ішінде оқитын кітаптарлды белгілеп, оқылуын бақылап отырумен бірге, сыныпта өтілген шығарманы үйде толық оқып шығуын назардан тыс қалдырмауы керек.
Жоспар жасату. Әдеби оқу жүйесінде оқылған мәтіннің жоспарын жасатып, үйретуге елеулі орын беріледі. Жоспар жасатып үйрету ісі – оқылған мазмұны мен тақырыбын, құрылысын, образдарын, оның ішкі ерекшелігін, әсіресе идеясын танып, талдап оқудың құралы. Сонымен бірге, ол – оқушынысақаққа саналы, белсенді қатысын күшейтіп, олардың ойы мен тілін дамытудың қажетті шарты. Прозаны оқытудың басты бір шарты – оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, ауызша мазмұндау болса, бұл көп жағдайда жоспарсыз, жүрдім-бардым орындалып жүр. Шығарманы үнемі бір сарында, жоспарсыз мазмұндаудың пайдасы аз. Шығарманы автор сөзімен айтқызсаңыз, нені айтудың қажеттілігі жоспардан келіп туады.
Жоспар құрылысына қарай жай және күрделі жоспар болып бөлінеді. Жай жоспар 5-сыныптан бастап үйретіледі. 7-сыныпта жоспар жасау дағдысы оқушының толық меңгерген ісіне айналуы керек. Ал 8-сыныптан бастап, оқушылар өздігінше жоспардың қай түрін де жасай білуге тиіс. Жай жоспар оқылған шығарманың оқиғалдық-мағыналық негізгі буындарын тауып, соған ат қою мақсатынкөздейді. Олар мазмұндық жоспар немесе сюжеттік, мінездемелік болып келеді.Жай жоспарға оқиғасы қысқа, сюжетті мәтріндер алынады. Ал күрделі жоспарға берілетін мәтіннің огқиғасы да, құрылысы да күрделі болады. Күрделі жоспар оқиғаның негізгі бөлімдерін табумен бірге, әрбір бөлімнің ішкі мазмұнына еніп, соның кішігірім бөлшектерін де қамтиды. Демек, күрделі жоспар – дәлірек, толығырақ жоспар. Күрделі жоспарды 6-сыныптан үйрете бастаған дұрыс.
Жоспар жасата білу үшін мұғалім шығарма композициясын, көркем элементтерін, тақырыбы мен идеясын білумен бірге, жоспар мақсаты мен жасалу жолын да білуі тиіс. Сюжеттік жоспарда тартысқа құрылған оқиғаның басы, ортасы, аяғы, басқаша айтқанда оқиғаның байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі көрініс табады. Жоспар жасатып үйретуде мұғалім белгілі бір мәтіндер үстінде сынып оқушыларымен бірлескен жұмыс жүргізуден бастайды. Оны балалардың өздеріне жоспар жасатып төселдіру ісімен аяқтап отырады.
жасауды әуелі мәтіннің өзін тұтас оқып, оның бөлшектерін табудан бастаймыз. Мұны мәтінді мүшелдеу дейді. Күрделі жоспар жасағанда оқиғаны ретімен толығырақ тізіп, үлкен топқа бөліп, сол топтарға ат қойғызып, қалғанын жіктестіріп бөлуге болады. Жоспар жасап үйрену, біріншіден, шығарманың құрылысын, тақырыбы мен мазмұнын түсінуге керек болса, екііншіден, оқушыға ойды ретімен, логикалық байланыста айтып үйрену үшін керек. Ол шығарманың мазмұнын айтқызғанда, мазмұндама, шығарма жазғанда өте қажет.
5-тақырып. Әдебиетті оқыту принциптері мен әдістері





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет