Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Қазақ әдебиеті пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар



бет13/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

Қазақ әдебиеті пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар

Қазақ әдебиетінің мұғаліміне мынадай талаптар қойылады:

  1. Өз пәнін жетік білу. Мектеп бағдарламасында қамтылатын ақын-жазушылардың шығармаларын меңгеру, олардың өмір жолдары, шығармашылық қызметі, шығармашылығының басты сипаттары туралы терең біліп, шығармаларын жақсы талдай алуы керек. Жалпы қазақ әдебиетінің тарихынан, қазіргі даму процесін, әдеби-теориялық ұғымдарды жете меңгеріп, практикалық жағдайларда дұрыс пайдалана алуы керек.

  2. Әдістемелік шеберлік. Әр сабақты өз дәрежесінде өткізу үшін дидактикалық принциптерді, әдіс-тәсілдерді жақсы меңгеруі шарт. Әр сабаққа мұқият дайындалып, сабақ жоспарын сауатты жасақтаса, әр сабағын шығармашылық процесс ретінде ойластырып, ұйымдастыра алса, мұғалім еңбегінің жемісті болары анық.

  3. Мұғалім баланы жақсы көруі керек. Оған шын мәнінде білім сіңіру басты мақсаты болмақ керек. Ол үшін әр баланың икем-қабілетін, машығын, ойлау дағдысын, балаға ықпал етудің амал-жолдарын таба білу лазым.

  4. Әдебиет мұғалімі жан-жақты өнер, білім иесі болғаны дұрыс. Ол балалармен қарым-қатынас жасауға, ықпал етіге, көз жеткіздіруге, сеніміне кіруге шебер болғаны жөн. Шама келсе, оқушыны өз бойыңдағы өнеріңмен баурай біл. Қолыңнан келсе, күйшілік, әншілік, шыршылық, бишілік, суретшілік, т.б. өнеріңді әдебиетті оқытудағы қосымша құрал ретінде пайдаланған тиімді болады.

  5. Тек бағдарламалық материалдармен ғана шектеліп қалмай, сабақта да, сабақтан тыс уақыттарда да оқушыларға әдебиет жайлы әңгімелер оқып, өлең оқып, драмалық шығармалардан (немесе сатиралық-интермедиялық шығармалардан) үзінді оқып тұру, ретіне қарай танымдық әңгімелерді, тәмсілдерді, аңыз-хикаяттарды пайдалану тиімді.

  6. Балалармен көбірек бірге болуға тырыс. Олардың бос уақытында драма, әдебиет үйірмелеріне тарта біл. Балалармен түрлі үйірмелерді қызықтырып өткізуге тырыс. Факультатив сабақтарға, әдебиет үйірмесіне оқушылардың қызығатын тақырыптарын таңдау

  7. Сыныптан тыс жұмыстарда әдеби кештер, оқушылар конференцияларын, ақын-жазушылармен, өнер адамдарымен кездесулер, тақырыптық викториналар, т.б. ұйымдастырып, оларға оқушыларды кеңінен тарту.

  8. Мектепте әдеби газет, қолжазба журнал шығаруға мұрындық болу керек. Оларға шығармашылықпен айналысуды жақсы көрет ін оқушыларды тарту қажет. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, үйірмелер мен факультатив сабақтарда оқушыларға әдеби шығармашылықтың жолдарын үйретіп, иекм-дағдыларын жетілдіріп, көркем шығармашылыққа көңіл бөлу.

  9. Қазақстанның әдеби-мәдени өміріндегі жаңалықтарға ұдайы құлақ түріп жүру, олармен оқушыларды да хабардар етіп отыру. Жаңа шыққан қазақ әдебиетінің шығармаларын оқушылармен бірге оқып-танысу, талқылау өткізу, балалардың қандай мәселе туралы болмасын өз ойларын ашық айтуына, пікір таластыруына, идея тастауларына қол жеткізу.

  10. Білім мекемелеріндегі әріптестермен, қала, аудан, облыстағы әдебиет сүйер қауыммен, қаламгерлермен араластық орнату. Рухани мәселелерге байланысты шараларға белсене араласу. Оқушыларды мәдени шараларға, сайыстарға қатыстырып тұру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет