Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы



бет3/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

2-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы



  1. Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетті оқыту жайы;

  2. Әдеби білім беруді дамытудағы қазақ ағартушыларының еңбектері

3. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы


Дәріс мақсаты:

  • Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетті оқыту жайына шолу жасау;

  • Әдеби білім беруді дамытудағы қазақ ағартушыларының еңбектерін қарастыру;

  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуына шолу.




  1. Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетті оқыту жайы;

Бірнеше ғасыр отаршылдық бұғауында болған Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылдық саясатының әсері болды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазан, Перовскіде орыс-қазақ мектептері ашылды. 1876 жылы Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийдің ұсынысымен Ы.Алтынсарин орыс алфавитімен оқулық жазуға кірісіп, бірнеше ауылдық мектептер ашты. И.Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесінің прогрессивті жақтары болды. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндер де оқытыла бастады. Ана тілінің үздіксіз оқытылу жүзеге аса бастады, оқу құралдарының дайындалуына бағыт алынды.
1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектеп өмір сүрді: қадым мектебі, жәдит мектебі, медреселік білім беру.
Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше.
Ы.Алтынсарин – қазақ хрестоматиясының, қазақ әдебиеті ғылыми пәнінің атасы. Оның «Қазақ хрестоматиясын» (1979) жазудағы еңбегі – оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибе болды. Ол қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш рет енгізді. Ы.Алтынсарин ұлттық талғам мен ізгілікті, озық адамзаттық құндылықтардың қазақ халқының да рухани игілігіне айналуын үйлестіруді мақсат етті. Орыс педагогтары: К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, И.Паульсон, т.б. тәжірибелері Ы.Алтынсарин оқулығында көрініс тапты.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда мектептік білім жүйесінің мынадай түрлері болды:

  1. Ерлер мен әйелдер гимназиялары, училищелер, мұғалімдер семинариялары;

  2. Қалалық училищелер, приходтық училищелер, ауылдық-болыстық мектептер;

  3. Кәсіби оқу мекемелері – мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектептері, фельдшерлік және қолөнер мектебі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет