Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және



бет30/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

14-тақырып. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және
сыныптан тыс жұмыстар



  1. Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстар

  2. Факультатив сабақтардың әдістемесі



Дәріс мақсаты:

  • Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстарты қарастыру;

  • Факультатив сабақтардың әдістемесін түсіндіру.




  1. Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстар

Кітап – баға жетпес байлық. Оған бала жастайынан-ақ үйірсек келеді. Сол қызығушылықты дамытып, балаларды кітаппен достастыру – мұғалімнің міндеті. Мектеп бағдарламасында әдебиет сабағына бөлінетін уақыт пен сыныптан тыс оқу сабағы көркем шығармалардың таңдаулы үлгілерін игеруге таршылық жасайды. Сондықтан сыныптан тыс оқудың қажеттілігі байқалады. Оқушының айтайын деген ой-пікірін дәл жеткізудің басты құралы – оның тіл байлығы. Сөздің кедейлігі көкейдегі ой-пікірді еркін жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұндай қиындықтардың орнын толтыру үшін сыныпта тіл ұстарту, жазба жұмыстары, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сыныптан тыс оқу сабағымен бірге сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы жүзеге аспақ. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар дегеніміз – оқушылардың сабақтан бос уақытын дұрыс пайдаланып, оқу мен тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған шаралар.
Сыныптан тыс оқу дегеніміз – әдебиетті (көркем, ғылыми-көпшілік) оқушылардың мұғалімнің басшылығымен өз бетінше оқуы. Алдамен жеке оқушының жүйелі оқуына, саналы түсінуіне, ата-анамен бірлесе отырып, жас ерекшеліктеріне қарай әсер етіп, дағды қалыптастыру керек. Мұғалім баланың кітап таңдауына көмектесіп, бағыт беріп отырады. Кейбір әдебиеттер бойынша сыныпта әңгіме жүргізеді. Сыныптан тыс оқу сабақтарында балалардың оқыған кітаптарына көңіл бөліп, әңгімелетіп, талқылау ұйымдастырылады.
Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрі – сыныптан тыс оқу материалдарын мектеп ұжымымен немесе сыныптың іс-жоспарымен байланыстыра жоспарлау. Жоспар бойынша орындалатын жұмыстың басым көпшілігі жалпы сабақ жүйесімен байланыстырылмақ.
Оқушылардың сыныптан тыс оқыған шығармалары жөнінде әңгіме жүргізу үшін бағдарламада аранйы сағат бөлінген. Алғашқы ұйымдастыру жұмыстарында түрлі қажеттілікті өтейтін сыныптан тыс оқу бұрышы мен кабинеттік кітапхана ұйымдастырылады. Бұрыш төмендегідей бөлімдерден құрылады: сыныптан тыс оқудың жылдық жоспары, сыныптан тыс оқуға қойылатын талаптар, Ү-ХІ сыныптарға ұсынылатын әдебиеттер тізімі, өтілетін ақын-жазушылардың еңбектері, күнделікті сабаққа қажетті әдебиеттер, газет-журнал материалдары, жуық арада өтілетін диспут, әдеби кеш, конференцияның жоспары, т.б.
Мектеп кітапханасының қатысуымен ауызша журнал шығарып тұруға болады. Журналдың негізгі метериалы – қоғамдық жағдай, әлемде болып жатқан оқиғалар, ғылым мен техника, әдебиет пен өнер туындыларына қызығушылықты ояту. Оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен дайындалу қабілеттерін жетілдіру. Журналдың ерекшелігі – жинақталған хабарларды өздері көп ізденіп, хабарлама мен баяндама, әңгіме түрінде конспектісіз, мәтінге қарап ауызша, көпшілік алдында баяндауында. Журнал: а) тақырыптық, ә) жалпы щолу түрінде жасалады. Журнал 4-5 беттен тұрады. Бас редакторы, әрбір беттің жеке редакторы, көмекшілері болады. Олар әуелі журналдың атын, эмблемасын, девизін (ұранын) ойластырады. Ұйымдастыру кезеңінде мұғалім немесе редактор консультация беріп, әр бетті баяндау үшін 1-2 оқушы дайындайды.
Бұл жұмыстардың көбі әдебиет үйірмесі арқылы жүзеге асады. Үйірме жоспарлы түрде әдеби-теориялық білімдерді меңгерту, көркем шығармаларды талдау, әдеби-шығармашылық қабілеттерді дамытуды жүзеге асырса, бұл жұмысқа әдебиетке қызығушылығы төмен оқушыларды да тартуға болады. Үйірме мүшелері «Білгенге – маржан», «Мақал-мәтел альбомын», «Әрі қысқа, әрі нұсқа» нақыл сөздер жинағын, «Ел аузынан» қолжазба журналын ұйымдастырып, «Әдеби-мәдени жаңалықтар» бюллетенін, әдеби қабырға газетін шығарып тұрады. Үйірме мүшелері, сондай-ақ балалар шығармаларының апталығын, әдебиет апталығын өткізіп тұрады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет